Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сәлемдесу рәсімі. Қуаныш шеңбері.




Жаттығу «Бұл керемет!»

Нұсқау: студенттер шеңбер құрып орналасады. Қатысушылардың бірі ортаға шығып: «Студенттік өмірдің маған үйреткендері...», деген сөйлемді жалғастырады, ал қалған студенттер әрбір сөзден кейін саусағын жоғары қаратып, қолын алдыға созып, лақтырып: «Бұл керемет!» деп айтады.

Дәріс-әңгіме

Адам өзін дау-дамайда жеңгенде ғана өмір сүре бастайды

Альберт Эйнштейн

Оқытушы. Адамзаттың бүкіл тарихы бұл – сан ғасырлық соғыстар мен дау-дамайлар тарихы. Дау-дамайлар әрдайым болған әлі болады да, әрі олардың пайдасыз немесе патология деуге болмайды. Олар біздің өміріміздегі қалыпты құбылыс. Сірә, қоғам өзінің даралығы мен еркіндігінен айырылғанда ғана дау-дамайсыз болар. Өткеннің көрнекті ойшылдары дау-дамай адамның ішінде дей келе, адамның өзі даудың тасымалдаушысы деп есептеген. Дау-дамай бұл – қарама-қарсы жақтардың қақтығысы немесе жақтардың өзара әрекеттестігінің барысында туындайтын маңызды қарама-қайшылықтарды шешудің неғұрлым шиеленіскен тәсілі.

Дау-дамай әртүрлі бағыттардың тұрғысында ерттелінеді. Н.В.Гришина психологиялық дау-дамайларды қарастырудың дәстүрлі үш – мотивациялық, ситуациялық және когнитивті түрлерін атап көрсетеді. Н.У.Заиченко дау-дамайлар зерттелінетін негізгі алты: когнитивтік, мотивациялық, аналитикалық, іс-әрекеттік, энергиялық-эмоциялы, ұйымдастырушылық және жүйелі тұрғыларды атап көрсетеді.

Әртүрлі авторлар дау-дамайды түрліше анықтайды әрі әдетте «дау-дамай» ұғымының жалпы анықтамасын қолданады. Мысалы, А.И.Алексеева дау-дамайды адамдардың бір-біріне деген қарама-қарсылықтарының шарттылығымен түсіндіреді. Дау-дамайда адамдардың мақсаттары, қызығушылықтары қақтығысады, сондай-ақ онда оның мүшелерінің шынайы бәсекелестігі көрініс береді. Дау-дамайды үрдіс ретінде де түсінуге болады: ондай жағдайда ол қатынастарды тұрақтандыру құралдарын іздеу жолында әрекеттердің дамуы, табылмаған жол жағдайын анықтайды. И.П. Андриадидің пікірінше, дай-дамай бұл – «шешімі тұлғаішілік, тұлғааралық және топаралық қатынастардың біртіндеп дамуы». А.А. Ершов дау-дамайды «тұлғалар қарым-қатынастарының барысында және нәтижесінде қажеттіліктерінің, мотивтерінің, мақсаттарының, бағдарларының, көзқарастарының, мінез-құлықтарының сәйкессіздігінен олардың қақтығысы» ретінде анықтайды.

Дау-дамайларды басқару үшін оның құрылысы мен қызметін анықтап ажыратын алу қажет. Әрине, дау-дамайда ең алдымен дауласқан жақтарды және қарсыласу затын анықтауға болады. Алайда, оның басқа да құраушылары бар.

Конфликтогендер бұл – дау-дамайдың туындауы мен дамуына ықпал ететін сөздер.

Дау-дамай = проблема (қарама-қарсылық) + даулы жағдай + қатысушылары + оқиға.

Мұндағы қатысушы дау-дамайдың барлық фазаларына кіріктірілген субъект болып табылады. Дау-дамайдың пәні - бұл қарама-қарсы қызығушылықтар қалыптасатын объект болып табылады. Яғни дау-дамайдың пәні бұл – оның бастауы. Дау-дамайдың «кеңістігі» ұғымы дау-дамайдың пәнін қамтиды. Алайда, пән ол – бастау, ал кеңістік - даулы әрекеттердің аумағын құрайтын дүниелердің барлығы. Кеңістіктің элементтері, мысалы, ойын ережелері, мінез-құлық нормаларының себебінен түсінбестік орын алса, олар дау-дамайдың пәні болуы мүмкін.

Даулы жағдаят дау-дамай құрылымының маңызды элементі болып табылады. Кез келген дау-дамай даулы жағдаяттың барысында орын алып, туындап, шешіледі. Даулы жағдаят бірінші кезекте қарама-қарсы екі жақ немесе олардың бірі бұрынғы өзара байланыстың шеңберінде тіршілік ете алмайтын дау-дамайдың негізін құрайтын қарама-қарсылықтың шиеленіскен түрін қамтиды.

Астарлы әңгіме «Екі қасқыр»

Бұрынғы заманда бір қарт немересіне бір өмірлік ақиқаттың сырын ашады:

- Әр адамда екі қасқырдың күресіне ұқсас күрес жүреді. Қасқырдың бірі зұлымдықты: күншiлдiкті, қызғаншақтықты, өкiнiшті, өзiмшiлдiкті, жалғанды, шамданушылық, мансапты білдіреді. Екінші қасқыр мейірімді: бейбітшілікті, сүйіспеншілікті, үмітті, ақиқатты, мейірімді, адалдықты білдіреді. Атасының сөздері жанын тебіренткен немересі ойланып:

- Соңындай қай қасқыр жеңеді?-деп сұрайды.

Қарт жымиып:

- Сен жемдеген қасқыр жеңеді-, деп жауап береді.

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

· Астарлы әңгіменің мәні неде?

· Сіздер қарттың пікірімен келісесіздер ме, неге?

Оқытушы. Тұлғаішілік дау-дамайдың адамның ішкі әлемінде орын алатын психологиялық дау-дамайлардың ішіндегі ең күрделісі. Тұлғаішілік дау-дамайға берілмеген адамды елестету мүмкін емес. Сонымен қатар адам ондай дау-дамайларға жиі ұшырап отырады. Конструктивті сипаттағы тұлғаішілік дау-дамайлар тұлға дамуының қажет сәттері болып табылады. Бірақ деструктивті тұлғаішілік дау-дамайлар стрестерге ұласатын ауыр күйзелістерден, көрінісінің шеткі түрі – суицидке дейін тұлға үшін аса қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан әрбір адам үшін тұлғаішілік дау-дамайлардың негізін, себептері мен шешу тәсілдерін білген маңызды. Тұлғаішілік дау-дамай бұл - тұлғаның қарама-қарсы бағытталған мотивтерінің (қажеттіліктерінің, қызығушылықтарының, құндылықтарының, мақсаттарының, идеалдарының) қақтығысын білдіретін психикалық әлемінің ішіндегі дау-дамай.

Бейсаналы ішкі қақтығыс тұлғаішілік дау-дамайдың бір түрі болып табылады. Оның негізін бұрында толықтай шешімін таппаған әрі ұмытылмаған даулы жағдаяттар құрайды. Бейсаналы деңгейде біз өткен шағымызда шеше алмаған қиындықтарымыздың жүгін көтеріп, оларды қайтара шешуге әрекеттенгендей бұрынғы даулы жағдаяттарды қайта жаңғыртамыз. Өткен шақтағы шешілмеген жағдаятқа ұқсас жағдайлар бейсаналы ішкі дау-дамайдың қайта жаңғыртылуының себебіне айналуы мүмкін. Адамның өз-өзімен ішкі дауы қалыптасқан қағидаларын қайта ойластыруына мүмкіндік береді. Тұлғаішілік дау-дамайлардың түрлері:

· қажеттіліктердің қақтығыстары (өзіңнің де жегің келеді басқаға да дәм татқызу қажет);

· әлеуметтік норма мен қажеттіліктің арасындағы қақтығыс (махаббат
және норма);

· әлеуметтік нормалардың қақтығысы.

· құндылықтар қақтығысы;

· құндылық пен норманың арасындағы қақтығыс;

· құндылық пен қадеттіліктің және т.б.арасындағы қақтығыстар.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных