Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тірек сөздер: ономастика, география, топоним, антропоним




Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының құрылуына А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, оның ономастика бөлімінің тікелей қатысы болды. 1983-89 жылдары тарихи атауларды қалпына келтіру, географиялық атаулардың бұрмаланып, қате жазылып жүргендерін бірізге, жүйеге түсіру, кейбір атауларды өзгерту жайлы жоғарғы басшы, билік орындарына еңбекші халықтан талап-тілектер көптеп түсіп жатты. Республикалық бұқаралық ақпараттарда бұл жайында мақалалар жүздеп шығып жатты. Бірақ та жоғарғы жақта отырған лауазымды басшылардан ешқандай жауап болмады.

Желтоқсан оқиғасынан соң бұл жайлы пікір айту да өте қиын жайт еді.Оның үстіне бұл кезде қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілуі жайында да айтыс-тартыстың қызып тұрған кезі болатын.

Ауыр да қиын жағдайды сезе отырып, ономастика бөлімі, оның меңгерушісі ф.ғ.д., профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Т.Жанұзақов тәуекелге бел буып, Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы Председателінің орынбасары В.В.Сидороваға Мемлекеттік ономастика комиссиясын құрудың қажеттілігін, оның мақсаты мен міндетін, мемлекеттік мәні мен маңызын кеңінен сипаттап хат жазды.

1989 жылы 30 қарашада Жоғарғы Кеңес мәжілісінде Т.Жанұзақов баяндамасы кеңінен талқыланып, Қазақстан Үкіметі жанынан Мемлекеттік ономастика комиссиясын құру, оның жұмысын Ұлттық Ғылым академиясының А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты атқару жайлы шешім қабылданды. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің осы шешіміне сәйкес Қазақ ССР Министрлер советі 20 сәуір 1990ж. №156 санында Мемлекеттік ономастикалық комиссия құру туралы қаулы қабылдады. Онда комиссия құрамы, комиссияның ережесі қоса бекітілді.

«Қазақ КСР-індегі мемлекеттік және әкімшілік-территориялық бірліктердің атауларын реттеудің, елді мекендердің аттарын өзгерту және тарихи, географиялық атауларын қалпына келтірудің тұжырымдамасы» бойынша:

1. Республикада топонимикалық объектілерге жаңадан атау беру, қайта өзгерту және оның аттарын жақтылауды түбегейлі бекіту осы атаулардың дәреже-деңгейіне қарай мемлекеттік ономастикалық комиссияның алдын-ала жасаған қорытындысына байланысты: бір жағдайда облыстардың, аудандардың, қалалардың, қала үлгісіндегі поселкелердің, селолардың аттарын өзгертуді Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, екінші жағдайда министрліктердің, ведомстволардың, мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің, колхоздар мен совхоздардың, мәдени ағарту мекемелерінің және басқа да объектілердің аттарын өзгерту жөніндегі шешімді Қазақ КСР Министрлер кабинеті қабылдайды. Елді мекендердегі көшелерге, алаңдарға, скверлерге ат қою немесе олардың аттарын өзгерту жергілікті Кеңестердің құзырында.

2. Ең алдымен Қазақстан картасында патшаның отарлау саясатын жүргізуге, сондай-ақ коллективтендіру кезіндегі асыра сілтеушіліктің, жеке адамға табынудың, волюнтаризм мен тоқырау кезеңінің нәтижелеріне байланысты географиялық, әкімшілік-территориялық объектілер мен елді мекендердің атаулары жойылып, ежелгі жергілікті атаулармен ауыстырылуы тиіс.

3. Ғасырлар бойы қалыптасқан жергілікті ежелгі географиялық атауларды, қалалардың, поселкелердің, селолар және ауылдардың атауларын әр түрлі себептерді желеу етіп ведомстволардың, министрліктердің, ұйымдардың және жеке адамдардың өзгертуіне қатаң тыйым салынады. Ол атаулар қазақ халқының баға жеткісіз рухани байлығы ретінде мемлекет қорғауына алынады. Оларды қайта атау тек ерекше жағдайда ғана, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің және Министрлер Кабинетінің шешімі бойынша Мемлекеттік ономастикалық комиссияның қорытындысынан кейін ғана өзгертіледі.

Қазан социалистік революциясынан кейін Қазақстанда пайда болған жаңа географиялық, әкімшілік-территориялық және басқа да объектілердің жаңа атаулары жергілікті жерлерде ономастикалық комиссиялар осы тұжырымдаманың негізінде жүйеге түсіріп, қайта қарайды және ретке келтіреді. Бұл орайда мынадай негізгі алғышарттар басшылыққа алынады:

а) қазақтың ежелгі топонимдері, олардың мағыналық мазмұны, пайдалану және қайталану жиілігі, қазақ тілінде дұрыс жазылуы, орыс және басқа тілдерде транскрипциялануы есепке алынады;

ә) әкімшілік-территориялық және территориялық-өндірістік бірліктердің, сондай-ақ көшелердің, алаңдардың, мекемелердің аттарында шектен тыс саясаттандыруға және идеологияландыруға жол берілмейді;

б) қазақ топонимдерін басқа тілдерде еркінше және бұрмлап басқа тілдің үлгісімен жазуға немесе транскрипциялауға тыйым салынады. Барлық жаңа ұлттық атаулар қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің нормаларына сәйкес беріледі және хатталады, ал орыс транскрипциясы олардың неғұрлым дұрыс жазылуын қамтамасыз етеді.

4. Әкімшілік-территориялық құрылымдарға тарихи тұлғалардың, ғылым, мәдениет және әдебиет қайраткерлерінің есімін беру немесе оларды қайта атау кезінде мынаддай принциптер ескеріледі және сақталады:

а) республикалық, облыстық және аудандық бағыныстағы тарихи немесе ежелгі қалаларға, қала үлгісіндегі поселкелерге аса көрнекті тұлғалардың есімі берілмейді, ал бұрын берілгендері өзгертіледіІ

ә) мұндай есімдер арнаулы қаулымен тек қалалық және селолық аудандарға, көшелерге және алаңдарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және басқа да жаңа объектілерге беріледі;

б) ең алдымен Қазақстанның тарихына, ғылымына, мәдениетіне және әдебиетіне тікелей қатысы бар адамдардың есімі беріледі;

в) бір есімнің көп дүркін қайталануына және көбйіп кетуіне жол бермеу мақсатымен олар территориясында үш объектіден артығына берілмейді.

5. Республикада жаңадан құрылған әкімшілік-территориялық және территориялық-өндірістік құрылымның атаулары мен олардың атауындағы мүмкін болатын өзгерістер оларды ұйымдастыру туралы тиісті қаулымен бірге белгіленеді.

6. Ономастиканың тарихи, лингвистикалық және ғылыми принциптерінің ықтимал бұзылуына жол бермеу үшін құрылған әкімшілік-территориялық және территориялық-өндірістік бірлікті атау туралы, сондай-ақ әр түрлі объектілердің атын өзгерту және қайта атау, соның ішінде тарихи атауын қайтару туралы даулы мәселені Қазақ КСР-інің Мемлекеттік ономастикалық комиссиясы шешеді.

7. Қазақ КСР географиялық атауларының номенклатурасы және карталардағы, атластардағы және туристік маршруттар схемасындағы, сондай-ақ жаппай пайдалану үшін шығарылатын басқа анықтамалқ материалдардағы олардың орысша дұрыс транскрипциясы міндетті түрде Республикалық ономастикалық комиссиясымен келісілуге тиіс және баспасөзде жариялануға тек оның келісімі алығаннан кейін ғана жіберіледі.

8. Республикада ономастикалық объектілердің атауын ретке келтіру жөніндегі барлық өткізілетін шаралар ономастика, география, социология, геодезия және басқа ғылымдар саласындағы мамандардың тиісті түсіндіру жұмысымен, республикалық және жергілікті баспасөз беттерінде қажетті материалдар жариялаумен бірге жүргізіледі.

28 ақпан 1995 ж. Қазақстан Республикасында ұлты қазақ азаматтардың аты-жөнін реттеу тұжырымдамасы ұстанымдары.

Қазақстан Республикасындағы ұлты қазақ азаматтардың аты-жөні екі немесе үш мүшелі антропонимиялық жүйе бойынша төмендегі ұстанымдар негізінде қолданылады:

- есімі, әкесі (отчествосы), тегі (фамилиясы).

- есімі, әкесі немесе тегі.

1. Кезінде қазақтардың дәстүрлі аты-жөніне үстемдік-әкімшлік жолымен еріксіз телінген орыс тілінің –ов, -ев, -ова, -ева, -ин, -н, -на, -ина сияқты аффикстері қолданыстан алынсын; -ович, -евич, -овна, -евна орнына –ұлы, -қызы қолданылып, бірге жазылсын.

2. Барлық ресми (паспорт, куәлік, аттестат, диплом, еңбек кітапшасы, т.б.) құжаттарда аталмыш жүйе сақталып, бірінші орында – есімі, екінші орында - әкесі, ал үшінші орында тегі жазылатын болсын, мысалы:

Оспан Омарұлы Бәйкен

Сәуле Мәдиқызы Жолай

3. Басқа бейресми жағдайлардың бәрінде екілік және үштік антропонимиялық жүйе бойынша азаматтарға аты-жөнін өз қалауына орай - өз есіміне әкесі мен тегінің бірінің қосып қолдануына болады, ал қысқарған (инициал) нұсқада өз есімі мег әкесінің атының бастапқы әріптері қалдырылып қолданылады.

 

Дәріс №2






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных