Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ерітінділер дайындау




 

Орал «Зенит» зауыты – қорғаныс және шаруашылық мақсатындағы өнімдер шығаратын кәсіпорын. 1941 жылы салынған. Бастапқы кезде бұл құпия қорғаныс кәсіпорны “231-зауыт”, “38-пошта жәшігі”, 1966 – 1991 жылы “К.Е. Ворошилов атындағы машина жасау зауыты” деп аталды. 1996 жылдан ашық акционерлік қоғам. Зауыт жанында “Зенит” мәдениет сарайы жұмыс істейді. Кәсіпорын 1 дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталып, бірнеше мәрте Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты болған.

«Орал «Зенит» зауыты» АҚ – облыс орталығындағы ежелгі кәсіпорындардың бірі. Негізі 1921 жылы Ленинградта қаланған зауыт 1941 жылдың күзінде Орал қаласына көшірілген. Алғашында майдан мұқтажын өтеген зауыт мыңдаған жергілікті жұмысшыларды тәрбиелеп шығарды. 1945 жылдан бері зауыт өңір ғана емес, Отанымызға танымал өндіріс орны ретінде ел экономикасының қарыштап дамуына сүбелі үлесін қосып келеді. Қазір мұнда мыңдаған жоғары білікті техник-мамандар мен жұмысшылар еңбек етеді. Қаладағы ірі өндіріс орнының қалыптасуында оны 42 жыл бойы басқарған директор, шебер ұйымдастырушы Петр Атоянның еңбегі зор.

Қазақстандағы теңіз кемесін жасау саласының көшбасшысы болып табылатын зауыттың жекелеген цехтарында болған жастар өндіріс орнымен танысты. Мұнда оларға Каспий теңізінде мемлекеттік шекараны қырағы қорғайтын «Сұңқар» және «Бүркіт» сықылды кемелер көрсетілді. Олардың әскери-техникалық жұмыс сипаттамасы туралы қысқаша түсінік берілді. Соңынан жас жігіттер зауыттың байырғы жұмысшылары Дәулетияровтар әулеті өкілдерінің әңгімесіне құлақ түрді. Ерлі-зайыпты

Ж.Дәулетияров пен А.Дәулетиярова өткен ғасырда өздерінің еңбек жолын осында бастаса, олардың ісін слесарь Асхат, сәулетші Серік, құрастырушы.

Берік және реттеуші Әлфия есімді ұл-қыздары жалғастырып келеді. Аталмыш әулеттің зауыттағы жалпы жұмыс өтілі 99 жылды құрайды екен.

Тарихы тереңнен сыр тартқан «Орал «Зенит» зауыты» АҚ кеме жасау ісімен он алты жылдан бері айналысып келеді. Осы кезең ішінде зауытта суығыстырғыштығы 50 тоннаны игеретін бірнеше кеме өндірілсе, оның жетеуі 0200 «Бүркіт» жобалы, төртеуі 100 «Сұңқар» жобалы кемелер. Ал оларға негізінен тапсырыс беруші ҚР ҰҚК шекара қызметі екен. Осыдан үш жыл бұрын зауытта дайындалған 0300 «Барыс» жобалы №1 «Сардар» катері мен №2 «Сақшы» үлгісіндегі корабль бүгінде еліміздің шекарасын Каспий теңізінің айдынында күзетіп жүрген жайы бар. Қазіргі таңда аталмыш зауытта жасалып жатқан №3 0300 «Барс» жобалы кораблі келер жылдың тапсырысын қанағаттандырады деген үміт бар.

 


 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных