ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тірек сөздер: ономастика, этнограф, филолог, антропонимТілдердің қай-қайсысында болмасын сөздер үлкен екі топқа бөлінеді. Олар-жалпы және жалқы есімдер. Жалқы есімдер тілдегі жалпы есімдердей құрылысы мен қолдану жүйесіне және мағыналық ерекшелігіне қарай әр түрлі. Ономастиканың адамзат қоғамында маңызы зор, үлкен рөл атқарады. Ономастика-түркітануда жаңадан қолға алына бастаған екен,келещегі мол, жас ғылым. Ғылымның бұл саласының өзіндік зерттелу тарихы, ғылым ретінде даму жолы, негізі бар. Қазақ тіліндегі, жалпы түркі тілдеріндегі ономастиканың зерттеу жайын сөз еткенде, ең алдымен, орыс тіл біліміндегі ономастиканың зерттелу тарихы түркі тілдерімен салыстырғанда тым әріден басталады. Оның түркі тілдеріндегі ономастиканың зерттелуіне жол ашып, әсер еткені шүбәсіз. ХVIII ғасырда орыс есімдерін зерттеумен тек тарихшы,этнографтар шұғылданса, XIX ғасырдың басынан бері филологтар зер салуда. Ұлы орыс ғалымы М.В.Ломоносов жалқы есімдер мен жалпы есімдердің байланысын байқап, поэтикалық-көркем тілдегі жалқы есімдердің кейбір ерекшеліктерін көрсетті. Орыс тіліндегі жалқы есімдерді зерттеу осы кезден бастап қолға алынған еді. 1813 жылы Россияда орыс есімдері бойынша Е.В.Болховитинов жазған тұңғыш еңбек жарық көрді. Автор бұл еңбегінде орыс тіліндегі төл есімдердің қойылу заңын,ондағы әдет-ғұрыптарға ерекше назар аударды.Осымен қатар басқа елдерден енген есімдер,есімдердің құрылысы мен типі тәрізді мәселелер де бар. Ол кезде орыс есімдері жөнінде белгілі филологтар Я.К.Грод, И.И.Срезневский т.б. ғалымдар аса назар аударып,зер салды.Оны зерттеу жөнінде пікірлерін айтып,ой салды. Орыс антропонимиясын алғаш рет зерттегендердің бірі,тұңғыш орыс есімдері сөздігінің авторы-М.Морошкин.Ол өз сөздігінде аса бай материалдар бере отырып,орыс есімдерінің құрылысына,әлеуметтік сипатына,тілдік материал екендігіне көбірек көңіл бөлді[2].Өте құнды пікірлер А.Балов, М.Харузин, Н.П. Лихачев мақалаларында және Е.П.Карнович кітабында жарияланып отырады.1903 бұрынғы материалды жинақтай келіп, Н.М.Тупиков орыс есімдерінің көлемді сөздігін шығарады. Сөздікке христиан есімдерінен бөлек, таза орыс есімдері енген.Автор орыс есімдерін тек тарихи хронологиялық жоспарда,тарихи-этнографиялық тұрғыдан алып қарайды.Н.М.Тупиков сол кездің өзінде-ақ орыс есімдерін лингвистикалық тұрғыдан талдау керек деген пікір айтқан.Н.М.Тупиковтың бұл еңбегі орыс есімдері жөніндегі маңызды да,күрделі еңбектерінің бірі. ХХғасырдың бірінші жартысында академик А.В.Соболевский өзінің жазған көптеген мақалаларында орыс есімдері фонетикасының күрделі процестері туралы айтқан еді. Советтік дәуірде орыс ономастикасы туралы күрделі зерттеулер, онымен шұғылданушы ғалымдар саны көбейіп, өсіп отыр.Бұл күндері орыс ономастикасына арналған жүздеген мақалалар,ондаған монографиялық зерттеулер мен сөздіктер жарық көрді.Олардың бәрін бірдей талдап,сипаттау арнайы шұғылдануды қажет етеді. Сондықтан ең басты еңбектерге шолу жасап,оқушыларға таныстырып өтуді орынды санаймыз. Профессор А.М. Селищев өзінің словян тіл білімі жөніндегі зерттеулерінде әсіресе онтропонимикаға өте зер салды. Ол «Қазіргі кездегі орыс тілінің очеркі»атты үлкен еңбегінде «Фамилиялар мен есімдердің ауысуы»атты тарау жазды. Бұдан кейінгі жылдар жазған еңбектерінде де орыс антропонимдерінің әлеуметтік аспектін филологиялық түрде талдады.1950 жылы шыққан В.К.Чичагов монографиясына дейін күрделі, жинақты еңбегінде жоқ болатын.Бұл еңбегінде автор ХIV-XVII ғасырлардағы көптеген антропонимиялық материалдарды топшылай отырып, А.М.Селищевтің пікірін дамыта түседі.Автор фамилиялар мен әке атының шығу тарихын, християн және орыс есімдері арасындағы жағдайды толық баяндап берді. Орыс тіл білімінде бұл күнде ономастиканың салалары-зоонимия,астрономия,этнонимия және антропонимика проблемаларын зерттеу мәселесі жолға қойылып отыр. Игі талаптың нәтижесінде соңғы оншақты жыл ішінде ономастиканың әсіресе антропонимиканың алуан түрлі мәселелеріне арналған,практикалық әрі теориялық мәні бар еңбектер жарық көрді. Мұндай зерттеулер санатына көптеген ғылыми мақалалар, ғылыми еңбектер, кітапшалар, ономастикалық сөздіктер мен топонимикалық,этнонимикалық еңбектер тән. А.В.Суперанская көлемді монографияларында ономастиканың көптеген практикалық әрі теориялық мәселелерін қамтып,өз дәрежесінде дұрыс шешіп берген. Орыс тіліндегі жалқы есімдердің екпін мәселесінде топонимдермен қатар антропонимдердің(әке аты,фамилия,лақап есімдердің)қазіргі орыс тіліндегі жайын нақтылы дәлелдер арқылы көрсетіп отырады. Автор шығыс халықтарынан араб,иран есімдірін,Балтық жағалауындағы және Индия,Қытай,Корей т.б көптеген халықтар есімдерінің қазіргі орыс тіліндегі екпін жүйесіне көңіл бөледі. Бұл тәсіл топонимика бөлімінде де аталады. Жер жүзі халықтарының топонимикалық атауларын орыс тілінде дұрыс айтып, дұрыс таңбалау принципін ғылыми жүйеде баяндайды.Автордың екінші көлемді еңбегі-жалқы есімдердің құрылысы туралы. Бұл ретте кісі аттары мен жер-су атауларының морфологиялық және фонетикалық құрылысын,олардың жасалу заңдылықтарын,модельдерін жазғанын көреміз. Л.М.Щетинин кітаптарының алғашқысы-жалқы есімдерге арналған очерк. Екіншісінде кісі аттарының тарихына тоқтап,кейбіреуіне жеке талдау жасаған. Автор кісі аттары мен жалпы есім сөздердің байланысына ерекше тоқталады. Осымен қатар,әке аттарының,фамилиялардың қалыптасу,шығу жолын баяндаған. Бұл екі кітапта көптеген нақтылы материалдармен қатар тұжырымды ойлар, әр қилы болжаулар, орыс есімдерінің тарихынан көптеген мағұлматтар бар. Кітапта берілген статистикалық анықтамада 1922-1965 жылдардағы құжаттардан алынған кісі аттары алфавттік тәртіппен беріліп, олардың қаншалықты кездесетіні көрсетілген. Егер Дон қазақтарының есімдері мен фамилияларында кездесетін чуркизм туралы еңбекте біраз айтылған болса, өте орынды болар еді. Өкінішке қарай, автордың бұны ескермегені байқалады. Орыс тіл білімінде ономастиканың жан-жақты зерттелу тарихы, қазіргі кезде ғылым ретінде дамуы туысқан республикалардың тіл мамандарына да зор әсер етті. Қазақ тіліндегі кісі аттары (антропонимдер) жөнінде Октябрь революциясынан бұрын бірлі-жарым мақалалар жазылғаны мәлім. Қазіргі кезде ол жөнінде монографиялық еңбектер мен мақалалар, сөздіктер жарыққы шықты. Әлбетте мұның бәрі орыс ғылымының игі әсерінің, озық үлгісінің жемісі екені даусыз. Одақтас республика ғалымдары қаламынан шыққан еңбектерден ономастика ғылымы тіл білімінің үлкен бір саласы ретінде өркенлеп, дамып келе жатқанын көреміз. Бұл жөнінде әсіресе украин ғалымдары аса көп еңбек жасап, өнегелі үлгі көрсетуде. Ғылыми журналда мен газет беттерінде жарияланған мақалаларды айтпағанның өзінде, ондаған ионографиялық еңбектер мен таныстырып өтудің өзі-ақ жеткілікті. Белоруссия ғалымдары мен молдаван тілшілері де соңғы жылдары ономастиканың антропонимика саласы бойынша біраз еңбек жасады. Осының нәтижесінде мамандар саны көбейе түсті. Балтық жағалауындағы Эстония,Латвия,Литва және Кавказ республикалары бастапқы кезде жұмысты есімдер сөздіктерін шығарудан бастаса,бұл күндері көлемді ғылыми мақалалар,көпшілікке арналған есімдер туралы кітаптар шығаруда. Жалпы тюркологияда,оның ішінде қазақ тілінде,күні бүгінге дейін ономастикалық еңбектердің библиографиялық көрсеткіші асалған жоқ. Соның салдарынан қажетті еңбектерді тауып оқу көп реттерде мамандарға,курстық,дипломдық жұмыстар жазатын студенттерге қиындық туғызып жүр. Ал ондай библиографиялық көрсеткіш жасалса мамандар мен көпшілік қауым үшін де пайдасы зор екенін айтпасақ та түсінікті. Біз бұл шолуымызда күллі тюркологиядағы еңбектерге тұтастай тоқталмағанмен, олардың ең негізгі,басты саналатындарын атап өтіп,қысқаша болса да талдау жасауды мақұл көрдік. Қазақ есімдері туралы мақа лалар ХІХ ғасырдың екінші жартысынан шыға басаған. Ондай алғашқы мақалаларға А.Е.Алекторовтың, А.Диваевтың мақалалары жатады. Бұның екеуі де көлемі жағынан тым шағын, пікірлері де жұтаң еді. Бірақ алғашқы бастама ретінде олардың маңызы зор,аса жоғары бағаланады. Батыс қазақтарының этнографиясын зерттеген ғалымдар Р.Карутц,Р.Н.Харузин,А.Аристов еңбектерінен де кісі аттарына,ру,тайпа,жер-су аттарына байланысты материалдар барын көреміз. Қазақ ономастикасы туралы кейбір пікірлер, азды-кем этимологиялық талдаулар В.В.Бартольд,Ш.Ш.Уалиханов,В.И.Даль,Н.Ильминский,А.И.Самойлович еңбектерінде де кездесіп отырады.Бірақ оны ғылым ретінде терең зерттеу,жолға қою жұмысы қолға алынбаған еді.Қазақ ономастикасы Советтік дәуірде,қазақ тіл білімінің қауырт дамуымен байланысты ұдайы зерттеліп келеді. Профессор Қ.Жұбанов «Қазақ сөйлеміндегі сөз тәртібінің тарихынан» деген тамаша еңбегінде біріккен тұлғалы кісі есімдерінің синтаксистік құрылысына ерекше назар аударып,жан-жақты талдау жасайды. Автор біріккен тұлғалы кісі аттары компоненттерінің орын тәртібін,синтаксистік құрылысын тексере отырып,олардың тілдік,грамматикалық құрылысының даму жайын,өзгеру сатысын,сонымен қатар бұл жөнінде бірден-бір құнды материал болатындығын көрсеткен. Тіліміздегі Қойлыбай,Малдыбай тәрізді есімдер мен Жылқыбай,Сиырбай,Түйебай секілді есімдердің мағыналық әрі құрылымдық жағынан бірдей еместігін аса көрегендікпен байқаған.Мұндағы лингвистикалық заңдылықтың сөз тәртібіне,олардың орналасу принципіне сай болатыны еңбекте терең талданады. Жоғарыдағы біріккен тұлғалы есімдердің компоненттеріндегіт бай сөзінің, біріншіден, мағынасына байланысты, екіншіден, зат есім не сын есім ретінде қолдануына орай, бірінші не екінші компонентте тұратынын көреміз. Ғалымның бұл еңбегі қазақ антропонимика тарихында мәні зор тұңғыш еңбек санатына қосылады. Кісі аттары мен фамилиялары туралы алғашқы мақалалардың бірі профессор І.Кеңесбаев қаламынан туған еді. Бұл мақалада қазақ есімдерінің дара, біріккен тұлғалары, араб-иран тілдерінен енгендер, фамилиялардың қосымшалары және олардың жазылуы, орфогрфиясы сөз болады. Кісі аттарының cөздік қорға тәндігі, жеке зерттеу объектісі болатыны және оларды шығу, қойылу ретіне қарай топтастыру, жіктеу мәселелерін профессор С.Аманжолов мақаласынан да көреміз. Көне түркі есімдері жөнінде профессор Ғ.Мұсабаев, Ғ.Айдаров өз еңбектерінде көптеген материалдар берген[. Тілдегі сөздер мен кісі аттарының жасалу заңдылықтарындағы ұқсастық, ондағы кішірейткіш, еркелеткіш, ұлғайтқыш жұрнақтардың қызметі, өзіндік ерекшелік сипаттары бар. Тілдегі осы өзекті мәселеге профессор Ғ.Мұсабаевтың «Қазақ тіліндегі кейбір кішірейткіш жұрнақтар» атты мақаласы арналған. Автор кісі аттарындағы еркелеткіш, қан, жан, тай тәрізді жұрнақтардың семантикасы мен функциясын саралайды. Кішірейткіщ, сыйлау, құрметтеу қосымшаларының кісі аттарына қосылып, оны өзгертіп, түрлентіп тұрудағы рөлі тым орасан[22]. Бұлар тілде жиі кездесетін өнімді қосымщалар. Антропонимдер мен топонимдер бір-бірімен тығыз байланысты. Жасалуы мен семантикалық тегі жағынан өзара ұқсас, әріптес. Қазақстан картасындағы көптеген елді мекендер, оронимия, гидронимия, микротопонимия көбінесе кісі аттары мен фамилиялардан қойылып отырады. Қазақстан топонимиясының өзіне тән зерттелу тарихы бар. Бұл мәселе А.Әбдірахманов,Е.Қойшыбаев диссетацияларында толық айтылған. Солай болсада оны атап өтудің мәні бар. Қазақстан топонимиясын зерттеудің алғашқы адымдары ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталады. Бұл кезде П.П.Семенов-Тяньшаньский, Г.Н.Потонин, Ш.Уәлиханов т.б. кейбір өзен, көл,тау,сай аттарының шығу тарихына арналған шағын мақалалар жазды. Қазақстан топонимдерін ғылыми жолда зерттеу Советтік дәуірде қолға алдынды.30-40 жылдары Қ.Жұбанов,Ә.Марғұлан,С.Аманжалов,С.Әлиев,Н.Баяндин газет-журнал беттерінде топонимдер жайлы қысқаша материалдар жариялап тұрды. Қазақстан топонимиясын арнайы зерттеу 40-50 жылдардан басталады.Көрнекті географ-топонимист Ғ.Қоңқашбаев 1949 жылы «Қазақтың халықтық географиялық»терминдері атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап,бұл салада көптеген еңбектер жазады
Дәріс №3 Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|