ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Орнында тұрғандағы бұрылыстар.Бөлімше оқытушысы саптық дайындық сабақтарында басшыға жақындағанда және орнына келу үшін қозғалыс жасағанда қолданылатынын түсіндіреді. Орнында бұрылуды оқыту саптық тұрысты орындағаннан кейін басталады. Себебі, тек соның негізінде ғана бұл тәсілдерді дұрыс орындауға мүмкін болады. Осыған орай, алғашқыда оңға, солға бұрылуды (1/4 айналымға) және айналуды үйрену қажет, содан кейін барып жартылай оңға және жартылай солға (1/8 айналым) орындалады. Орнында бұрылу үшін оқытушы бөлімшені аралығы екі адым бар бір қатарға тұрғызып, қалыпты деңгейде оңға бұрылуды көрсетеді. Сонан соң оқытушы іс-қимылдың тәртібін түсіндіре келе, тәсілдерді баяу деңгейде көрсетеді. Оңға бұрылуды екі есепке бөлік бойынша қарастырады. Бөлім бойынша тәсілді көрсетісімен бөлімше командирі мынадай пәрмен береді «Оң-ҒА, бөлім бойынша: жаса- БІР, жаса - ЕКІ».
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|