Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы




 

 

 

 

Статистикалық деректер елімізге шеттен келетін импорттық түсімнің тауарлық құрылымында өндірістік және өндірістік-техникалық бағыттағы өнімдер – құрал–жабдықтар мен минералдық, химия өнімдерінің үлесі жыл сайын екі есеге артып отырғанын көрсетуде. Коммуналдық шаруашылықта, қарапайым тұрмыста да үлкен сұраныс тудырып отырған сол өнімдердің бірі – полиэтилен құбырлары өзіміздің облыста өндіріліп жатыр.

Полиэтилен — [—CH2——CH2—]n, ақ түсті термопластикалық полимер. Полиэтиленді алғаш AlBr3 катализаторын қолданып, Г.Г. Густавсон алған (1884). 1933 — 36 ж 100 мПа қысым мен 200С температурада Англия мен КСРО-да, кейінірек Германия мен АҚШ-та өндіріле бастады. Өнеркәсіп жағдайында жоғары қысымды Полиэтиленді (тығыздығы 0,913 — 0,934 г/см3, балқу t 102 — 105С) және төмен немесе орташа қысымды Полиэтиленді (тығыздығы 0,919 — 0,973 г/см3, балқу t 125 — 137С) этиленнің полимерленуі нәтижесінде алады. Полиэтиленнің физ.-химиялық қасиеттері температураға өте тәуелді. Температура өзгергенде кристалдану дәрежесі, тығыздығы, т.б. көрсеткіштері өзгереді. Тығыздығы төмен Полиэтилен 20С-та айына 0,04% су сіңіреді, ал тығыздығы жоғары Полиэтилен үшін бұл көрсеткіш 0,01 — 0,04%. Бөлме температурасында органикалық еріткіштер әсер етпейді, тек ғана HNO3-те, хлорланған және ароматты көмірсутектерде ериді.

Полиэтилен — халық шаруашылығында өте кең қолданылатын полимер. Ол жұқа пленка, су құбыры, химиялық аппарат бөліктерін, құты, стакан, тығын, тех. Бұйымдар, т.б. дайындауда, ауыл шаруашылығында көкөніс пен жеміс өсіру ісінде қолданылады. Қазақстанда Атырау қаласындағы химиялық зауыт түйіршікті Полиэтилен өндіріп, еліміздің 200-дей кәсіпорнын шикізатпен қамтамасыз етуде. Срнымен қатар өзіміздің қаламызда, Орал қаласында да тұрмыстық пласмсса бұйымдарымен және тірлі трубалармен су және газ құбырларымен қала тұрғындарын қамтамасыз етіп отыр

 

 

Полиэтилен радиотехника мен телеқондырғыларда электроқшаулағыш, химиялық өндірістерде антикоррозиялық жабындар ретінде, сондай-ақ орама кабыршақтар мен ыдыстар жасауда, мата, қағаз, ағаш өнімдеріне сіңіруге қолданылады. Полиэтиленнен химиялық өнеркәсіпте корпустар, футеровкалар, сонымен қатар химиялық белсенді және күйдіргіш заттар әсер ететін жағдайларда жұмыс істейтін қондырғылардың әр түрлі бөлшектері жасалады.

 

 

 

 

 

 

«Орал мұнай өнімдері»

Мұнай – көміртегілер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.

Мұнайдың құрамы: аромат көмірсутектер, алкандар, циклоалкандар, арендер, циклопентан, циклогексан бар.Мұнай құрамында бұлардан басқа да қосылыстар кездеседі. Оларға: сілтілік жер металдар,минералдар,тағыда басқа типтік металдар. Кездесетін кен орнына байланысты мұнайдың сапалық құрамы да,сандық құрамы да әр түрлі болады. Мұнай құрамында кездесетін көмірсутектерге байланысты: парафинді, нефтенді, ароматты деп ажыратуға болады. Мысалы,Мақат мұнайы – нефтенді көмірсутектерге бай, Жетібай мұнайы парафиндерге бай. Жер астынан өндіріліп алынған мұнайда су көп болады оны шикі мұнай деп атайды.Шикі мұнайды суынан және қосалқы газдардан тазартып өңдеуге жібереді

Мұнай өнімдері – көмірсутектер мен олардың туындыларының қоспасы; мұнай мен мұнай газдарынан алынатын жеке химиялық қосылыстар. Мұнай өнімдері отын, майлар, битумдар, ауыр көмірсутектер және әр түрлі мұнай өнімдері сияқты негізгі топтарға бөлінеді. Отын негізіндегі мұнай өнімдеріне көмірсутекті газдар мен бензин, лигроин, керосин, дизель отыны, мазут, т.б. жатады.

 

Майлар – мұнайдың қалдық фракциялары мен ауыр дистилляттарын арнайы тазартудан алынады. Ауыр көмірсутектерге парафиндер, церезиндер, озокериттер және олардың майлармен қоспасы жатады. Битумдер – гудронды ауамен тотықтыру арқылы немесе гудронды тереңдетіп айдау арқылы алынған май фракцияларынан кейін қалатын жартылай қатты және сұйық күйдегі өнімдер.

Әр түрлі мұнай өнімдеріне мұнай коксы, күйе, мұнай пиролизінің әр алуан өнімдері (бензол, толуол, ксилол, т.б.), асидолдар, деэмульгаторлар, хлорпарафиндер, т.б. жатады. Мұнай өнімдерінің сапасы физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты бағаланады.

 

 

Орытынды

27-ші мамыр және 1-ші маусым аралығындағы оқу практикасы өтті. Қаламыздағы «Зенит» зауытына және Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы, Орал мұнай өнімдері өндіріс орындарына барып келдік. Олардың кызу қайнап жатқан ұжымның еңбегін көріп, өзімізге керекті деректемелер алдық. Жұмыс барысын көрумен қатар, болашақ жұмысымызды сапалы істеуімізге көмегін беретін деректер мен мәлеметтердің ірге тасын қаладық. Қауіпсіздік ережелерін қатаң түрде ұстайтындықтарына көз жеткіздік. Экологиялық тазалықты сақтап және қалдықсыз химия технологиясының жүзеге асып, сапалы және сандық мөлшері жағынан да ұтымды өнімдер өндетінін біліп келдік. Технологияның күннен күнге дамуын қаламыздағы өндіріс орындарының зертханасынан да көруге болады. Мысалы, Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы мен Орал мұнай өнімдері өндіріс орындарындағы химиялық зертханаларда көп құрылғылар автоматтандырылған, яғни автоматты жүйедегі құрылғылар арқылы зерттеп сапасын, мөлшерін жәнеде басқа керекті қасиеттерін анықтайды.Әр шыққан өнімнің сапасын тексеріп сатылымға немесе қолдануға рұқсат беретін инженер –технологтардың кәсіп орынға деген маңызы орасан зор екендігін біліп және көріп қайттық.

 

 

Мамандығымыздың маңыздылығын білдік.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных