ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Киелі есімдердің этимологиясыҚазақ киелі лексикасын (агитопонимдерді) арнайы қарастырған Қ.Рысбергенова, Р.Мұстафина, А.Керімбаев т.б. Киелі адамдар атауларына жататын сөздер лексика-семантикалық тұрғыдан екі топқа бөлінеді: 1) киелі антропонимия 2) жалпы сөздер – әулиелер атаулары. Киелі антропонимия – әулиелердің жалқы есімдерінің құрамындағы антропонимдердің саны өте көп, оларды Р.Мұстафина негізгі 8 категорияларға жіктеген. Олар негізінен әулие сопылар есімдеріне қатысты аңызға ұқсас көптеген шежіре аңыздарда, әңгімелерде қолданылады. Осы әулие сопылар есімдерінің басты ерекшелігі – олардың көбісі лақап аттар болуында. Сопы әулиелер есімдері көптеген аңыздармен тығыз байланысты, онда олардың табиғаттан тыс қабілеттері сипатталады, кей жағдайларда белгілі бір киелі есімнің халықтық этимологиясы беріледі. Мысалы, әулие сопы Қарабура есімнің шығу тегі (этимологиясы) былай түсіндіріледі: «Оңтүстік Қазақстанда әулие Қарабураның, дәлірек айтқанда Бурахан әулиенің күмбезі бар. Жергілікті шырақшының әңгімелеуі бойынша, Қарабураның шын – аты Бурахан адзар. Ол атақты Қараханның үзеңгілес серігі болған. Қарахан ислам дінін алғаш қабылдаған қарахандықтар әулетінің негізін қалаушы, Әулие Атада (Жамбыл) жерленген. Бурахан Ақтан – сопы әулиенің ұлы, оның бейіті Қызылорда облысында. Бураханның кең түрде танымал болуы оның бүкіл қауымға Қожа Ахмет Иасауиді «қара бураға мінген адам жерлеуі керек деп ескерте отырып, өзінің жерлеуіне қатысты аңызбен байланысты. Бұл адамнан басқа бір де бір адам әулиенің денесіне саусағын тигізбеуі керек. Солай болды да. Қожа Ахмет Иасауи қайтыс болған соң, үстіне ақ жауып, жанына әулиені жууға арналған қара құмыра байланған ноқтасыз түйе мінген адам пайда болды. Ол жаназа оқып, басқа да тиісті жөн-жоралар жасады. Сосын ол адам Түркістаннан оңтүстікке қарай бет алды. Сол уақыт аралығында ол нәр татпады. Елді мекенге келісімен жуынып-шайынып сол жерде қайтыс болады. Бурахан көз жұмған жерден сәл арырақ орынға жерленіп, бейітінің үстіне күмбез орнатылды. Шын атын білмейтін жұрт оны Қарабура деп атап кетті. «Бура – еркек түйе, ал қара – оның түсі». Осы сөздерінен әулиенің аты қалыптасты. Бұл әулие туралы екінші болжам бойынша, Қарабура қазақтың Тама руынан шыққан деп есептеледі. Ол бір түйемен Түркістандағы Қожа Ахмет Иасауи әулиеге он түйеге артарлықтай сексеуіл жеткізеді. Сондықтан да оны Қарабура деп атап кеткен». Ертедегі ислам тарихындағы әулиелер мен құрандық пайғамбарлар есімдері қазақ батырлық эпостары, фольклордың магиялық жанрлары мәтіндерінде кездеседі. Осы кеткен қозымды Алланың досты Мұхамбет Тек тапсырдым қолына. Қол иесі, Қамбар ай, Шөл иесі, Қамбар ай. Қамбар өзің қолдасың, Қолдамайтын кім бір ай. Кітаптардың ішінде Қырық пайғамбар аты бар, Қырда Қияс пайғамбар, Ойда Илияс пайғамбар, Сізден басқа кімім бар Алпыста анам Аналық Бибібатимаға тапсырдым. Қазақ киелі лексикасында әулиелер аттары агиотопонимдер – киелі орындардың жалқы географиялық атаулары ретінде жиі қолданылады. Тірі кезінде сыйынып-табыну көзіне айналған әулиелердің о дүниелік болған соң нағыз әулиелігі, киелігі арта түседі, жерленген орындарында адамдар зиярат етеді. Мысалы: Ташкент обылысындағы Зеңгі ата, өз өлкеміздегі Ысы ата, Ер Дәуіт, Шаймерден, Жабай ата, Ыбырайым ата, Қарашаш ана, Көз ата, Тас бабалар, Қыз ана, Фархад ата, Әліхан ата, Арыстан бап, Лашын бап, Құрбан ата, Қожа Ахмет Иассауи, Гауһар ана, Үкаш ата, Шахан ата, Жылаған ата, Баба Түкті Шашті әзіз, Қарабура, Созақ Қаратауындағы 41 белгісіз әулие, Баба ата, Домалақ ана, Сыланды ана, Ысмайыл ата, Ерназар ата және т.б. Киелі антропонимдердің келесі бір лексика семантикалық тобын кәсіп мамандық жебеуші иелерінің есімдері құрайды. Бұл есімдердің бірқатары құрандық әулиелер, пайғамбарлар немесе ертедегі ислам тарихындағы әулиелердің есімдері болып табылады. Мысалы ислам пайғамбарлары ішінде Дәуіттің аты темір ұсталары мен қару-жарық жасаушылар иесінің аты Кердәуіт ретінде белгілі. Мұхаммед пайғамбардың қызының аты – Фатима (қаз. Батпа, Бәтима, Патима, Бибіпәтима) қазақ фольклоры мен халық санасында босанатын әйелдері желеп жебеуші ретінде көрінеді. Қазақ киелі лексикасында егіншілік пен егіншілердің жіберуші пірі Диқан баба антропонимі кездеседі. Қазақтардың егіншілік салттарын зерттеген Ж.Кармышева былай дейді: «Каким другим видом хозяйственной деятельности казахов, земледелию приписывалось сверхестественное происхождение, связь с особым божеством, патроном аграрных работ. В Средней Азии, где земледелие возникло и развивалось среде оселдлых ираноязычных народов, покравителем земледелия и первоучителем земледельцев почитался мифический персонаж святой Бабой Дехкан (Дед-Земледелец) и покланялись ему, пока вели свое единоличное хозяйство по старинке, на общинных землях, при общинном пользовании поливной водой. Казахские земледельцы – егінші – также почитали мифического Деда-земледельца и обращались к нему при всех важных начинаниях в годичном цикле земледельческих работ». Қазақтың табыну фразеологиясында да сол сияқты Диқан баба киелі антромонимі қолданылады: Диқан баба берекесін берсін, Диқан баба қолдай гөр Бұл фразеологизмдерде бата-тілектік сипат бар. Тұқым себер алдында егінші-қазақ Диқан бабаға сыйынады: Бісміллаһир-раһман-ар-рахим Я, Диқан баба! Құрт-құмырсқа, Жан-жануардан қалғаны менікі! Қазақ киелі сөздерінің «Киелі, қасиетті адамдар» лексика семантикалық тобын мынандай микротопқа бөлінеді: 1) Бейнелері ертедегі ислам тарихымен байланысты әулиелер аттары; 2) сопы әулиелер аттары; 3) ру, тайпа басшыларының киелі антропонимдері; 4) әулиелердің киелі аттары (олар жерленген киелі орындар) 5) кәсіп-мамандық жібеуші иелерінің аттары. Сонымен, қазақ киелі антропонимдері дегеніміз бұл пайғабарлардың, сопы әулие аттары, яғни қасиетті адамдардың есімдері. Көптеген қазақ есімдерінің архетиптік сипатын олардың мифтік таным деңгейінде, соған сәйкес тууымен түсіндіруге болады. Мысалы, эпоста кездесетін Құртқаның шешесі Көктен кемпір, Баба түкті Шашты Әзиз бейнелері исламға дейінгі мифологиялық кейіпкерлер болып табылады. Осындай мысалдарды қазақтың рухани мәдениетінен көптеп кездестіруге болады. «Архетип» ұғымын ғылымға енгізген – К.Г. Юнг. Оның пікірі бойынша, мәдени тұлғаның рухани-шығармашыл қазынасын қауымдық тылсым құрастырады. Осы көмескі сананы, тылсымның құрылымдық бөліктерін архетиптер деп атайды. Оларға адамның рухани өмірін априорлы (тәжірибеге дейін) қалыптастыратын және оның іс-әрекетін, мінез-құлық жүйесін жалпылама анықтайтын құндылықтар қисыны жатады. Осының негізінде адамда «мендік» сезім, этноста ортақ уақыттық-кеңістік өріс пайда болады. Сонымен белгілі бір мәдениеттің архетипіне оның өзіндік болмысын неғұрлым бойына толығырақ жинаған, салт-дәстүрлік және өзіндік сана ерекшеліктерін қалыптастырған және дербес жүйе ретінде өркениеттер сұхбатында орын алған мәдени түпнұсқа жатады. Қазақ мәдениетінің архетиптік батырлық уақытынан келген маңызды бейне – Қорқыт ата халық жадында терең ұялаған. Барлық түрік халықтарына ортақ мәдени мұра – «Қорқыт ата кітабында» VIII-IX ғасырларда сыр өзенінің бойын мекендеген оғыз-қыпшақ тайпаларынан шыққан, атақты жырау, бақсы, күйші және философ Қорқыттың өмірі мен шығармашылығына байланысты мәселелер сөз етіледі. Қазақ аңыздары бойынша, Қорқыт ата өзінің желмаясына мініп алып, халыққа мәңгілік бақыт әкелетін Жерұйықты іздеген. Ол өте маңызды философиялық мәселе – өлім мен өмірдің мағынасы туралы, шектілікті жеңіп шығудың жолдары жөнінде талай тамаша пікірлер айтады. Мәңгі өмір іздеген Қорқыт үнділік Будда сияқты қайғы-қасіреттен жай ғана құтылуға болмайтындығына көзі жетеді, қайда барса да, көр қазып жатқандарға жолығады. Енді ол мәңгілік өмірді қобыз сарынан іздейді. Ең ақырында қобыз күйімен көз жұмып, артындағы ұрпақтарға өлмес күйлерін қалдырады. Түрік халықтарының мәдениетінде аспанмен қатар оның шырақтары да құдай деңгейіндегі құдіретті, қасиетті құбылыс деп танылған. Бұл мағынады, әсіресе, күннің атқаратын рөлі ерекше. Ертедегі миф-аңыздардың, ертегілердің кейіпкерлерлерін Күнсұлу, Күн астындағы Күнікей және т.б. деп бекер атамаған. Бұл мәдениетті солярийлік (күндік) деп атауға негіз жеткілікті. Археологиялық және этнологогиялық деректер Күн мен Адамның тығыз байланысын көрсетеді. Мысалы, Саймалы-таш, Тамғалы, Ешкі өлмес аңғарларында көптеген басы күн тәрізді құдайлар мен адамдардың петроглифтік суреттерін ғалымдар тапқан. Күннің нұры сияқты ұшқын шашқан дөңгелек басты антропоморфтық кескіндер тасқа қашап салынған. Күнді құдай ретінде бейнелеу Шығыстағы көне өркениеттерге тән құбылыс. Қазақстан жерінде табылған солярийлер (күн тәрізділер) Ирандағы Бехистун жартасындағы Ахура-Мазда мен Митраның кескіндеріне ұқсас антропоморфтық бейнелер екендігі ғылымға белгілі. Арыс өзенінің бойындағы Алтын төбеде көптеген «алтынбастылардың» кескіндері бейнеленген. Кейінірек бұл бейне аспан құдайы – Көк Тәңірінің негізі болды. Ерте заманнан бұл құдайлар магиялық мақсаттарда қолданылған. Азиялық өркениеттерде күнмен қатар қастерленген аспан шырағы ай болған. Ай көне түрік мәдениетінде Күннің орынбасары, сұлулықтың таңбасы, көп мұраларда әйел құдай ретінде танылған. Көшпенділер үшін де айдың маңызы зор болған. Даладағы малшылар қараңғы түнде айдың тууы мен батуын бақылаған, одан өздерінше қорытынды жасап, жыл мезгілдерін айырц есебін шығарған. Олар жаңа туған айдың күн сайын көлемінің кемитінін, ақырында «таусылып» – «өліара» келетінін білген. Бұл кезде ауа райы өзгеріп, ғылыми тілмен айтқанда, циклон басым болады. Халықтық дүниетаным айдың климатқа тигізетін әсерін жақсы білген. Алайда, айдың басты символдық ерекшелігі оның күн мен түннің арасындағы алатын орнына қатысты. Күн батып кеткенімен, нұр (ізгілік, жылулық, сәуле) жеңілмейді. Аспанға күннің ізбасары (дублері) ай арасындағы тартыс ғарыштық сипатқа ие болады. Шоқан Уәлихановтың пікірі бойынша, қазақтар айды құдай тұтқан. Бұл көне дәуірден келе жатқан дәстүр. Мысалы, Қаратау тауларындағы жартастығы суреттер көзәйнек тәріздес қосылған жұп адамдарды бейнелеген. Осындай таңбалар ішкі Монғолиядан да табылған. Сондағы адамдардың бастары дөңгелектің бірінен сәуле шашып тұрса, екіншісі ондай емес. Бұл белгілі бинарлық оппозицияны (күн мен ай) білдіреді. Ай мен күнді қосып тұрған сызық адамдардың «қасиетті жолы» деп аталады. Күн мен айдың қатарласуы әлемдік мәдениетте кең таралған идеяның бірі. Мұсылмандық әлемде ай діни таңбаға айналған. Мұсылмандық әлемде ай діни таңбаға айнлаған. Бұл жерде ескертетін бір жайт бар. Ай символикасы мәдени гомогендік дәстүрмен тығыз байланысты. Ол аруақтар дүниесімен жалғастыратын беліг болып табылады. Мұсылман зираттарына ай белігісін қою ұрпақтар, дәстүрлер сабақтастығын көрсетеді. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, ай әдемілік пен сұлулықтың белгісі болып табылады. Айсұлу, Айбарша, Ай-Таңсық, Айшат т.б. антропонимдермен қатар, қазақ эпосында сұлулық, нәзіктік Ай мен теңестіріледі: «Туған айдай толықсып, бұралып кете барады» (Қыз Жібек), «Жалғыз қызы Гүлбаршын – он бесте толған ай еді» (Алпамыс), «Жақсы Ай – Күндей, жарығы әлемге бірдей» (мақал). Дәріс №15 Тақырыбы: Этнонимдер мен антропонимдердің сабақтастығының Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|