ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Озғалыс жасауды оқыту.Саптық адым, саптық тәсілдерді үйренудегі ең күрделісі, қиыны болып табылады, оларды орындау студенттерден жинақтылықты, нақтылықты және қол мен аяқтың үйлесімділігін талап етеді. Саптық адымның қолданылуын айта келе оны оқытуға оқытушы көшеді. Саптық адыммен қозғалыс жасауды оқытуды әр жаңа тәсіл секілді үлгілі көрсету арқылы бастаған жөн. Саптық адым қозғалысын толық көрсеткеннен кейін, оқытушы бірінші дайындық жаттығуына – қолдың қозғалуын көрсетеді. сонан соң мынадай пәрмен береді: «Қолмен қозғалыс, жаса – БІР, жаса - ЕКІ». Саптық адыммен қозғалыс кезiнде қолдардың күйiн көрсету. «Жаса – БІР» есебі бойынша студенттер оң қолды жұдырықтап қозғалысқа келтіреді және қол белдіктен жұдырық көлемінде жоғары, ал денеден бір жұдырық қашықтықта ұстау керек, бір мезетте сол қолды артқа жіберу керек. Қолдардың саусақтары, жартылай бүгулі, ал оң қолдың жұдырығын сәл жоғары көтерген жөн. Келесі «Жаса – ЕКІ» есебі бойынша, олар сол қолды алға ал оң қолды артқа қозғалысымен қайталайды. Әр есеп сайын оқытушы қолдың қозғалыстағы күйін тоқтатып қателіктерді жөндейді. Студенттердің көпшілігі кемшіліктерге бой алдырса, оқытушы «ТОҚТА» деген пәрмен береді, ал егер бір студент қана қателіктер жіберсе, онда «Қатардағы Асанов - ТОҚТА» деген пәрмен беріледі. Дайындық жаттығудан кейін (қол үшін) студенттердің өз есебіне жаттығуды жалғастыруға болады. Бұл жаттығуды күрделендіру үшін орнында тұрып адымдауды қосуға мүмкіншілік бар. Орнында тұрып адым жасауды көрсету «Орнында, АДЫМДА» пәрмені бойынша жүргізіледі. Осы пәрмен бойынша студенттер аяғын жерден 15-20 см биіктікке көтереді және аяғын қалыпты күйге қояды. Бір орнында тұрып адыммен қолдарды қозғалысқа келтіру жаттығуын қайталау үшін командир «Орнында адыммен қолдардың қозғалысы, жаса – БІР, жаса - ЕКІ». Дайындық кезеңінде қолдардың күйіне баса назар аударылуы тиіс. Орнында адым кезінде қолдардың дұрыс күйін үйренгеннен кейін, екінші дайындық жаттығуына көшеді. Алғашқыда минутана 60 адым төртке, екіге және бір есебі бойынша саптық адыммен қозғалыс, сонан соң қалыпты деңгейге (110–120 адым минутына) 70 – 80 см адымның көлемімен көшу.
Қолдардың қозғалысын бiр мезетте орнында тұрып адын жасау арқылы үйрену. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|