ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Рөлдік ойын «Лифтідегі оқиға».Мақсаты: Дау-дамай жағдайындағы әртүрлі сезімдер мен күйлердің мінез-құлықтағы көріністерін зерттеу. Нұсқау: Сегіз студент сыныптың ортасына орналасады. Қатысушыларға ойынның желісі түсіндіріледі: «Барлығыңыз – бір үйдің тұрғындарысыздар. Бір күні сабаққа бара жатқанда барлығыңыз лифтіде кептеліп қаласыздар. Әркімнің әртүрлі сезімдері байқала бастайды. Қандай сезімнің орын алатындығын – үлестірмені алғанда білесіздер. Сіздің эмоциялы мінез-құлқыңыз үлестірмеде жазылған күйге сәйкес келуі тиіс. Оны сөзбен атап айтуға болмайды». Студенттердің айналасында, арқалары ішке қаратылып, орыныдықтар қойылады – ол лифтіні бейнелейді. Студенттердер жағдайды 7-10 минут көлемінде баяндап, көрсетеді. Қалған студенттер бақылап отырады. Сезімдер мен күйлердің атаулары жазылған үлестірмелер: · «Қуаныш, шаттық, рахаттану...»; · «Қызығушылық, толқу, қозу...»; · «Қайғы-қасiрет, бейнет, жабығу, депрессия...»; · «Ашу, ыза, наразылық, зығырданы қайнау...»; · «Қорқыныш, мазасыздану, қауіптену...»; · «Жек көру, тәккапарлану, менсінбеу...»; · «Ұялу, өзін-өзі жою, ыңғайсыздану...»; · «Таң қалу, таңдану...».
Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар: · Эмоциялы күйді қалай жеткізе алдыңыз? · Өмірдегі дау-дамайда ол сезімді қалай көрсетемін? Бақылаушылар кімнің қандай сезімдерді көрсеткендеріне қатысты өз болжамдарымен бөліседі. Оқытушы. Шамамен бірдей даулы жағдайларда әртүрлі адамдардың өздерін әрқилы көрсететіндерін байқау қиын емес. Әлеуметтік психология адамдардың даулы жағдайлардағы мінез-құлықтарының едәуір кең таралған тқрт түрін көрсетеді: «Бірінші тип – дау-дамайдың дамуына ықпал ететін агрессивті мінез-құлық, екіншісі – ымырашылдыққа бейімділік жайында дәлелдейтін мінез-құлық, үшіншісі бағынуға бейімділікке, яғни шешімді қарама-жақтың қабылдауына байланысты; төртінші тип даудан қашу бейімділігін анықтайды». Шынайы өмірде аталмыш типтер «таза күйінде» кездеспейді, бірақ адамдардың көпшілігін даукес мінез-құлықтың қайсыбір түріне жатқызуға болады. В.И.Сперанскийдің ойынша дау-жанжалдарға бейім адамдарды: даукес және даулы деп екі топқа бөліп, қарастыруға болады. Бірінші топқа істердің қазіргі жағдайының, басқару әдістерінің, қиындықтарды шешу тәсілдерінің және т.б. тұрақты қарсыластары. Олар үшін ақиқаттың сара жолынан гөрі, өзгелерден ерекше жеке-дара ұстанымдары артығырақ. Олармен бір ұжымда қызмет ету қиын, алайда ондай мәңгі «негативистер» ақиқатты іздеуге өзгелердің белсенділігін ынталандырады. Екінші топқа даулы адамдар енеді. Ол шексіз эгоцентризмге ие, өзін-өзі жоғары бағалайтын, нарциссизмге шалдыққан, адамдардың сеніміне кіре алатын адамдар. Алайда олар достық қатынастарды ұзақ мерзімде сақтауға және адал ниетпен еңбектенуге қабілетсіз келеді. Ол адамдар айналасындағылармен өзара әрекеттесіп, эмоциялы қақтығыстардың бастауына айналады. Жаттығу: «Тегін қол жетімді 20 қуаныш». Мақсаты: студенттердің жағымды көңіл-күйін қалыптастыру. Нұсқау: дәптерге қол жетімді жеңіл 20 қуанышты жазып шығу. Студенттер жеке-дара тізімдерін құрастырып болған соң, педагог оларды үш адамнан бірігіп, талдап, дербес тізімдерін толықтыруды ұсынады. Оқытушы. Әр адам өзінің жанжалдасу қырын басқара алуы тиіс: өзінің қиындықтарын өзге құралдармен шешу мүмкін болмаған жағдайларда ғана қолдану; даулы белсенділігін қажет арнаға, қажет уақытта және адекватты пропорцияда бағыттау; өзінің «мқлшерден тыс» даукестігін тежеп, оны өзінің және айналасындағы адамдардың пайдасына қолдану. Сонымен қатар, дау-дамайға сәйкес орын арнап (драмаламай), даулы жағдайдан нақты пайда алу. Индивид тап болған жағдайдың адекватты бағалануы тұлғаішілік дау-дамайлардан шығудың негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады. Ол индивидтің өзін-өзі бағалауын және орын алған қиындықтар күрделілігінің бағасын қамтиды. Әлеуметтік психологияда рефлексия деген ұғым бар – адамның өзінің жағдайына сыртқы бақылаушының тарапынан көз тастауы, сонымен қатар ол жағдайда өзін және өзінің басқа адамдармен қалай қабылданатынын ұғынуы. Рефлексия адамның ішкі кысымының, күцзелістері мен мазасыздануларының шынайы себептерін анықтауға, қалыптасқан жағдайды дұрыс бағалауға және дау-дамайдан шығудың есті жолын тубыда көмектеседі. Танымал психотерапевт Максуэлл Мольц өзінің «Мен бұл – Мен немесе Қалай бақытты болуға болады» кітабында адамға жеке-дара дай-дамайларын шешуге көмектесуі мүмкін бірқатар пайдалы кеңестерді ұсынады. Ол кеңестердің көбісі өзіндік рефлексия феноменіне негізделеді. Олардың кейбіреулерін қарастырып көрелік: · дербес «Менінің» орынды бейнесін қалыптастыру. Өзі жайында барлық шындықты білу. Ақиқатқа тура қарай алу; · деректер жайындағы түсініктерге емес, деректердің өзіне жауап беру; · адамдардың сіз жайлы не ойлайтынддарына, қалай бағалайтындарына баса назар аударудың ұажеті жоқ; · сыртқы қоздырғыштарға тым эмоциялы жауап бермеу, оларға деген реакцияңды біршама тежеу («мен ол жайында тек ертең ойланамын»); · өз-өзіңе деген жанашырлық, реніш сезімдерін әдетке айналдырмау; · өзіңді және өзгелерді кешіре алу, кешірім сауықтырады; · агрессияны қажет арнасына бағыттай алу. Эмоциялы жүктеменің артықшылығын шығару үшін, адамның қорғаушы клапаны (дене жүктемелері, шығармашылық, жаяу дүру және т.б.) болуы тиіс: — «жел диірмендерімен күреспеу». Шынайы орын алған дүниелерге ғана эмоциялы жауап беру; — «түймедейден түйедейді етпеу», жағдайды, барлық салдарымен шынайы бағалау; — Нақты айқындалған мақсатты діттеп, оған қол жеткізуге тайсалмай ұмтылу. Мүмкіндігінше қол жетімді мақсаттарды көздеу; — Батыл да мақсатты әрекет ету, қорғанбай, шабуылдау. Дау-жанжал кезінде адамның эмоциялары оның ақылға қонымды әрекет етуіне кедергі келтіреді. Қажетсіз әрі ауыр жүктен арылу үшін адам өзінің эмоцияларын басқарып, өзінің реніш, ашу, қорқыныш, жек көру және т.б. сезімдерінің артық мөлшерінен жүйелі «тазартылып» отыруы тиіс. Ол үшін әрқилы амал, тәсілдерді қолдануға болады, мысалы: достардың арасында шер тарқатуға, спроттық ойындарда «жеңілдеуге», оңашада есіруге (өзгелер естімейтіндей), ескі журналдарды жыртуға, матрацты жұдырықтауға және т.б. жасауға болады. Эмоциларының жүгінен арылған адам өзінің қиындықтарын шешу үшін қосымша қоларға ие болады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|