ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тірек сөздер: прецеденттік, перемиология, фразеология, антропонимҰлт тарихындағы маңызды оқиғалар тілдің құжаттық, мәдени танымдық қызметінің негізінде фразеологиялық, паремиологиялық жүйеде, көне мәтіндерде тарихи есімдер арқылы таңбаланып, халық жадында сақталады. Ерекше ұлттық мазмұндық сипаттағы, мәдени ақпараттық мәні басым бұл атаулар тіл білімінде прецеденттік деп анықталып, тіл мен мәдениет сабақтастығында қарастырылады. Мысалы, Ердің соңы – Есет, пірдің соңы – бекет, Асанқайғыға салыну. Тіл арқылы мәдениетті тану қызметіне байланысты зерттеуші Г.Мәдиева бұл атаулардың мәнін төмендегідей бағалайды: «К ядерным элементам национальной когнитивной базы относятся прецедентные имена, которым принадлежит одна из ведущих ролей в накоплении и передаче культурной информации, понимании определенной ситуации и целого комплекса ассоциации, которые возникают при актуализации прецедентного имени в речи». Прецеденттік антропонимдер халқымыздың ұшқыр ойы мен даналығынан туған бай ауыз әдебиеті мен шежіре тарихынан алынған фольклорлық мәтіндерде тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, наным-сенімге қарай бірнеше топқа бөлініп қарастырылады. Мысалы, мифтік бейнелер: Әзірет әли, пайғамбарлар (Дәуіт, Мұса, Сүлеймен), Қанбақ шал, Қыдыр ата; Ел аузындағы есімдер: Асан қайғы, Аяз би, Қорқыт, Қобыланды, Толағай; Қасиетті пірлер мен әулиелер: Бибі Фатима, Қожа Ахмет Иассауи, Ұмай ана; Тарихта болған тұлғалар: Абылай хан, Қасымхан, Есет батыр; Әдеби мәтіндердегі персонаждар: Дайрабай, Мырқымбай (Б.Майлин), Судыр Ахмет (Ә.Нұрпейісов); Ойдан шығарылған аттар: Алтай, Қамбар, Шығайбай, Тоңқылдақ т.б.; Осы тектес антропонимдер мақал-мәтелдерде, жұмбақтарда, қанатты сөздерде, бата сөздерде, нақыл сөздерде көптеп кездеседі. Мысалы: Түгел сөздің түбі бір, Түп атасы Майқы би Майқы би – ел билеген көсем, басынан сөз асырмаған шешен Аңыз бойынша Орманбет би қайтыс болған соң қазақтарды үш жүзге бөлген осы Майқы екен. Жұрт оны «Қарқуардай Майқы» деп, таңның атысы күннің батысы талмай шырылдайтын құсқа теңеген. «Майқы айтты» деген сөздің көпшілігі халық даналығына айналып кеткен. Аяз би, әліңді біл, Құмырсқа жолынды біл. Аяз би - Жаманұлы данышпан, шешен, ертедегі кейіпкері, атақты Майқы бидің қабырғалы биінің бірі. Бірде Құмырсқа батыр екеуі Майқы бидің алдын кес кестей беріпті Сонда Майқы би: Билер, бүгін Мақының алдын кесесің, Ертең жұртың төбесін тесесің. Майқының да айтатын кебі бар, Айтуға аузының да ебі бар. Аязби, әлінді біл Құмырсқа, жолынды біл деген екен. Бұл мақалдың философиялық мәні қандай да болмасын биікке шыққан адамның, бақдәулетке мастанбай, тура жолдан таймай, таза ақырын жүруге тиіс. Ұмайға табынса, ұлды болар Түркі жұртында Ұмай - жер ана нәрестелердің қамқоршысы, шаңырақтың, ошақтың киесі қолданушысы деген түсінік бар. Сондықтан бала көтермеген әйелдер Ұмай анаға жалбарынып, бала сұраған. Көне ескерткіштерде «Ұмай текті шешем қатып құтына, інім Күлтегіннің ер атағы шықты» деген сөйлем кездеседі. Сәбиді шомылдырып, сылау кезінде «менің қолым емес, Ұмай ананың қолы» деп кие тұтып, табынған. Қайда барсаң да Қорқыттың көрі Қорқыт VІІІ ғасырда жасаған мәшһүр ақын, күйші, ойшыл, данышпан адам болған. Қорқыттың әдеби-музыкалық мұрасы тек қазақ халқы емес, бүкіл түркі тектес халықтарға ортақ асыл қазына. Қорқытқа байланысты аңыз әңгімелер, жырлар «Қорқыт атаның кітабы» деген шығармада толық берілген. Қайда барсаң да Қорқыттың көрі Бұл мақал Қорқыт бабамыздың мәңгі жасауды армандап, ажалдан қашып, дүниенің төрт бұрышын кезген көрінеді. Өлімен қалай қашса да, алдынан қазулы ор шыға берген. Қайда барса да «Қорқытқа қазылып жатқан көр» деген сөзді естіген. Осыдан «Қайда барсаң да Қорқыттың көрі» деген нақыл сөз шыққан. Қарынбай малға тоймайды, Лұқпан жасқа тоймайды деген мақалда Қарынбай (Харун) мен Құранда аты кездесетін Лұқпан пайғамбардың жасаған дәуіріне, іс әрекетіне байланысты. Қарынбай - қазақ фольклорындағы көзі тоймайтын сараң, қарау байдың бейнесі. Құрандағы Харун туралы аңызға байланысты қалыптасқан. Харун жетім-жесірге қайыр садақасы жоқ, қолда бар байлығын нысып етпейтін адам. «Тәңірі» Харунның сараңдығын сынау үшін оған Мұса пайғамбарды қайыршы етіп жіберіпті. Харун қайыршыға бір тал қыл ғана садаққа бергені үшін, аңызда ол «құдайдың» каһарына ұшырап, оны жер жұтады, малдары түгел жабайы аңға айналып кетеді. Харуынды тозаққа түсетін жолда қайыр ретінде тал қылы ұстап қалады. Қазақ аңызында Харун есімі Қарынбай болып, оқиға желісі өзгерген. Араб ғалымдары Лұқпан хакімді Мұхаммед пайғамбарға дейінгі уақытта өмір сүрген Йемен патшасы, бірде әулие, бірде құл деп көрсетеді. Құранда Лұқпан пайғамбар ислам дінін уағыздаушы және мұсылманшылықты насихаттаушы ретінде баяндалады. Орта ғасырда араб ғалымдары Лұқпан хакімді болған кісі, Мысырда құлшылықта болған ақын деп баяндаған. Кез келген атауды, қалай болса солай атауға болмайды. Егер халық қабылдап мақұлдап, бойына сіңіріп алса ғана дұрыс атау деуге болады. Уақытша ғана аталған атаулардың мәні жоқ, елеулі әлеуметтік оқиғамен байланысты атауларды, халық қабылдайды. Әлеуметтік оқиға және сол оқиғадағы тарихи тұлғаларына байланыстыра кісі есімдерін қойяды. Мысалы, Жеңіс, Кенес, Батыр, Мырзат, Шынғысхан, Жәнібек т.б. Қазақ тілінің сөздік құрамындағы ғажайып сырлы атаулардың бір саласы фольклор кейіпкерлерінің есімі. Халықтың ауыз әдебиетіндегі ертегі, аңыз, өлең, жыр үлгісіндегі көптеген кейіпкерлердің есімі беріледі. Олар Қожанасыр, Алдаркөсе, Ер Төстік, Балуан шолақ, Ходжа Насредин, Қанбақ шал, Алпамыс батыр, Қыз жібек пен Төлеген, Қозы Көрпеш-Баян сұлу т.б. Бұл есімдер кейіпкерлердің мінез-құлықтарын, образдарын көрсетеді. Мысалы Қожанасыр десек, осы есімді кісі аңыздағыдай аңқау, аққөңіл. Сонымен аңқау, сенгіш адамдарды кейде Қожанасыр деп те атайды. Ал қу, айлакер адамды Алдаркөсеге теңейді. Қазақ халқында махабат символы деп Қыз Жібек пен Төлеген немесе Қозы Көрпеш-Баян сұлу осы ғашықтардың есімдерімен байланысты айтады. Ономаст-ғалымдар жалқы және жалпы есім арасында болатын ауысу заңдылығын тілге тән құбылыс ретінде зерттеп, оны онимизация және деонимизация тәсілі негізінде қалыптасқан деп қарастырады. Осымен байланысты Т.Жанұзақ, Қ. Рысберген көркем әдебиеттегі басты кейіпкерлер дің жалқы есімдерінің жалпы мағынаға ие болуын тілдің танымдық қызметімен байланыстырады. Мысалы, Қарабай, Қарынбай, Шығайбай, Мырқымбай, Қожанасыр, Жантық тағы басқаларды мәдени таңба ретінде прецеденттік ұғым беретін атаулар деп қарастырылады. Түркі халқының, оның ішінде қазақ халқының поэтикалық шығармаларындағы прецедентті есімдерін қарастырған Г.А.Қажығалиева, Г.Б.Мадиева, Г.К.Исанғалиева, С.К.Иманбердиева. Орыс тіл білімінде Ю.Н.Караулов, Ю.А.Сорокин, В.Г.Костомаров, И.В.Захаренко т.б. зерттеулер жүргізіп отыр. Прецедентті есімдер жөнінде Ю.Н.Карауловтың айтуынша: «Сонымен қатар прецедентті мәтінді (есімдерді деп атау С. Иманбердиванікі) тек көркем шығармамен байланыстырып зерттеу дұрыс болмас, өйткені мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, олар көркем шығармаға түспес бұрын миф, аңыз, әңгімелерде қолданылды, екіншіден қазіргі кезде көркем шығармамен бірге діни, сонымен қатар халық ауыз әдебиеті (ертегі, мақал-мәтелдер, т.б.) және тарихи- философиялық пен саяси публицистикалық шығармалар да прецедентті мәтін қатарына жатады деді. Осыған дәлел С. Иманбердиеваның мақаласындағы поэтикалық шығармаларға, фразеологизмдерге, мақал-мәтелдерге, ырым-сенімдерге келтірген прецедентті есімдерге мысалдары: Фразеологизмдердегі прецеденті есімдер: 1. Аллаға шүкіршілік қылуы; 2. Алланың жазған парманы; 3. Атымтай [-дай] жомарт 4. Алла құдай бағын ашты. Аталған фразеологизмде құдіретті күшті Алла тағаланың пендесіне деген жақсылығы мен пәрменін көрсетеді. Сонымен бірге аты жомарттығымен әйгілі болған Атымтай образды тура мағынада берілген. Мақал мәтелдегі прецедентті есімдер: 1 Атымтайдай жомарт бол, Наушарбандай әділ бол. 2 Сүлеймен пайғамбар мың жасапты, Әр мәжілісін бір жасқа санапты. 3Талап пендеден, жеткізу Алладан. 4 Алла деп барсаң, аман келерсің.
Атымтай, Наушарбан прецедентті есімдерді қай қасиетімен ерекшеленетіні мақал мәтелде көрсетіледі. Ырым сенімдегі прецедентті есімдер: Ассалаумағалейкум, Адыраспан! Бізді сізге жібереді емдік үшін Омар, Оспан. Омар, Оспан образдары күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті тұлға, жәрдем етуші бейнесінде қолданылады. Сонымен автордың қорытындысы келтірген прецеденттті есімдерге жасаған талдауында конфессионалды Алла, пайғамбар қадір тұтатын есімдер қазіргі кезде шығармаларда, фразеологизм, мақал-мәтел, ырым-сенімдерде кеңінен қолданылады. Ал, ғашықтық символы болып табылатын Ләйлә, Мәжнүн, Xұсрау, Шырын, Фархад есімдері көркем шығармаларда қолданғанмен, қазіргі заманның ғашықтық символы Қыз Жібек пен Төлеген, есімдермен алмастырылған. Күш, қуат иелері Әли, Рүстем сынды тұлғалар да Қажымұқан, балуан Шолақ т.б. есімдермен заманына сай алмастырылған. Өлдің, Мамай, қор болдың. Мамай - Алтын Орданың қолбасшысы және Әбілқайырдың немере інісі болған. Мамай батыр Руське аттанған жорықта Куликово шайқасында жеңіліп, Кафаға қашады сол жерде дүниеден өтеді. Тірісінде ел билеп, батыр атанып, көзі жұмылғасын аты да, атағы да өшеді.. Бұл мақал Мамай батырға байланысты туғанмен, келе-келе адам баласының бәрін де қатысты мәнде жұмсалады. Оның астарында адам атының да, затының да мәңгілік емес екендігі деген тұжырым жатыр. Сол сияқты мақал-мәтелдер сияқты даналықтан туған, өсиет мәнінде айтылатын әсерлі ой түйінділерде, ел арасында таралған, көбінесе өмірде болған, елге ерекше еңбегі сіңген, даңқы жер жарған тұлғалар туралы нақыл сөздерде: Абылайдың асында шаппағанда, Атаңның басына шабасың ба. Абылай - Орта жүздің ханы болғанымен, Ұлы жүз бен Кіші жүзге ықпалын жүргізген, бүкіл қазақ халқын біріктіруге күш салған қайраткер, ақылды дипломат, батыл қолбасшы болған. Абылай хан дүниеден өткеннен кейін, үш жүздің баласы бас қосып, үлкен ас беріліп, 40 атқа бәйге тігілген. Тарихта ең ұлы ас осы болған, одан кейінгі астарда ешкім де 40 атқа бәйге тігіп көрмеген. Бұл сөздің қазақ халқына кең тарағаны соншалық, нақыл сөзден мақалға айналып кеткен. Абылайдың атына байланысты тілімізде «Абылайдың ақ туы, «Абылай аспас бар ма асу». «Абайдың ақ туы», бір тудың астына жиналу, яғни бірлікті, бірігуді» білдіретін символдық ұғымға айналған. Аспанға ұшсам, қанатым талады, Жерге түссем, Жалайыр Шора алады. Ұлы жүз үйсіннен Абақ, Тарақ ұрпақтары тарайды. Тарақ балуан кісі болған, асаудан құлағанда, аттың жалын айырып түсіпті, Содан «Жалайыр» атаныпты Атақты құсбегі Шора осы Жалайыр ұрпағынан, оның құс біткеннің торына шырмалдыру шеберлігіне тәнті болған халық осы сөзді айтып бүркіт біткен уайымға түседі, деп шығарған екен. Дәріс № 13 Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|