Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Озғалыс кезіндегі бұрылыстарды оқыту.




Әрине, қозғалыс кезіндегі бұрылыстарды үйрету оқытушының көрсетуі арқылы басталады.

Оқытушы қозғалыс кезіндегі оңға бұрылысты көрсеткеннен кейін, екі есепке жүргізіледі: «Қозғалыс кезінде оңға бұрыл, жаса – БІР, жаса – ЕКІ». «Жаса – БІР» пәрмені кезінде қолды сермеу арқылы сол аяқпен саптық адымды бастау қажет, ал «Жаса – ЕКІ» пәрмені бойынша, сол аяқтың ұшымен оңға бұрылып, бір уақытта оң аяқты алға жіберіп, жаңа бағытқа адым жасау жөн болады.

Келесі «Жаса – БІР», «Жаса – ЕКІ» есебі бойынша тәсілдер басынан қайталанады.

Жаттығу үшін командир бөлімшені бірінші және екіншіге есептеп, курсанттарды сегіз адымда бір-біріне қарама-қарсы тұрғызады және олардың әрқайсысы кіші төрт бұрыштың ішкі тікбұрыш сызығына қарама-қарсы тұратындай етіп, ара-қашықтықтарын төрт адымға есептейді. Жаттығу төрт есепке үш адым қозғалыспен мына пәрмен бойынша орындалады: «Бұрылыс оңға қозғалыста, төрт есепке, АДЫМДА» және «БІР, ЕКІ, ҮШ, ТӨРТ» деп санайды. Мұндағы «БІР, ЕКІ, ҮШ» есебінде студенттер төрт бұрыш сызығына қарай алға үш саптық адым жасайды, ал дұрыстап шыққан «ТӨРТ», есебінде – оңға бұрылыс орындалады. Студенттер 4 х 4 адымдағы төрт бұрыш бойынша қозғалысты атқарады. Алғашқыда қозғалыстың шапшаңдығы минутына 60 адымды құраса, кейін минутына 110-120 адымға созылады.

Солға бұрылуды үйретуге кіріспес бұрын, оқытушы оңға бұрылу тәсілі секілді, тек айырмашылығы төрт адымдық қозғалыстан кейін орындалатынын түсіндіреді.

Тағы бір ескеретін жәйт солға бұрылыс төрт адымның қозғалыстан кейін және кезекті «БІР» есебінде оң аяқтың ұшында бұрылыс орындалады. Атқарушы пәрмен бір мезетте сол аяқты жерге қоюмен беріледі.

Жаттығу үшін оқытушы бөлімшені бір адым артқа жіберіп, тік бұрыштың сыртқы сызығына орналастырады. Бұрылысты орындау мына пәрменмен: «Қозғалыста солға бұрылу төрт есепке, АДЫМДА» орындалады және кейін «БІР, ЕКІ, ҮШ, ТӨРТ» есепке жүргізіледі, ал келесі дауыстап айтылған «БІР» есебінде курсанттар бұрылыс жасап, «ЕКІ, ҮШ, ТӨРТ» есебінде қозғалысты жалғастырады. Жақсы үйрену үшін солға және оңға бұрылыстарды бірге орындаған жөн болады және студенттер 2-4 адым ара қашықтықта қозғалады.

Айналуды үйрену үшін оқытушы ең алдымен Саптық жарлықтың талаптарына назар аударуы тиіс.

Командир айналу қозғалысындағы бұрылыс, оңға және солға бұрылысқа қарағанда екі аяқтың ұшында орындалатынына назар аударады. Бұрылыстан кейін

 

Қозғалыс кезiнде солға бұрылысты жаттықтыру.

Айналу үшін орындалатын пәрмен оң аяқты жерге қоюмен бір мезгілде беріледі, осы пәрмен бойынша сол аяқпен тағы да бір адым жасау керек «БІР - деп санау бойынша», оң аяқты алға қарай жарты адым созу керек және біршама солға және сол қол жаққа қарай екі аяқтың ұшымен шұғыл бұрылып «ЕКІ – деп санау бойынша», қозғалысты сол аяқпен жаңа бағыт бойынша жалғастыру керек «ҮШ – деп санау бойынша». Бұрылыс кезінде қолмен қозғалыс жасау адымның ырғағымен жүргізіледі.

Бұл тәсілдің жаттығуы үш адым алға пәрмені бойынша қозғалыспен бірге орындалуы мүмкін, яғни «БІР, ЕКІ, ҮШ» санауы бойынша үш адым жасалынып, төртінші санау бойынша айналу қозғалысы жүзеге асырылады.

Тәжірибені мықтау немесе одан әрі жетілдіру үшін күнделікті азанғы дене шынықтыру жаттығуларына қосуға болады.

Қозғалыста: Айнал бұрылысын оқыту бөлім бойынша төрт есепке жүргізілуі қажет және мынадай пәрмен беріледі «қозғалыс кезіндегі айнал бұрылысы, бөлім бойынша: жаса – БІР, жаса – ЕКІ, жаса – ҮШ, жаса – ТӨРТ».

Айнал бұрылысы үшін «Жаса - БІР» есебі бойынша студенттер сол аяқпен алға адым жасап, сол қалпында тұрады келесі «Жаса - ЕКІ» есебі бойынша оң аяқты жарты адымға алға және солға таман шығарады және бірдестен сол қолдың бұрылысымен екі аяқтың ұшында тұрып, сол күйінде қалады.

Келесі «Жаса - ҮШ» есебі бойынша сол аяқпен алға адым жасайды, ал «Жаса – ТӨРТ» есебі бойынша оң аяқты тақап қояды.

Жаттығу осындай реттілік бойынша қайталана береді, алғашқыда командир есебі бойынша, кейін студенттердің өз есебінен.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных