ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тығындар және олармен жұмыс істеу тәртібіЗертханада үш түрлі тығындар пайдаланылады: ағаш (кеуек теректің қабығынан жасалған), резенке және шыны тығьндар. Бір ыдысқа сұйық немесе баска зат салмастан бұрын оған мықтап тығын дайындау керек. Кеуек (ағаш) тығынның сәл үлкендеуін алған жөн, сонан соң оны арнайы преске салып қысып кішірейтіп, нығыздап алады. Тығындарды пайдаланғанда жуып, таза ұстау керек. Резеңке тығындар тығыз болады, ыдысты мықтап жауып тұрады, бірақ резеңкеге бензин, бензол, ацетон, күкіртті көміртек, күшті қышқылдар (әсіресе күкірт және азот қышқылдары) әсер етеді; аталған заттар бар ыдыстарды жабу үшін резеңке тығындарды қолдануға болмайды. Көптеген жағдайда тесілген тығындар қажет болады, тығынды тесу үшін арнайы бұрғылар және бұрғы станок қолданылады. Шыны тығындар сирек пайдаланылады, олар белгілі бір ыдыстыр немесе құралдың қажет бөлігі, шыны тығынды аса ұшқыш заттары бар немесе кеуек және резенке тығынға әсер ететін заттары бар ыдысты жабу үшін қолданады. Сүзу Сұйықтықты қатты күйдегі майда қосымшаларынан бөліп алу үшін сүзгіштер арқылы өткізеді. Сүзгіштен өткен сұйықты сузінді (фильтрат) деп атайды. Зертханада жазық және бірнеше бүктелген сүзгіш кағаздар қолданылады. Төрт бұрышты сүзгіш қағаздан сүзгішті дайындау үшін қағазды төрт бүктейді де ашық жағын қиып алып, воронкаға салады, сулайды, сүзгіштің шеті воронка шетінен 3—5 мм. Темен болу керек (3-сурет). Кейде ыстықтай сүзу колда-нылады. Сүзуді тездету ушін ва-куумды пайдаланады. Вакуумда сүзуге арналған қүрал Бунзен колбасынан, Бюхнер воронкасы-нан (фарфор) және сақтық ыды-стан түрады, оларды су-агынды насосқа жалғайды. Егер тұнба ерімейтін болса, оны жуғыш аспаптың көмегімен жуып тазартады. Газдармен жұмыс істеудін, жалпы тәсілдері 1/ газдарды алу. Газ тәріздес заттарды зертханада алу үшін: а/ бірнеше құрғақ заттардың қоспасын қыздырады; ә/ бір құрғақ затты қатты қыздырады; б/ қыздырып немесе қыздырусыз құрғақ затты сұйық затпен әрекеттестіреді. Құрғақ затты қыздырып газ алу үшін пробирка немесе реторта қолданылады. Қүрғақ затты сұйықпен араластырып газдарды жиі алады. Ол үшін көп құралдарды қолданады. Бұл пробиркаларды қолданганда ауа жібермейтінін тексеру қереқ. Прибор саңлаусыз (герметикалық) екенін тексеру үшін газ түтікшесін суға батырып, реакция жүретін колбаны немесе пробирканы сәл қыздырады, егер пробирка саңлаусыз болса суға ауа көпіршіктері бөлінеді, қыздыруды тоқтатқанда су пробирканың ішіне кіреді. Газды алу үшін зертханада Кипп аппараты жиі қолданылады. Бұл шыныдан жасалған автоматты істейтін құрал. Кипп аппараты шар тәрізді резервуарлардан тұрады.
Кипп аппаратының төменгі резервуарыңда (1) қысыңқы жері бар, және оған шар тәрізді воронка (2) қондырылган. Құйылған сұйықтық әдетте воронкаға сияды. Төменде тығынмен жабылған тубус бар, ол жердей пайдаланған сұйықтық төгіледі. Ортаңғы шардың да тубусы бар, оған краны бар түтік өткізілген, тығынмен жабылады. Сол сияқты сутегін алу үшін мырышты салып, воронкаға қышқыл ерітіндісін (күкірт немесе түз) құяды. 2/ газдарды сақтау. Газдарды сақтау үшін газометрлер қолданылады. Газометрді газбен толтырмас бұрын, оның ішіндегі ауасын сумен ығыстырып шығарады. Ол үшін шүмектерді ашып, воронка арқылы суды толтырып құяды, содан кейін екі шүмекті жабады, тубустан тығынды шығарып газ алынатын прибордың түтігін газометрге енгізеді. Газометр газбен толғаннан кейін тығынын жауып, воронкаға су құяды. Газометрдегі газды пайдалану үшін шүмектерді ақырын ашу керек. Сол кезде су газометрге құйылып газды ығыстырып шығарады. Газометрде қопарылғыш газдарды (сутек, ацетилен, метан, көміртек (II) оксидін) сақтауға болмайды. 3/ газдарды жинау. Газдардыц жинау тәсілдері оның қасиеттеріне: ауа бойынша тығыздығына, оның суда ерігіштігше, газдың ауамен әрекеттесуіне, улылығына тәуелді. Газдарды жинаудың 4 тәсілі бар. Біріншісі, ауамен әрекеттеспейтін және ауадан ауыр газдарды жинау; екіншісі ауадан жеңіл газдарды, мысалы сутек, аммиак т. б. жинау. Улы газдарды жинау үшін (үшінші тәсіл) колбаны екі газ өткізгіш түтігі бар тығынмен тығьндап, газдың артық мөлшерін газды сіңіріп алатьн сұйықтыққа жібереді. Мысалы, күкірт (IV) оксидін сіңіру үшін суды қолданады. Төртінші тәсілде судың үстінде газды жинау деп аталады. Жиналатын газ суда ерімеуі керек. Цилиндрді немесе үлкен пробирканы суға толтырып, аузьш шынымен жабады, суы бар кристализаторга төңкеріп аузьш ашады аузына газ өткізгіш түтікті жібереді. Газ толғаннан кейін судың ішіңде цилиндрді шығармай тұрып аузьш жабады да, содан соң су-дан шығарады. 4/ газдарды тазарту және сіңіру. Прибордан шыққан газ таза болу үшін оны түрлі заттардан өткізіп кептіреді және тазартады, мысалы, сутегінде қосымша ретінде күкіртсутек болуы мүмкін, оны тазарту үшін КМп(>4 немесе К2СІ2О7 ерітіндісі арқылы жібереді, ал көміртек (IV) оксидін кептіру үшін оны концентрлі H2SO4 немесе фосфор (V) оксидінің үстінен өткізеді. Газдарды кептіру үшін Тищенко ыдысы қолданылады. Газдарды кептіру үшін Тищенко сауыттарына, хлоркальцилі түтіктеріне салынган құрғақ кептіргіштердің қабаттарынан өткізеді. 5/ шынымен жұмыс істеу тәртібі. Химиялық зертханада прибордың көпшілігі шыныдан жасалган, соңдықтан шыныны кесуді, июді, балқытуды және капилляр, үш иінді түтіктер жасауды білу керек. а/ шыны тутіктерді кесу. Жіңішке (3—7 мм) шыны түтіктерді кесу үшін арнайы пышақ немесе егеу алып, түтікшені үстелдің үстіне қойып, кесетін жерін белгілеп егеумен үстінен тіледі. Сосын түтікті екі қолмен сындырады. Егер шыны жуан болса, түтікті дөңгелектеп кертеді де, кертік түскен жерге қыздырылған ілгек кигізеді, сол кезде шыны сынады. б/ тутікті балқыту. Кесілген түтіктер өткір болады, қодды, тығынды кеспеу үшін, оны балқытып алу керек. Ол үшін жалын сарғайғанша жалынға ұстайды.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|