ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сәлемдесу рәсімі. Шаттық шеңбері.Жаттығу «Алға адым» Нұсқау: Оқытушы екі студентті тақтаға шақырып, бір-бірінен әр жақтан бетпе-бет тұруды ұсынады. Содан кейін олар бір-біріне қарай қадам жасап, әлдебір жақсы сөздерді айтуы тиіс. Студенттер бір-біріне жақындағанша адымдай береді. Махаббат – тіршілігіміздің басы мен аяғы. Махаббатсыз өмір жоқ. Сондықтан махаббат ол дана адам бас иетін дүние Конфуций. «Қадалған көз тартарлық, Жігер отын жанар ғып. Эвереске шыққандардың тізімі Саусақпенен санарлық. Махаббат та шың сияқты: Күн жақындап қасына, Бұлт қонатын тасына, Қыран тектес жандар ғана шыға алады басына». М.Шаханов Ия, егер біз махаббатты Эверест шыңына теңесек, әлемдік деңгейде күні бүгінге дейін ол биіккекөтерілген адамдар некен-саяқ. Біреулер ғаламат шыңның етегіне барып құлайды. Ортасына дейін, тіпті, одан да ары жылжитындар бар. Бірақ, адам баласы үшін сол таңғажайып шыңға шығуды мақсат тұтудың, солай қарай бет бұрудың өзі үлкен жетістік. Енді, біреулер үйленуді, ұрпақ өсіруді, өмір жолында бірлесіп қимылдауды махаббатқа балап жатады. Дұрыс. Әйтсе де, бұл махаббаттың жеке-жеке бөлшектері ғана. Махаббат – адам жүрегін нұрлы қуанышқа бөлеп, рухына қанат бітіретін ең күшті, ең тұрақты, ең асқақ сүйіспеншілік сезімі, «сол себептен» емес, «ештеңеге қарамай» сүйетін іңкәрлік. Махаббат – өмірдің мәні, жұпар шашқан гүлі, тамылжыған ән-жыры. Даналар: «Сүйіп көрмеген – өмір сүріп көрмеген», – десе, осы заманның ақын – философы: Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|