Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Астарлы әңгіме: «Тату отбасы».




Ерте, ерте, ертеде бір отбасы болыпты. Ол жай отбасы болмапты. Ондағы адамдардың саны 100-ге тартыпты әрі тұтастай бір ауылға сайыпты. Олар солай бір отбасы және тұтастай бір ауыл болып тіршілік етіпті. Сіздер: жер жаһанда үлкен отбасылар аз ба деп ойлайсыздар. Алайда мәсле басқада, ол отбасы ерекше жанұя болған екен – онда, яғни сол ауылда татулық пен бейбітшілік орын алған екен. Олар бір-бірімен ұрсыспайды да, тіптен төбелесіп, жанжалдаспайды да екен. Ол жанұя туралы хабар әміршінің құлағына де жетіпті. Ол адамдардың айтқандарының рас-өтірігінн тексеруге бекінеді. Ол ауылға келіп, айналаның айнадай тазалығын, көз тартарлық әдемілігін, асып-төгілген дәулет мен татулықтың орын алғанын көріп, жаны жай тауып, рахаттанда. Балалардың көңілі жай, қарттардың көңілі тыныш. Әмірші таң қалғанын жасырмайды. Ол ауылдың осындай татулыққа қалай қол жеткізгендерін білгісі келіп, отбасының басшысына келеді; одан отбасында осындай келісім мен татулықты қалай орнаттың деп жасырмай сұрайды. Ол болса қолына бір қағазды алып, әлденелерді жаза бастайды. Ұзақ жазады, оның сауаттылығының аса керемет емес екендігі байқалып тұрады. Кейін ол қағазды алып әміршінің қолына ұстатады. Ол қағазға қарап, қарттың шимай-шатпақтарын түсінуге тырысады. Әрең түсініп, таң қалады. Ол қағазда – сүйіспеншілік, кешірім, шыдамдылық деген үш сөздің ғана және парақтың соңында жүз есе сүю, жүз есе кешіру, жүз есе шыдамды болу деп жазылғанын көреді. Әмірші оқып, басын қасып: «Осы-ақ па?»-деп сұрайды.

· «Иә»,- дейді қарт, «кез келген жақсы отбасы тіршілігінің негізі осы» -деп тіл қатады.Сосын ойланып:

- Татулық та маңызды – деп қосады.

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

· Астарлы әңгіменің мәні неде?

· Сіздер отбасының құндылығын нығайтатын сөздердің тізімін кеңейткіңіз келе ме?

Жаттығу: «Жылы сөз»

Мақсаты: студенттердің өздерінің және айналасындағы жақын адамдардың психологиялық сипаттамаларын анықтау іскерліктерін дамытуға, өзін-өзі талдауға ықпал ету.

Нұсқау: Өз жақындарыңызды, таныстарыңызды, туысқандарыңызды қандай жылы сөздермен атайтындарыңызды естеріңізге түсіріп, жазыңыздар.

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

· Оларды қандай жағдайларда пайдаланатыныңыздарды ойланып көріңіздерші?

· бір нәрсе керек болғанда ма әлде ол адамға өтініш білдіргенде ме?

· Не болмаса көңіл-күйлеріңіз жақсы болғанда ма?

· Оны жиі қолданасыздар ма?

· Олай болмаса, неге?

· Адамдарға жакын сезімдеріңізді білдіруде не нәрсе кедергі болуы мүмкін?

· Адамдарды жылы сөздермен атағанда қандай сезімде боласыздар?

· Олай атаған адамдар сіздің жылы сздеріңізге қалай жауап береді?

Оқытушы. Әрбір бақытты отбасының өзіндік құпиялары бар. Сіз үшін бақытты отбасы-сөзінің мәні неде деп ойлайсыз? Отбасы және сүйіспеншілікті сақтап қалу сіздің үздіксіз назарыңызды, уақытыңыз бен қуатыңызды талап ететін күнделікті жұмыс іспеттес. Егер сіз отбасылық өміріңізде бір-біріңізбен сүйіспеншікті, сенім мен өзара түсіністікті сақтап қалғыңыз келсе ол үшін сіз қатынастарыңызға тұрақты түрде күш-қуат жұмсауда аянбауыңыз керек. Бірлескен жобалар мен міндеттер отбасындағы бақытқа негізделген қатынастарды орнтауға өз септігін тигізеді. Сірә, ол отбасын сақтап нығайтудағы, отбасы мүшелерінің сүйіспеншілігі мен өзара қызығушылықтарын сақтаудағы қуатты құралдардың бірі болар. Егер де сіздердің ортақ жобаларыңыз болса, егер сіздер бір ортақ нәрсеге ұмтылыс білдіретін болсаңыздар, онда сіздерге бірге қызықты болып, қуанышты сәттеріңіз толастамайтын еді. Сіздердің әрдайым талқылауға болатын әңгімелеріңіз аяқталмайтын еді. Отбасы бұл – қиын қыстау мезеттерде көмекке келетін, жетістіктеріңізге бәрінен де артық қуанатын жақын адамдарыңыз.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных