Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Химиялық ыдыстар және оларды пайдалану тәртібі




Химиялық тәжірибелерді жүргізу үшін жұқа шыныдан жасалған ыдыстар қолданылады, мұндай шыны температураның өзгерісіне төзімді. Көбірек қолданылатын ыдыстарға шыны пробиркалар, стақандар, колбалар, конус тәрізді және Вюрц колбасы, реторталар жатады. Шыны ыдыстарға кристализатор, түрлі воронкалар, сағат шынысы, аллонж жатады.

 

 

Арнайы қолданатын ыдыстар: эксикаторлар, бунзен колбасы, шайғыш ыдыстар, U тәріздес түтіктер.

Өлшеуіш ыдыстар:

Сұйықтық заттарды өлшеуге арналған құрал-жабдық. Көлемі аз ғана мөлщері өлшеу үшін цилиндрлар мен мензуркалар қолданылады. Ал, дәлдігін өлшеу үшін өлшеуіш колбалар мен бюреткалар пайдаланылады.

Отқа төзімді химиялық ыдыстар:

Фарфор ыдыстан табақшалар, тигельдер қолданылады.

Жұмыс кезінде ыдыстарды бекіту үшін сақиналары және ұстатқышы бар штативтер қолданылады. Шыны ыдыстар қыздырғанда сынбас үшін оларды асбест жабылған металл торларға қояды.

 

 

 

 

Химиялық ыдыстарды таза ұстау кажет. Пайдаланғаннан кейін жуу керек, ол үшін «ерш» деп аталатын әр түрлі щеткалар қолданылады.

 

Ыздыру аспаптары

Қыздыру үшін зертханада әр түрлі аспаптар қоланылады: спирт шамы, газ жанарғы, электрплиталары және т. б.

Спирт шамы әдетте шыныдан жасалған қақпағы бар химиялық қыздыруға арналған аспаб.Оларға денатурат-спирт құйылады және білтесі болады. Шамның жалыны онша ыстық емес, спирт ұшпас үшін жұмыс біткеннен соң спирт шамын қақпағымен жабу керек.

Бунзен немесе Теклю жанарғылары. Газ зертханаларға трубалар арқылы келеді, столда шүмегі бар түтікшемен өтеді. Сол шүмекпен жанарғыны резина түтік арқылы айдайды. Табиғи газ улы, сондықтан ол ауаға шықпау керек, ол үшін газ шүмегін пайдаланбағанда берік жабу ке-рек. Табиғи газдың кейбір түрлерінің иісі бар, оның шыққанын иісінен білуге болады.

Егер ұзақ қыздыру керек болса шамамен 100—300°С аралығында «монша» деп аталатын жылытқыш құралдар қолданады: су және құм жылытқышы т. Б. Су жылытқышы металдан жасалған ыдыс (темірден немесе мыстан) бірнеше какпақтары бар. Су жылытқышын пайдаланғанда оны 2/3 бөлігіне дейін сумен қыздырады, қайнатады, суы бітпегенін қадағалау керек.

 

М жылытқышы.

Құм жылытқышында табақ тәрізді ыдысқа тазартылған құм салынып, қыздырылады. 600—1000°С температураға дейін қыздыру үшін муфель пештерін қолданады. Муфель пеш электр тоғымен қыздырады, ол отқа төзімді тастан жасалған. Зертханада қыздыру үшін электр плиткаларьн қолданады. Электр плиталардың спиралі ашық немесе жабық болуы мүмкін. Жабық плиталардың ішінде асбестен жасалған қабатпен жабылғандарын құм жылытқышы ретінде пайдалануға болады. Колба қыздыратьн плиталарда ойық бар, түбі домалақ колбаларды қыздыруға болады. Электр тоғы арқылы қыздыратын приборларда температураны реттеу ушін оларды реостат арқылы тоққа қосуға болады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных