Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бұрылыс кезiндегi аяқтардың күйi (солға, оңға).




Бөлімше командирі бірінші есеп бойынша жылдам бұрылғанда оң қол жаққа оң аяқ өкшеде және сол аяқтың ұшында дененің қалыпты күйін сақтаған жөн және аяқ тізелерін бүкпеген дұрыс екенін түсіндіреді және соның барысын қадағалайды. Артқы тұрған аяқтың өкшесі және алда тұрған аяқтың ұшы бұрылысты аяқтағаннан кейін тиісті деңгейде бір қалыпты болуы тиіс. Қолдардың күйі саптық тұрыс кезіндегідей болуы тиіс.

«БІР» есебі дұрыс орындалмағандығы байқалса, «ТОҚТА» пәрмені беріледі.

«Жаса - ЕКІ» есебі бойынша, қысқа жолмен, тізені бүкпей сол аяқты қояды. Тәсілді орындағанда іштей есепті жүргізуге болады.

Бұрылысты үйренген кезде, тек аяқтың көмегі арқылы емес, сондай-ақ дененің толық тез қозғалуы арқылы болатындығына назар аудару қажет.

Оңға бұрылысты көрсетуді аяқтай келе оқытушы солға бұрылу жаттығуларына көшеді.

«Солға, жаса - БІР» пәрмені бойынша студенттер сол аяқпен бұрылып, тізені бүкпей және бұрылыс кезінде қолмен сермемей оң аяқпен дененің ауырлығын сол бойынша оң аяқты қысқа жолмен сол аяққа қосу керек, мұнда өкшелер маңдайшеп сызығы бойынша бірге болуы керек.

Солға бұрылысты көрсеткеннен кейін оқытушы айналу бұрылысына көшеді. Ол тәсілді толық көрсетіп, екі есеп бойынша жүргізеді. Сонан соң айналу «Ай - НАЛ» пәрмені бойынша орындалатынын оқытушы түсіндіреді. Ол солға бұрылыс секілді тек 1800 айырмашылықпен орындалады.«Айнал, жаса - БІР» пәрмені бойынша сол аяқпен тізені бүкпей тез бұрылу қажет, бұл орайда ауырлық күйін сол аяққа жұмсап, денені кішкене алға жіберу керек. Айналу бұрылысында, сонымен қатар қолдың сермелуіне рұқсат берілмейді. «Жаса - ЕКІ» саны бойынша оң аяқты сол аяққа тақау тиіс.

Айналуды оқытқан кезде оқытушы студенттерге айналым қозғалысын жасау барысын жіті қадағалауы, әсіресе қозғалған кезде екі аяқты бірдестен жұмсап қоймауын ескеріп отыруы міндет. Орнында бұрылыс кезінде, яғни оқытылу барысында студенттерге келесі қателіктеріне назар аудару керек: кейбіреулер тізе бүгеді, қолды сілтейді, басты төмен қарай иеді, көкіректі түсіріп немесе ішті тартпайды, айналым бұрылысы кезінде толық жасалмайды т.б.

Оқыту барысында командир өз саптық білімін жетілдіреді, себебі ол, жеке құрамға пәрмен бере отырып, өзі тәсілдерді үлгілі орындайды.

Студенттер мен сабақ жүргізу кезінде олардың басқарушылық және әдістемелік тәжірибесін дамыту үшін мақсатты түрде оларды студенттің орнына кезекпен қойған дұрыс.

бойынша қабылданады. Осы команда бойынша жылдам сапқа тұрып, қалыпты жағдайда тік тұру керек, өкшелерді косып, аяқтың ұшын маңдайшеп сызығы бойынша, оларды табан еніне қойып түзеу керек; тізені жазу, бірақ тым қатайтпау керек; кеудені шамалы көтеріп, ал денені біршама алға ұстау керек; ішті тарту керек; иықтарды артқа жазу керек; саусақтарды жартылай бүгіп, алақандарды ішке қаратып, екі жанына тиетіндей етіп қолдарды төмен түсіру керек; басты жоғары және тік, иекті алға шығармай ұстау керек; өзінің алдына қарап тұру керек; шұғыл іс-қимылға даяр болу керек.

Орныңда «ТІК ТҰР» командасы бойынша саптық қалыпты жылдам қабылдау және қозғалмау керек.

Саптық қалып орныңда командасыз да қабылданады: Қазақстан Республиқасының Мемлекеттік әнұраны орындалған уақытта, командир (бастық) назар аударған, бұйрық берген және алған, баяндаған, әскери сәлемдесуді орындаған кезде, сондай-ақ командаларды берген кезде.

Қазақстан Республиқасының Мемлекеттік әнұраны орындалған уақытта взод командирі және одан жоғары бөлімшелер командирлері қолдарын бас киіміне апарады.

«Бас киімді - КИ»

«ЕРКІН ТҰР» командасы бойынша еркін тұрып, оң немесе сол тізені бос ұстау, бірақ орныңан кетпеу, назарды әлсіретпеу және сөйлеспеу керек.

«РЕТТЕЛ» командасы бойынша саптағы өз орнын тастамай, қаруды, киім-кешек пен жабдықты түзеу керек; қажет болған кезде рұқсат алу үшін саптан шығып тікелей бастыққа өтініш жасау керек.

«РЕТТЕЛ» командасы алдында «ЕРКІН ТҰР» командасы беріледі. Бас киімді шешу үшін «Бас киімді - ШЕШ», ал кию үшін -деген команда беріледі.

Шешілген бас киім кокардасы алға қаратылып, сол қолдың шынтағы бүгілген күйде ұсталады.

Қарусыз немесе қарумен «арқаға» күйінде бас киім оң қолмен, ал қарумен «қарубауға», «кеудеге» және «аяққа» күйлерінде сол қолмен шешіледі және киіледі. Карабинмен «иыққа» күйінде бас киімді шешкен кезде карабин алдын ала «аяққа» күйіне түсіріледі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных