ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Мен сенімен неге... сенетінімді бөліскім келеді» жаттығуы.Студенттерге тапсырма беріледі: бөлмеде еркін қозғалып, бір-біріңе жақындаңдар. Бір – біріне қарап «Мен сенімен неге... сенетінімді бөліскім келеді» деген фразамен бастап, ойды бөлісу керек (жалғастыру керек). Жаттығудың соңында өз курстастарынан естігендері жайлы талқылау жасайды. Ой пікірлерімен бөліседі. Оқытушы. (дәріс- әңгімелесудің жалғасы). Шын мәнінде біз неге сенеміз, біз үшін сенім объектісі, мойындаймыз, ұмтыламыз, мақсатымыз не болып табылады, барлығы өзімізге байланысты. Сондықтан, сенім ұғымы бізге жақын, «руханилық» ұғымымен бара-бар, тең деп айтуға болады. Руханилық - жалпы мағынада - әлем мен адамның руханилығының жиынтығы. Әлеуметтануда, мәдениеттануда, сонымен бірге публицистикада «руханилықты» жиі діни ғылымдар мен тәжірибелерде, сондай - ақ, көркем өнер бейнелерінде ережедегідей шоғырланған адамгершілік құндылықтар мен дәстүрлер түрінде көрінетін байланыстырушы қоғам бастауы дейді. Бұлар жеке сананың руханилық проекциясы ретінде «ар намыс, ұят» шеңберінде қарастырылады. В.А. Бачининаның философиялық очерктерінде руханилықтың көріну формалары көптүрлі екені туралы айтылады. Шын мәнінде кез –келген қоғамдық пайдалы іс әрекет сферасы, оның тууына әсер етеді, себебі руханилық іс-әрекеттің өзіне емес, оған деген қарым-қатынасына байланысты көрінеді, себебі оны көріп және бағалауға адамның қандай қажеттіліктері мен қызығушылықтарына байланысты онымен айналысуына мүмкіндік жасайды. Адам өміріндегі әлеуметтік салада адамдар «руханилық», «діни көзқарас» ұғымдары бірдей деп қателеседі. Дін - адам өмірі және адамзаттың өмірі туралы төрт негізгі сәттен тұратын сенім ғылымы: · адамның әлемдегі, соның ішіндегі жердегі өзінің рухани-адамгершілік өмір заңдарының жүйесі арқылы реттеп отыратын әлемдегі күшті және жасампаз ақылды жасаушысына деген сенімі және мойындауы: · өмірді реттеп отыратын адамгершілік құндылықтар жүйесі мен адамгершілік заңдар жүйесі ғылымны. · Осы ғылымға сәйкес өзінің өмірінің адамгершілік заңдары мен құрылымының ілімнің шыншылдығы мен дұрыстығына адамдардың сенімі. · әрбір дінге тән рәсімдердің, ғұрыптардың, архитектурасының және т.б. ерекшелігі. Діни ұғым – қандай да бір конфессияда дін жолын ұстаушы, адамның өмірінде басымдылық танытатын және оның ұстанымдарын тарататын, осы ғұрыптарды, дәстүрлерді, ырым- жоралығыларды, ұстанымдарды өзгертпей, нақты, сол күйінде орындауға бейімділігі. Діни адам осы әртүрлі ырым - жоралығыларды міндетті түрде орындай отырып, Аллаға қызмет ету және дін жолын ұстанушы ретінде қарастырады. Мұнда тұрған еш нәрсе жоқ, алайда, бұл адамға берілген нағыз шынайы, толық адамның өмірдегі рухани арақатынасты түсіндіре алмайды. Талқылау. Талқылауға арналған сұрақтар: · Қалай ойлайсыз, «сенім», «руханилық», «діни ұстаным» ұғымдарының өзара байланысы қандай? · Адам қандай жолмен сенімге ие бола алады? Диспут (тапсырмалар алдын ала беріледі) Диспутта қаралатын тақырыптар: 1. Әрт түрлі конфессияларды әлемдік бір дінге топтастыру мүмкін бе? 2. Дәстүрлі емес діни: секталар, қоғамдастықтар және т.б. тағдырын қалай шешуге болады? 3. И.Шевелеваның «Сенім- біріктіреді, дін – іріткі салады, ажыратады» деген сөзіне қалай түсінесіз? Оқытушы студенттерге ең бастысы пікірталаста өзінің жеке пікірін қорғау емес, шындыққа көзді жеткізу керек екенін түсіндіреді. Жаттығу. Қызу талқылаудан кейін педагог студенттерге «Сыйқыршы туралы ертегісінің» медитиативті сеансын ұсынады. Оқытушы. Ал енді әрқайсысыңыз өздеріңізге ыңғайлы болатындай жайғасып отырыңыздар, көздерімізді жұмамыз. Терең тыныс аламыз. Енді біз басқа әлемге өтеміз, керемет, таңғажайып ертегі әлеміне өтіп, онда болған бір оқиғаны тыңдаймыз. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|