Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Даналық сабағы».




Оқытушы. Қанекей, жан дүниенің оянуы процесі туралы эстон емшісі Виилма Луум қалай талдайтыны туралы тыңдаймыз: «Адам - өз мінез құлқының айнасы. Әрбір адамда тұлғалық қасиеттер болғанымен, олардың барлығын тұлға деп санай алмаймыз. Тұлға боламын деген тілектен тұлға болмайды. Тұлға болу үшін әркім өзімен өзі болу қажеттілігін сезінуі керек. Кімде- кім өзінің алдына қойған мақсаты үшін күресетін болса, сол адам шын мәніндегі емес, танымал тұлға бола алады. Ол өзін тұлға ретінде, ал оның поклонниктері оны тұлға деп атауы мүмкін. Шындық кейіннен ашылады. Адам өзінің қателескенін білген кезде, оның өмірінде тазару басталады. Тұлғалық жетілдіру – жаңа даму басталады. Сол кезде адам өзінің адам екенін түсінеді. Жәй ғана адам. Өмір адамға өзін - өзі тану үшін үнемі рухани, ішкі және материалдық сабақтардан өтеді. Кімде-кім өзінің сезімдерін, оның мәнін бағалай білуді үйренсе, сол адам сезіммен, махаббатпен ойлай білуді үйренеді. Махаббат туралы шын сезіммен, махаббатпен ойлауға қабілеттілік адамды бақытқа бөлейді».

Біздің әңгімеміз бүгін көтерілген мәселердің нақты анықтамасын табуға деген біздің тілегімізді қанағаттандыратын бірден терең шындықты тауып, оған жауап берумен шектелмейді. Бірақ, шындықты іздеу процесінің өзі - адамда танудың және өзін-өзі тануды қайта жасауға алып барушы күшпен, жоғарыда келтірілген жалпыадамзаттық құндылықтарына сәйкес таңдап алынатын стратегияларды қалыптастыру қабілеттілігіне ие болады және осы сұраққа жауап табады.

Талдау. Талқылауға арналған сұрақтар:

· Адамзат құндылықтарына нені жатқызамыз?

· Мәдени мұра дегеніміз не?

· Бұл түсініктерді қалай байланыстыруға болады?

· Сіз өзіңіз мәдени мұраға қандай үлесіңізді қосқыңыз келеді?

«Мірдің оғындай...» аңыз-әңгіме (Пезешкиан Н. 1996)

Ерте заманда бір хан өмір, өмір сүру туралы көп ойланады. Оны өмірдегі қайырымдылық және қатігездік қызықтыратын болғандықтан, ол өз нөкеріне адам мүшелерінің (органдары) ішіндегі ең бағалы және әдемісін, жақсысын алып келуге бұйырады. Нөкері аңның жүрегі мен тілін әкеліп береді. Хан органдарға қарап отырады да, олардың мәні туралы ойланып қалады, сөйтіп қызметшісін ең жаман, нашар органдарды алып келуге жұмсайды.

Ол қайтадан жүрек пен тілді алып келеді. Хан өзінің қызметшісіне таңқалып қарайды да: «Сен жүректі, тілді ең жақсы орган деп алып келдің, кейін ең жаман орган деп тағы да жүректі, тілді алып келдің. Неге?». Сонда қызметші сенімді түрде былай деп жауап беріпті: «Егер адам ойлағаны мен сезімі туралы шын жүрегімен шықса, онда оны тіл де тек шындықты айтады. Бұл жағдайда жүрек пен тілге жетер бағалы орган жоқ. Мұндай органдары бар адам өзін денісау және бақытты сезінеді. Егер адамның жүрегі жабық және өзінің сезімдерін жасыратын болса, ол кезде тіл өтірікті, әділетсіздікті айтады, мұндай жағдайда бұл екі органда адам үшін нағыз жаза болып табылады. Олар тудырған жағымсыз жағдайлар оны жегідей жейді, сөйтіп бақыт пен денсаулық ол адамнан теріс айналады».






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных