Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тірек сөздер: онимдер, лексика, этноним, космоним, зооним




Жалқы есімдер-ономастика-тілдің сөздік қорына тән, лексиканың күрделі саласы. Тіл-тілдегі онимдердің барлығы да сөздік қорымыздағы жалпы есім сөздерден жасалады. Сондықтан да олар тілдің ішкі заңына бағыныпғ басқа сөздер сияқты тілдік нормаға тән келеді. Олай болса, жалқы есімдердің лексикалық құрамын жіті зерттеп, ғылыми талдау жасау, олардың әр дәуірге тән қабаттарын анықтау күрделі де маңызды мәселелердің бірінен саналады.

Ономастиканың қай тармағы болмасын тілдік (лексика-грамматикалық, фонетикалық) табиғаты жағынан біркелкі емес. Сондықтан да олардың құрамында таза қазақ (жалпы түркілік) сөздерден бөлек, шет тілдерден енген (араб, парсы,моңғол,орыс т.б.) қабаттар бар. Әсіресе түсінегі қиын саналатын лексикалық қабат өз алдында бір топ. Бұлар негізінен тым көне дәуірлерге (орал-алтай тіл бірлестігі кезеңіне) тән болуы да ықтимал.

Ономастикалық лексика құрамындағы осындай лексикалық қат-қабаттар мен сырға толы қалың қатпарларды ғылыми жүйеде жүктеп, толық та жан-жақты талдау барысында ғана олардың құпия жайын аша аламыз.

1.Тілімізде қалың жұртшылыққа мән-мағнасы түсініксіз, шығу тегі белгісіз антропоним топонимі этноним және космонимдік лесикалар жүздеп кездеседі.Бұлардың құпия сыр-сипатын ашып анықтау үшін халқымыздың көне тарихына зер салып, үңіле ізденуіміз керек. Өйткені тіліміздегі жүздеген ономастикалық көне лексималардың рулық, тайпалық және тайпалық одақтармен ұштас екені даусыз мәселе болса керек. Сол дәуірлерден сақталған атаулардың тарихы дөңгелегімен ілесе жүріп, қазіргі дәуірге жеткені, қартайып, мүжіліп, түрлі өзгеріске ұшырап келгені кімге болсада аян. Сондықтан да ол лексикалық топтар халық, қоғам тарихымен, тарихи-мәдени оқиғалармен сабақтас та ұштас, берік байланыста жатыр.

Ономастикалық топтардығы көне лексикалық қабаттарды айқындау-тіліміздің тарихын арғы, ескі замандарға барып тірелетінін, тарихымыздың тым көнелігін көрсетер жарық айна. Қазіргі ономастикалық лексика қабаттарының бір сарасы Орал-Алтай дәуіріне, одан кейін көне түркі тіліне тән тікелей қатысы болса, көпшілігі ортағасырлық түркі тілдеріне, оның ішінде,оғыз,қыпшақ тілдердегі лексикалардан жасалған болып табылады. Сонымен қатар араб,парсы,моңғол, орыс тілдеріндеегі алуан түрлі лексикалық топтардан жасалған атаулар да аз емес.

Қазіргі Қазақстан жерінде қазақ халқын құрған, қазақ халқының арғы ата-бабалары саналатын тайпалар мен тайпалық одақтар өмір сүріп, тіршілік еткен. Тарихи деректердегі мәліметтерде Жетісудың шығысынан батысына, Сырдарияға дейін үйсіндердің біздің жыл санауымыздан бұрынғы II-I ғасырларда өмір сүріп, тіршілік еткені мәлім. Ол деректерді атақты синолог Я. Бичурин, Н.В.Кюнер және Ш.Ш.Уалиханов еңбектерінен анық көреміз.

Үйсіндердің тілі түркі тілдес болғаны, лд кезде Үйсіндермен қатар Қаңлылардың да дербес мемлекет болып, ғылыми тұрғыдан толық дәлелденіп отыр. Сол кездегі Үйсін және Сақ мәдениеті жөнінде белгілі археологтар К.Ә.Әкішев. пен Г.А.Кушаевтердің «Древняя культура саков и усуней далиный р.Или» атты 1965ж.жарияланған еңбектерінде толық деректер берілген.

Қоғамның өсіп-даму,өзгеруіне байланысты бұл тайпа тілдеріде өзгеріп, ескі сөздер тілдік қолданыстан шығып, жаңа дәуірлерде жаңа сөздер еніп, толысып байып отырды. Бірақ та тілдік актив запасы үздіксіз өзгеріске түсіп, өсіп, дамып отырғанымен оның пассив запасы жалқы есімдердің (ономастика) кейбір салалары көп өзгеріске ұшырамай,тұрақты түрде сақталып, біздің дәуірімізге жетті.

Көне заманнан,атап айтқанда,V-XII ғасырлардан келе жатқан қазақ тайпалары алшын,қыпшақ,арғын,найман,қоңырат,адай,керей,дулат,албан,суандар т.б. еді. Бұл тайпалардың бәрі де тайпалық диаклетіде, ортақ түркі түрінде сөйлеген болатын.Осы тайпалардың негізінде XVғ. Аяғы XVIғ. Басында қазақ халқы,қазақ тілі қалыптасты.

Қоғамның өсіп дамуы,өзгеруіне байланысты бұл тайпа тілдері де өзгеріп ескілірі тілден шығып қалып,жаңа дәуірлерде жаңа сөздер еніп,байып отырды.

Бірақта тілдің актив запасы өзгеріске түсіп отырды.

Тіліміздегі түсінігі қиын жалқы есімдердің тағы бір тобы скиф,сармат,соғды тілдерінен енген сөздер тобына қатыстылар болуы мүмкін.Олар ұрпақтан-ұрпаққа,ауыздан-ауызға тарай отырып,түр-тұлғасынан айырылып,ірі фонетикалық өзгеріске түсу арқылы бастапқы мағыналарын жоғалтып отырған.

Ондай жалқы есімдердің этимологиясын ашу,талдап саралау қиынға соғады.

Түсінігі қиын ономастикалық лексикаларды антропоним,топоним,космоним,этнонимдер құрамдарының көптеп кездестіруге болады.

А)Антропонимдер. Абасан,Абылай,Абылан(ов),Алпамыс,Батық,Бодан,Орсақ,Бөжей,Бөкей(ев),Бүке(ев),Бұқас,Дайыр,Дабай,Дамай,Дәркей.

Ә)Топонимдер. Алтай,Ертіс,Есіл,Ембі,Каспи,Аса,Арыс,Асы,Хантәңірі,Іле,Текес,Кенгір,Ырғыз,Обаған,Тобыл,Ойыл,Қиыл,Сырдария,Қастек,Қаскелен,Дегерес,Торғай т.б.

Б)Космонимдер.

Космонимдердің(Ай,Аспан,Жұлдыз атайлары)көне дәуірден бары екенің бәріне аян.Күні бүгінге Ай,Күн,Жұладыз,Аспан,Көк тәрізді атау сөздердің бастапқы мағынасы түсініксіз әрі белгісіз болғанымен жалпы заттық мағынасы түсінікті тұрады.

Ай, жыл атауларының көбісі ескі, көне сөздер қатарына тән болғандықтан Ғ.Мұсабаев оларды архоизимге жатқызады да: «Айдың ескі аттарының бәрін қазақ халқы ұмытқандықтан, олар сөзсіз архоизмге жатады. Бұл атаулардың көпшілігінің этимологиясы белгісіз» - деп жазады.

Автордың ескі ай аттары ретінде көрсеткендері мыналар: Отамалы, Зауза, Көкек, Шілде, Тамыз, Қыркүйек, Қазан, Қараша, Желді, Тоқсан, Қаңтар, Ақпан, Наурыз. Бұл ай аттары орнына кейіннен араб ай аттары айтылатын болған. Олар: Хәмәл (ар. Чәмәл), Сәуір (ар.Сәйяр), Зауза(ар. Мизам), Ақраб (ар. Әкрәб), Желді(ар. Желды),Дәлу(ар. Дәлв),Хут(ар. Худ).Бұл ай аттары Кеңестік дәуірде (1920-1922жж.) орыс тілінде айтылып келсе,еліміз тәуелсіздік алып,дербес,мемлекет болғаннан бері қазақша,бұрынғы тарихи атауларымен аталып отыр.

Ш.Уәлиханов өз еңбегінде жұлдыздар туралы,олардың шығу тарихы мен мән-мағынасы жөнінде жан-жақт толық пікір айтты.Әсіресе Аспан,Ай,Үркер,Жетіқарақшы,Шолпан т.б. атаулар туралы толық талдау пікір айта отырып, олар туралы халық ұғымы мен наным-сенімдер де мол хабар береді.Ғалымның терең де парасатты ой-талғамдарынан халқымыздың космология жайлы ұғымдарын,астрономиямен ерте заманнан таныс екенін аңғарамыз.Өйткені қазіргі заманда бізге жетіп отырған космонимдік атаулар талай ғасырдың жемісі.Ол халық тарихы,халық тілімен тікелей байланысты.Олардың бәрі бірдей біздің халық болып қалыптасу дәуірімізде пайда бола қоймаған.Керісінше,көне ежелгі замандарда,қазіргі түркі тілдес халықтар біртұтас ел болып тұрғанда,тіпті одан да арғы дәірлерде пайда болған.

Космонимдердің лексикалық құрамы мен құрыылмы тегі жағынан әр алуан.Олардың бір парасы жоғарыда көрсеткеніміздей,мән-мағынасы күңгірттеген ескі,көне лексикалық топтарды құрайтын болса,басым көпшілігі ана тіліміздің байырғы төл сөздерінен, ал шағын, аз бөлігі араб, иран орыс сөздерінен қойылып отырған.

Қолда бар нақты материалдарды топтастырғанымызда төмендегідей:

1. Ана тілімізге тән космонимдер: Ай, Күн, Жұлдыз, Темірқазық, Жетіқарақшы, Құйрықтыжұлдыз, Сарыжұлдыз, Ақпажұлдыз, Қызылжұлдыз, Құсжолы, Қырыққарақшы,Теке, Сүмбіле, Жарықжұлдыз. Ай фразалары: Толы ай, айтолысы, ай арасы, ай қорғалады; күн түрлеріне байланысты: күн тұтылды, күн тоқырау, күн шықты, күн нұры, күн көтерілді, күн ашық, ашық күн, күнбатыс, күншығыс, күншуақ.

2. Араб, парсы сөздерінен қойылған космонимдер: Аспан, Әуе, Балпан, Сүмбіле, Зухра, Таразы(Жұлдыз) т.т.

3. Орыс тілінен және орыс тілі арқылы шет тілдерден енген космонимдік атаулар: Вега, Капелла, Метеор, Планета, Космос, Плеяда, Марс, Сатурн т.б

Космонимдердің жасалу үлгісі жалқы есімдердің (антропоним, топоним, этноним т.б) басқа түрлерімен ұқсас, сәйкес келеді. Олардың құрамында бір сөзден не екі, үш болмаса төрт сөздің тіркесуі арқылы жасалғандары да жоқ емес.

Космонимдердің жасалу тәсілдерімен қатар морфолгоялық құрылымы және олардың шығу төркініғ яғни этимологиясы тілдік, тарихи-этнографиялық сыр-сипатқа толы.

В) этнонимдер:

Этнонимдер әрбір дәуірдегі қоғамның даму сатысын оның иделогиялық жағдаяттарының тарихи көрінісін, тілдік негізін білдіретін құнды материал болып табылады. Сондықтан да ол тарих, этнография, философия және лингвистикалық тұрғыдан жан-жақты зерттеуге қатысы бар бай мұра бар.

Адамзат қоғамының өткендегі тарихи даму сатысына зер салсақ, қоғамдық бірлестіктердің алғашқы формасы ру, тайпа болғандығы мәлім.Ру,тайпа,тайпалық одақ,халық және ұлтын шығу,қалыптасу,даму кезеңдері-теориялық және практикалық мәні ерекше,тарихи-этнографиялық әрі фәлсапалық ірі проблемалар.

Этнонимдер тіл тарихи үшін аса қажетті, құнды материал болып саналады. Тіліміздегі этнонимдердің лексикалық құрамы әр түрлі. Оның ішінде ерте заманда, ортағасырлардағылармен қатар кейінгі жаңа дәуірде пайда болғандар саны аз емес. Біздегі ру мен тайпа, тайпалық одақ атауларының ішінде өз табиғаты мен тілдік сипаты жағынан ежелгі замандарға қатыстыларды да көп. Тілдіміздегі этнонимдердің басым көпшілігі халық тілінен, оның ішінде антропонимдерден қойылып отырған. Сондықтан да этнонимдер құрамында антропонимдердің саны басым болып келеді. Осымен қатар этноантропонимдер мен этнотопонимдердің де бары айқын.

Қазақ халқының қазіргі қазақстан жерін ғасырлар бойы мекендеген әр түрлі этникалық топтардан құрылғаны тарихымыздан белгілі. Оның құрамына біздің дәуерімізден бұрынғы III-II-I ғасырларда өмір сүрген қаңлы, үйсін, қыпшақ, алшын, I-XII ғғ. Жалайыр,адай, дулат, арғын, найман, керей, қоңырат сияқты тайпалардың тарихта ізі қалса, Қараханид дәуірімен Қарлұқ, Оғыз, замандарындағы ру, тайпалардың және кейбір моңғол тайпаларының ауысуы тарихи деректерден мәлім. Олар туралы орта ғасырлық тарихшылар Рашид-ад-дин, Әбілғазы баһадүр, Мырза Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыри деректерінен анық көреміз.

Көне этнонимдерді әуел баста «кісі», «адам» деген мағынынадағы жалпы есім сөздерден қойылғаны бұрынғы ғалымдар еңбегінде айтылғаны мәлім. А.Н.Кононов «түрік этнонимі түркі тілдеріндегі «кісіә», «адам», яғни toro «туу» деген мағынаны білдіретін сөз» деген пікірді ұсынады. Немістер өздерін deutsch «адам», «халық», ненец этнонимі «адам», американ индеецтерінде: мохечан-« теңіз жағасындағы адам, халық», омаха-« өзен ағысы бойындағы халық» деген мағналарында қойылған деушілер бар.

Бұл пікірлерге қарағанда тіліміздегі үйсін этнонимін «адам», «ел», «халық» мәнін білдіретін атау болар деп болжаудың реті бар сияқты. Атаудың бірінші сыңары уй-үй ой сөздері арқылы жасалған этнонимдер түркі-моңғол тілдерінде ерте замандарда кездесетінін дәлелдейтін деректер аз емес. Мәселен, ойрат, оймауыт, ойгар(ұйғыр), ойсын, үйсін сияқты этнонимдер: көне түркі тайпап атаулары. Бұл этнонимдер сынарларындығы ой сөзі «орман», «тоғай» деген мағынаны білдірсе, оның екінші құрамындағы сын-сін, шын сөздерінің түпкі мағнасы орал-алтай тілдерінде «халық», «ел» мағналарына білдіретін сөздер болған.

Ең алғашқы,бастапқы қоғамдағы ру,тайпа аттарның көне типі сол тайпалар көшіп-қонып жүрген тау,өзен,көл, сай-сала аттарынан қойыылған,яғни топонимиялық тип деген пікірдің бары ла бнлгілі.Алғашқы ру,тайпа аттарының енді бір шығу тегі жағынан тотем мағынасын білдіретін сөздер болған.

Ондай тотем атаулардың көне түркі,қазақ тайпалары мен тайпалық одақтарында болғаны аян.Мәселен, бұқа,шұбарайғыр,бура,теке,аю т.т. қазақ ру,тайпаларында болса,қырғыздар буру,беро (бөрі), жагалмай,бағыш(сар бағыш,қара бағыш),торуайғыр, башөқрттарда Айыу,йорман( суыр), бәсей(мысық).йылан т.т.

Шығу тегі көне этнонимдердің бір тобы-лақап этнонимдер.

Мысалы: қара қаңлы,сары үйсін,шанышқылы,байұлы,таз,жетіру,қара қыпшақ,қаракесек,семіз найман,жуанбұт найман,шымыр көкірек,шуылдақ,алғалы,қайшылы,ошақты,ойықты,шимойын,момын,жеті момын,қарауыл,сасық,құйысқансыз,жаулы,сарықасқа(Рысбай),төртқара,ақкепе т.т.

Ру аттарының антропонимдерден (кісі аттарынан) қойылуы әсіресе орта ғасырға және кейінгі дәуірлерде,XVII-XVIII ғасырларда тым басым болғаны күні бүгінде жарық көрген көптеген шежіре кітаптарынан анық байқалады.Алайда ру атымен аталудың тоқталуы,руға бөлінудің жойылуы XVIII ғасырлың екінші жартысынан тодастағаны тарихи деректерден толық байқалады.

2.Қандай халық, ел болмасын, оның сөздік қоры көптеген ғасырдың төл жемісі болып саналады. Олардың құрамына төл сөздермен қатар екінші бір тілдерден енген кірме,бөгде сөздер болады. Басқа тілдерден сөз қабылдау қазақ тіліне де тән құбылыс.

Араб, парсы тілінің сөз байлығы негізінде тікелей жасалған немесе ол тілдерден тілімізге енген ономастикалық лексемалар аз емес.

Араб, иран тілдерінен енген антропонимдер мен топонимдер тіліміздің заңына бағынып, алуан түрлі фонетика-морфологиялық өзгерістерге ұшырап отырады. Олардың аббревиатура, ассимиляция, аккомодация, апокопа,гаплология жолдарымен субстуацияға түсетінін байқау қиын емес.Екі я үш компонеттерден жасалған кісі аттарының бастапқы немесе соңғы компонеттернінің түсіп қалуы арқылы(апокопа)өзгеруі де жиі кездеседі.Масыла: Сәду(Сәдуақас),Сәкен(Сейфолла),Сейіт(Сейітбаттал),Әсет(Әсетолла),Гүлсім(Үмігүлсім),Бәдеш(Бәдігулжамал) т.т. Бұл өзгерісті дыбыстардың яки буындардың түсіп қалуынан гаплологиялық өзгерістерге ұшырайды.Мысалы: Рашид (Рашид-ад-дин), Шайхы(Шайх-ул-ислам), Нәсірден (Наср-ад-дин)т.б.

Дыбыстық өзгеріске ұшырау әсіресе жергілікті халық сөйленістеріндегі есімдерде басым болады.Оңтүстік Қазақстан тұрғындарының тілінде билабиаль «б» және мұрын жолды сонор «м» орнына катаң «п» әрпін қолдану жиі ұшырайды.Ол жерлерде Мақтагүл есімі Пақтагүл Болат орнына Полат Бәсен-Пәсен деу бар.Әдеби тілдегі еріндік «ү» дыбысы айтылған орындарда қысаң «ы» дыбысын алмастыру әсіресе Шығыс Қазақстан тұрғындары тілдеріне жиірек.Мысалы: Мықа,Мырат,Мысатай(Мұқа,Мұрат,Мұсатай орнына).

Кісі аттарына тән дыбыстық өзгерістердің көбі с/ш,с/з,к/г дыбыстарының алмасуымен байланысты кездесіп отырады. Мысалы: Әбілпейіз( Әбілпейіз), Гүлтай (Күлтай), Гүлжамал (Гүлжамал).

Араб, иран тілдерінен енгендердің халықтық этимологияға түсуі,әсіресе диалектілік ерекшеліктерге байланысты түрлі вариантта айтылуы көп ұшырайды (Ғали, Қали, Әли, Әлі, Алы; Жүніс, Жүсіп, Жүсіп, Жүсып, Түсіп, Дүсіп, Нүсіп; Батима, Фатима; Айша, Ғайша, Қайша). Көптеген есімдер тілімізге бейім болмағандықтан, сыңарларының бірі айтылмай, әдейі түсіріліп отырады (Зүгілмәлік – Зүпән, Үмігілсім- Гүлсім, Бәдігүжамал-Бәдеш,Бейсенғали-Бейсен, Ахметолла-Ахмет) т.т.

Дұоыс айтпау немесе қате жазу салдарынан фонетикалық варианттапр мен дублеттер және жарыса қолданушылық пайда болған (Ыдырыс,Едіріс, Ідіріс;Ескендір, Іскендір,Ысқақ, Искак, Сқақ, Махамбет, Мұхамбет, Жанпейіс, Жампейіс,)т.т.

Алайда араб,иран тілдерінен енген сөздер мен кісі аттарының, этнонимдердің, фонетикалық сәйкестігін өз алдына зерттеу аса қажетті сияқты.

Иран тіліндегі және кейбір дауыссыз дыбыстар қазақ тіліндегі сәйкес дыбыстармен алмасатыны байқалады. Иран (тәжік) тілдеріндегі еріндік о дыбысы қазақ тіліндегі ашық дауысты езулік а, ә дыбыстарымен алмасады. Мысалы: тәжікше Достон, Мырза, Мардан,Зибо, Шоқназар, Мардон, Озот қазақ тілінде Дастан, Мырза, Мардан, Зиба, Шахназар, Мардан, Азат, тұлғаларында айтылып жазылады.

Артқы қатарлы а дауысты дыбысы қазақ тіліндегі алдыңғы қатарлы езулік ә және е дыбыстарымен алмасады. Бұл құбылыс көбіне біріккен тұлғалы кісі аттарында жиі ұшырасады.

Араб тіліндегі келте дауысты о дыбысы қазақ тіліндегі еріндік ө, о, ұ, ү дауыстыларымен алмаса алады, немесе сәйкес келеді. Араб тіліндегі Ғомр бізде Өмір, Өміржан,Мұхаммед бізде Мұқамбет, Қорбан-Құрбан, Қодай- Құдай, Мослим- Мүсілім, т.б.

Сол сияқты араб, иран тілдеріндегі созылыңқы дауысты и орнына қазақ тіліндегі ы, і, ү дауыстылары сәйкеседі. Оны иран тіліндегі Шоди, Пироли, Мерзо- тіліміздегі Шөді, Пірәлі, Мырза болып атауынан араб тіліндегі Абди- Ғалим есімдерінің қазақша Әбді, Ғалым, Әзіз болып таңбалануыынан байқалады.

Созылыңықы дауысты у орнына қазақ фонемаларын ы, ү, ұ, о сәйкес келеді. Арабша Харун, Қабул, Рустам- бізде Харон, Қабыл, Рүстем тұлғаларында айтылады.

Алайда араб, иран тілдерінде а дауысты дыбысы, көптеген кісі аттарында, өзінің бастапқы қалпында өзгермей қалғаны байқалады. Ондай есімдер мен топонимдер және этнонимдер тілімізде жиі ұшырайды. Азамат, Ақат,Алмас, Арзу, Асқат, Аршат т.б бұның толық айғағы.

Дәріс №8






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных