ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Листериоздың клинико-патогенетикалық жіктелуі(А.М.Дмитровский бойынша, 2002 ж.)
*Ескерту: Ауру ананың сүті листериозды анадан балаға жұқтыру фактору болуы мүмкін Сондықтан, листериоздың клиникалық жіктелуі өте күрделі, әлі толық анықталмаған. Бұл мәселе листериоздың клиникалық көріністерінің полиморфты болуына байланысты. Листериоздың клиникалық түрлері: 1) ангинозды-септикалық; 2) көз - бездік; 3) бездік– листериозды паротит кездесуі мүмкін; 4) жүйкелік түрлері (менингит, менингоэнцефалит, энцефалит, психоз); 5) сүзек тәрізді; 6) терілік (жаралық); 7) респираторлы (пневмония, бронхит); 8) абдоминалді; 9) гениталді (уретрит, простатит, сальпирнгоофорит); 10) жүкті әйелдердің листериозы; 11) жаңа туылғандардың листериозы. Листерия-тасымалдаушылық түріде кездеседі. Бұл жағдайда клиникалық көріністері байқалмайды. Ең жиі кездесетін түрі – ангинозды-септикалық. Катаралді немесе фолликулярлы баспа дамиды. Қызба 38,5°С 5-6 күнге созылады. Шеткі қанда өзгерістер анықталмайды. Ауру айығумен аяқталады. Ойықжаралы-үлдірлі ангина тәрізді өтуі мүмкін. Қызба 39°С – 10-12 күнге созылады. Бауыр, көкбауыр ұлғаюы мүмкін. Шеткі қанда – лейкоцитоз, лимфоцитоз, моноцитоз. ЭТЖ жоғарлайды. Ауру сепсиске айналып кетуі мүмкін. Бұл жағдайларда ремиттерлеуші қызба, теріде полиморфты бөртпелер, бауыр, көкбауырдың ұлғаюы, қанда мононуклеарлардың саны өсуі байқалады. Инфекциялық эндокардит қалыптасып, өлімге әкеліп соғуы мүмкін. Бездік түрлері қызбамен, улану симптомдарымен, лимфа түйіндерінің ұлғаюымен және ауру сезімімен сипатталады. Көз-бездік түрі сирек кездеседі. Ауру жануарлар мен қатынысқан кезде дамиды. Конъюнктивит белгелері анықталады. Ерекшілігі конъюнктивада көлемі 3 мм шамасында сарғыш түсті гранулемалар (фолликуллалар) көрінеді. Ортасында листериялар орналасады. Роговица зақымдалмайды. Көз көруі нашарлап, жергілікті лимфа түйіндері ұлғаяды. Шеткі қанда моноцитоз - 10%, лимфоцитоз – 35-50%. Аурудың ұзақтылығы 1-3 айға дейін барады. Жүйкелік түрлерінде менингит, менингоэнцефалит, ми абсцессі дамиды. Ерте жастағы балаларда кездеседі. Менингеалді симптомдары пайда болады. Кернинг, Брудзинский симптомдары байқалып, шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі анықталады. Ликвор мөлдір, қысымы жоғары, белоктың құрамы жоғарлап, қанттың құрамы мен хлоридтер өзгермейді. Серозды менингит іріңді түріне ауысуы мүмкін. Менингоэнцефалит түрінде қосымша жүйкелік ошақты симптомдар байқалады - птоз, анизокория, стробизм, патологиялық рефлекстер. Перифериялық жүке жүйесі зақымдалғанда парездер, салданулар қалыптасады. Кейбір жағдайларда полирадикулоневрит дамиды. Терілік түрісирек кездеседі (№44 сүрет). Қоздырғыштың зақымданған тері арқылы енген кезінде дамиды. Алдымен қышитын дақ, одан кейін папула, әрі қарай везикула пайда болады. Везикуланың көлемі 2 см дейін үлкейіп жарылады. Листериозды жара қызарған жиегімен қоршалған, ауыр сезімі байқалады. Регионарлы лимфаденит қалыптасады. Орташа дәрежеде улану симптомдары байқалады. Сепсис тәрізді түрі өте ауыр түрде өтеді:жоғары қызбаға, айқын интоксикация белгілеріне,гепатолиеналді синдромға әр түрлі ағзалардың зақымдалуы қосылады – полисерозит, гепатит, перикардит және т.б. Жүкті әйелдердің листериозы. Жүкті әйелдер листериоздың кез келген түрімен ауыруы мүмкін. Кейде жүкті әйелдерде босанғанға дейін бірнеше апта бойы түсініксіз қызба байқалады. Кейбір жағдайда жүкті әйелдер жеңіл тұмау тәрізді аурумен ауырады. Сонымен, 137 жүкті әйелдерді көп дүркін (7 рет) тексеру барысында, олардың 60-ның (44%) нәжісінен листериялар бөлінген. Ал өзге тексерулерде листериялар олардың нәжісінің 12% табылған. Жаңа туылғандардың листериозы. Туа біткен листериоз ауыр ағымымен және жиі нәрестенің өліміне әкелумен сипатталады. Іштегі нәресте ауруды жұқтырғанда, ол өлі немесе шала туылады. Интранаталді листериоз 7 күннен бастап дамиды: жиі менингит, менингоэнцефалит түрінде өтеді. Сепсис қалыптасады. Өмірінің алғашқы 2 аптасында өлім жағдайына душар болады. Неонаталді листериоз өте ауыр түрде өтеді. 2-3 күннен кейін қызба, улану симптомдары, пневмония, ауыр дистресс синдром қалыптасады. Аурудың бұл түрі септикалық-гранулематозды деп аталған. Аурудың негізгі белгілері: қызба (38-39°С), демікпе, көгеру. Сыртқы тыныс алу жолдарымен қатар, өкпе де зақымға ұшырайды. Бауыр ұлғайып, сарғыштану пайда болады, қөк бауырдың ұлғаюы сирек кездеседі. Экзантема да білінген. Экзантема кеуде мен аяқ-қолда орналасады. Басында қоңыр-қызыл дақ пайда болып, одан әрі олар папулаға айналады. Жазылғаннан кейін 15-20% сауыққандарда орталық жүйке жүйеде резидуалді құбылыстар сақталады. 1 айға дейінгі емшектегі балаларда листериоздың пайда болуы, «жаңа туылғандардың листериозы» тәрізді өтеді. Егер жұғу босану кезінде болса, онда жаңа туылғандардың листериозы, босанғаннан 1-4 аптадан кейін клиникасы көрінеді. Листериоздың жиі түрі - менингит. Бактериалді менингиттің 1% оқиғаларында Listeria monocytoqenesанықталған. Кейде кенеттен неврологиялық симптомдар пайда болады немесе энцефалиттің клиникалық көрінісі дамиды. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|