Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Даналық сабақтары. Шағын топтармен жұмыс.




Ø Кез- келген махаббат өз бетінше шынайы да керемет, тек ол адамның миында емес жүрегінде болса болғаны. (В Белинский)

Ø Махаббат - құштарлықтардың ішіндегі ең қуаттысы, өйткені ол бір уақытта адамның миын, жүрегін және тәнін жаулайды. (Ф.Вольтер)

Ø Біз барлық қуаныштардың бастауына айналғымыз келеді, ал егер ол мүмкін болмаса, ғашық болған адамымыздың барлық бақытсыздықтарын кешіруді қалаймыз.(Ж.Лабрюйер)

Ø Еркіндік дегеніміз жауапкершілік, сол себепті көпшілігі одан үрейленеді.(Б. Шоу)

Ø Періштелер оны аспандағы ғанибет десе, шайтандар – жаһаннамның азабы десе, адамдар – адамдар-махаббат деп біледі.(Г.Гейне)

Ø Сүйікті болу бай болудан артық, өйткені сүйікті болу – бақытты болу деген сөз. К.Тилье

Ø Махаббат жалғыз да, ал оның жалған түрі сан мыңдап саналады. Ф.Ларошфуко

Ø Махаббат деген –қажеттілік пен сезімнің ұласуы. О. Бальзак

Оқытушы. Адами қасиеттер мен көріністердің қатарында махаббат ең ұлы да ең тартымды құпия сезім болып табылады. Ондай сиқырлы сезімнің жұмбағы әлі көп жылдар бойы әр жастағы, ұлты, әлеуметтік тұрғылары әртекті адамдарды толғандыратын болар.

Астарлы әңгіме «Бізге өмір сыйлағандар туралы»

Бозбала өзге ұлттың қызына ғашық болады. Оған үйленуге бел буады. Бойжеткен болса: «Мен саған тұрмысқа шығамын, бірақ алдымен сен мен үшін жүз істі атқарып шық,-деп айтады. Жігіт қыздың еркеліктерін орындай бастайды. Алғашында ол жігітті бірде-бір тірегі жоқ жартасқа шығуға, кейін сол жартастан секіруге мәжбүрлейді. Жігіт секіріп, аяғын сындырып алады. Онда қыз жігітке жүріп, ақсамай жүр деп бұйырады. Одан да басқа қолдарын су қылмай көлді жүзіп өту; асау атты тоқтатып, тізерлету; қыздың кеудесіндегі алманы бөлу тапсырмалары беріледі. Жігіт тоқсан тоғыз істі орындап шығады. Біреу ғана қалады. Содан қыз: «Енді анаңды және әкеңді, өз тіліңді ұмыт», - деп айтады. Жігіт көп ойланбастан атқа мініп, атын қамшылап, мәңгілікке ғайып болады.

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

· Бозбаланың орнында болсаңыз сіз қайтер едіңіз?

· Сүйікті адамды таңдауда қалауларыңыз қандай?

Жаттығу «Арманыңдағы адамның келбеті»

Нұсқау: Өмірді бірге кешіруге даяр адамды елестетіңіз. Таңдаған адамыңыздың мінез бітістері мен рухани қасиеттерін тізіп шығыңыздар.

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

· Сіздің таңдауыңыз қандай негізде жүзеге асырылды?






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных