Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Даналық сабақтары. Шағын топтармен жұмыс .




· Құрметтілердің заңы – жақсылық жасап, ұрсыспауда. (Лао-Цзы)

· Дауласқан екі адамның ақылдысы кінәлірек (Иоганн Вольфганг Гете)

· Дауласпаған, айыпталмайды (шығыс даналығы).

· Даулас: ақылдымен келіс, ақымақты алда (Абай)

· Ойдан шығарылған дауды барынша тұтандырса, ол соғұрлым жылдам сөнеді. (еврей мақалы)

· Даулар жиі себепсіз болғанымен, салдарсыз болмайды (Конфуций).

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

- Ойлардың қайсысы сіздерге жақын, неліктен?

Оқытушы. Тұлғаның ішкі және сыртқы қарама-қарсылықтары өзара байланысты болады. Адамның психикасы сыртқы қарама-қайшылықтарды ішкіге және керісінше көшіруге қабілетті. Сонымен қатар трансферт көбінде адамның еркінен тыс, бейсаналы түрде жүзеге асады. Сыртқы қиындықтарының шешімінен бас тарқан адам ішкі қайшылықтарына бағынышты болады. Сырттай даусыз мінез-құлыққа бейім адамдар жиі өздерінің ішкі қиындықтарына үңіліп, үйреншікті әлеуметтік ортада өзін-өзі жүзеге асыра алмайды (мысалы монах болу таңдауын жасау). Басқалары керісінше өздерінің ішкі қайшылықтарын жеңіл кешіріп, өмірлерінде біршама табысқа қол жеткізгенімен, әрдайым моральмен татулықта болмай, жолдарында пайда болған сыртқы қиындықтарды белсенді шеше алады.

Өздерін тағдырларының қожайыны деп есептейтін (интернал) және орын алған жәйттердің себебін сырттан іздеп, ағыспен жүргенді қалайтын (экстерналдар) адамдар да болады. Даулы күйзелістерді өздеріп іздеп тауып, одан наұқты рахат алатын адамдар да кездеседі. Тығырықтан шығар болғамағанда қалыптасқан жағдайға байланысты дау-дамайға жол беретін адамдар да болады. Тепе-теңдігінен айыруы мүмкін нәрселердің барлығын көзіне ілмей, айқын киыншылықтардың өзіне назар аудармауға тырысатын адамдар бар. Мінез-құлықтың бір түрі көбінде тұлғаның өзіне байланысты болса, басқа жағдайда – қалыптасқан жағдайдан туындауы мүмкін. Алайда, мінез-құлықтың барлық түрлері әрдайым тұлға мен ортаның өнімдері болып табылады.

Астарлы әңгіме «Үш зәбір»

Шәкірттерін нақыл сөздерімен, астарлы әңгімелерімен бағыттап, тәлім-тәрбие беріп отыратын бір данагөй болған: Адамдар үш сөзбер зәбір көрсетеді. Олар сені ақымақ, құл не дарынсыз деуі мүмкін. Егер сендер де осындай жағдайға душар болсаңдар, қарапайым бір ақиқатты естеріңнен шығармаңдар: тек ақымақ қана басқаны ақымақ дейді, тек құл ғана өзгеден құлды іздейді, тек дарынсыз адам өзінің түсінбегенін басқаның есалаңдығымен ақтауға тырысады. Сол себепті ешқашан ешкімге ренжімеңдер, әрі өздерің де ақымақ дарынсыз құл ретінде атанбып кетпеулерің үшн ешкімге зәбір көрсетпеңдер.

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

· Астарлы әңгіменің мәні неде?

· Егер сіз де данагөй болсаңыз, айналаңыздағыларға қандай өмірлік кеңестерді берер едіңіз?

 

Жаттығу «Дау-дамайдан қашу»

Мақсаты: студентттерді шиеленіскен даулы жағдайда дұрыс амалды ұстану іскерлігіне үйрету. Конструктивті коммуникативті қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.

Нұсқау: Жұмыс шағын топтармен 4 кезеңде жүргізіледі. Әрбір кезеңнен кейін студентттер топшалардағы орындарымен, рөлдерімен алмасады.

 

1 кезең. «Сыртқы келісім»

Қағидасы: серіктесіңнің айтқандарының ішіндегі қайсібір сөздерімен келісу қажет (сырттай).

Мысалы: «Мен де бұл мәселені талқылауымыз керек деп есептеймін», «Бұл мені де сен сияқты толғандырады», «Оның ұнамсыз екендігіне келісемін»

Техниканың артықшылықтары: адамдармен келіскен оларға ұнайды. Серіктесіңіз сіздің достық қатынаста болып, тыңдауға даяр екендігіңізді сезінеді. Осылайша, мәселенің шешімі эмоциялы кезеңнен когнитивті аумаққа алмасады.

2 кезең. «Иә мен сондаймын, маған өзгеруге кеш»

Қағидасы: сіз серіктесіңізге оның сізге артқан кінәсінің сіздің тұлғаңыздың бір қыры екендігін хабарлайсыз.

Мысалы: «Мен ылғи да кешігіп жүремін, маған өзімді уақыттан тәуелсіз сезінген ұнайды, ол мен одан еркіндікті сезінемін».

Техниканың артықшылықтары: сізге дөрекі соқтығысу кезінде қолданылады, қарсыласыңызды қарусыздандырады.

Техниканың кемшіліктері: қарсыласын тығырыққа тіреп, қатты ашуландырады.

3 кезең. «Бұзылған пластинка»

Қағидасы: серіктесіңіздің наразылығы мен айыптарына сіз ол өзінің күш-қуатын сарп еткенше бірнеше мәрте кең мағыналы бір сөйлемді қайталай бересіз. Әдетте үш рет қайталаған жеткілікті.

Мысалы: «Бұл енді ешқашан қайталанбайды», «Мен бүгін оны талқылауға дайын емеспін», «Мен ол жайында ойланып көрейін», «Мен сені түсіндім».

Техниканың артықшылықтары: техниканың қолданылуы адамның эмоциялы қорларын үнемдеуіне мүмкіндік береді. Әрі дау-дамай да өршімейді.

4 кезең. «Шексіз нақтылау»

Қағидасы: сынға жауап ретінде сіз қарсыласыңызға нақтылаушы көп сұрақтарды қоясыз.

Мысалы: «Сіз нақты нені айтып отырсыз?», «Сіз ондай жағдайда маған қандай кеңес бере аласыз?».

Техниканың артықшылықтары: техниканың қолданылуы қарсыласыңның ұстанымын анықтап алуға мүмкіндік береді, эмоциялы қысымды төмендетеді, сынға қалай жауап беруге болатынын ойлануға уақыт береді.

Оқытушы. Бейсаналы ішкі дау-дамайды шешуде ерекше әдіс қажет болуы мүмкін. Ондай дау-дамайдың санаасты орын алатыны қиындық туғызатындықтан, оның себептері дау-дамайдың иесі үшін түсініксіздеу болады. Адамда бейсаналы деңгейде ішкі қысымды төмендетуге біршама ықпал ететін көптеген қорғаныс механизмдері болады. Сондай-ақ олар орын алған қиыншылықтарды жеңуге көмектеседі, қиындықтың ықтималды шешімдерін көрсетеді, тынығуға мүмкіндік беріп, келеңсіздіктерден қорғаныс болады, адамның «өзін-өзі сыйлау қабілетін сақтайды». Дегенмен, оның барлығы ақиқаттан белгілі бір дәрежеде бас тарту немесе оның бұрмалануының есебінен орын алады.Ол механизмдердің кейбіреулерін қарастырып көрелік.

Ығыстыру — ұнамсыз ойлардың бейсаналылық аумағына «ығыстырылуы», мотивті ұмытылуы.

Рационализация — өз әрекеттерін жеке басының ар-намысы мен өзін-өзі сыйлауының тұрғысында түсіндіру.

Жекелену — индивид қатысуға мәжбүр болған оқиғалардың ықтималды салдары туралы ойланудан бас тарту (ойлағысы келмеуі).

Проекция — кінәні өзге біреуге арту; тұлғаға тән сезімдер мен импульстерді өзге объектілерге таңу.

Сублимация — психиканың инстинктивті формаларын индивид және қоғам үшін едәуір қолайлы түрлеріне транформациялау арқылы қысымды төмендету.

Адам кейбір өмірлік жағдаяттарды ауыр қабылдауы мүмкін, оны қайсібір оқиғалар немесе айналасындағылардың әрекеттері ашуландыруы мүмкін, ол адамдардың нақты түрін ұнатпауы мүмкін. Ондай дау-дамайлардың себебін ада өзінен іздеуі қажет. Ол үшін сіздің жағымсыз реакцияңызды тудыратын бірнеше жағдаяттарды мұқият талдап, бірнеше сұрақтарға жауап беру қажет:

— Ол... мені не нәрсе ашуландырады?

— Ол... неліктен мен дәл осылайша қабылдаймын?

— Ол.... мен өзімді неліктен олай ұстаймын?

— Неліктен басқалар ол... басқаша қабылдайды?

— Ол... мен қаншалықты адекватты қабылдаймын?

— Менің ашуымның себебі неде?

— Бұрында менің басымнан ондай жәйт болған ба еді?

Адамның өзін-өзі жақсырақ түсінуіне көмектесуі мүмкін сұрақтардың басқа нұсқаларын қолдануға болады. Егер адам өзінің ішкі дау-дамайларының шынайы көздерін ұғына алса, ол ескі қиындықтарының жүгінен арылып, дағдарыс жағдайларына адекватты жауап бере бастайды. Тұлғаішілік дау-дамайлар және стрестер адамның дене және рухани қуаттарын сарп ету үрдістерін белсендіреді. Оларды қалпына келтіріп, іске қосу үшін, сондай-ақ жоғары қысымды жоюдың йиога, медитация, уатотренинг және т.б. әрқилы әдістері бар.

Жаттығу «Біз-олар»

Мақсаты: тұлғаішілік дау-дамайларды ұғыну шекараларын кеңейту. Студенттерді тұлғаішілік дау-дамайды бейтараптандыруға үйрету.

Нұсқау: Өміріңіздегі сізді бәрінен де қатты ашуландыратын адамды тауып, оның бойындағы өзгерткіңіз келген сіздің ұнатпайтын үш қасиетін сипаттаңыз. Енді өзіңізге үңіліп, өз-өзіңізден: «Мен өзімді дәл солай ұстағанда не нәрседе оған ұқсаймын?» деп сұраңыз. Көзіңізді жұмып, ойлануыңызға мұрша беріңіз. Кейін өзіңізден өзгерістерге дайынмын ба деп сұраңыз. Сіз өзіңіздің үйреншікті ойларыңыздан, сенімдеріңіз бен әдеттеріңізден арылғанда ғана, ондай адамдар сізге деген қатынасын өзгертеді немесе мүлде өміріңізден кетеді.

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

· Жағымсыз бейнені еске алғанда қандай эмоцияны кешірдіңіздер?

· Айналаңыздарға дау-дамайдағы ішкі бейнені бейтараптандырудың қандай тәсілдерін ұсына аласыз?

Оқытушы. Тұлғаішілік дау-дамайлардың адамға жағымды әрі жақымсыз салдары да болады. Егер дау-дамай шешімін таппаса, ішкі қысым күшее береді. Қысым нақты өлшемнен асқан соң (фрустрацияға деген толеранттылықтың жеке-дара деңгейі), адам психологиялық тұрғыда қажып, адам жанының тепе-теңдігінен айырылады. Ол күйінде адам туындаған проблеманы шеше алмайды. Дау-дамайдың жағымсыз салдары стрестерге, невроздарға, жоғары мазасыздыққа, жалпы психологиялық жабырқаңқылыққа немесе дау-дамайға ешқандай қатысы жоқ объектілерге бақытталуы мүмкін мқлшерден тыс агрессивтілікке ұласуы мүмкін.

Жағымсыз қорғаныс механизмі – регрессия – агрессияның кері жағы болып табылады. Регрессия проблеманы шешпейді, жағдай сол күйінде сақталынады әрі дау-дамайдың шығар жолын таппаған барлық энергиясы тұлғаның өзін жоюға бағытталады. Ол жөнінде Зигмунд Фрейд: «Өзіңді жоймас үшін, басқаны және басқаларды жою қажет»,-деп айтқан. Соңғы 20-25 жылдардағы психологияда катарсис – агрессивті импульстерді әртекті эрзац-объектілерге (қарсылас-қуыршақтар, спорт күрестеріне қатысу немесе оны бақылау, компьютердің көмегімен виртуалды ақиқатты құрастыру және т.б.) бағыттау арқылы одан арылу идеясы танымал бола бастады. Жапон елінде қоғамдық орындарында стрестен арылу бөлмелері бар. Онда адам аздаған төлем жасау арқылы оңашаланып, бірнеше арзан ыдыстарды шаға алады.

Осылайша, дау-дамай энергиясының қадағалаусыз сыртқа шығуы сияқты, оның жасанды сақталынуы да тұлғаға және оның айналасындағы адамдарға жағымсыз ықпал етеді. Тұлғаның адекватты эмоциялы реакциясы – конгруэнтілік (эмоциялардың дәлме-дәл сәйкес келуі, олардың ұғынылуы және айқындалуы) – тұлғаішілік дау-дамайдың едәуір тиімді тәсілі болып табылады. «Дау-дамай қаншалықты қалаусыз болса да, - дейді Пол М. Дизель және Уильям Мак-Кинли Раньян, — ол сыртқа шығарылғанда ғана әсері жойқын болмай, шын мәнінде ұғынылып, кешірілетін эмоциялар адекватты айқындалғанда ғана шешімін табады, - деп есептейді. Дау-дамайдың жағымды әсері төмендегідей:

· қол жетпеген мақсаттың тартымдылығы арта түседі;

· кедергінің орын алуы оны жеңуде күш пен құралдардың іске қосылуына ықпал етіп, мотивацияның қуаты өзінің жоғары шегіне жетеді;

· тұлғаішілік дау-дамай тұлғаның күрделі жағдайларда бейімделуіне және өзін-өзі жүзеге асыруына, ағзаның стреске тұрақтылығының артуына ықпал етеді;

· жағымды шешімін тапқан дау-дамайлар тұлғаның мінезін шынықтырып, мінез-құлқының табандылығын қалыптастырады.

Сонымен, тұлға мен оның айналасындағы адамдар үшін тұлғаішілік дау-дамайдың жағымды әрі жағымсыз салдары да болуы мүмкін.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных