Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Гидравликалық әсер ету кезіндегі қауіпсіздік әдістері




 

Мұнайдың құрамында парафиннің, асфальтендердің және шайырдың көп болуынан қабаттың түп аймағында сүзілу сипаты нашарлайды. Зерттеулер көрсеткендей, көптеген өндірістік үлгілер бойынша асфальтенді-шайырлы-парафин шөгінділері (АСПО) келесі орташа топтық құрамнан тұрады: парафин 20-30%, шайыр 10-15%, асфальтендер 30-45%. Мұнайды көтерудің тиімді әдістерінің бірі, ұңғының түп аймағына термогазохимиялық әсер ету әдісі болып табылады, ол 1975 жылдан бері қолданып келеді.

Термогазохимиялық әсер ету әдісін енгізу, жарғыш зарядын АДС (аккумулятор давления для скважин) және оның жануы үшін 220В кернеу беру арқылы қолданумен байланысты.

Өндірісте ұңғының түп аймағына термогазохимиялық әсер ету кезінде еңбек қауіпсіздігі көбіне берілген технологияның жаңартылуына және ұңғыларды жерасты және күрделі жөндеу бригадаларының техникамен қамтамасыз етілу дәрежесіне және сондай-ақ осы жұмыстар кезінде жұмыскерлерді қауіпсіздендіру әдістерінің ережелерін оқытылуына байланысты Термогазохимиялық әсер ету әдістері күндіз өткізілуі тиіс. Сағаның жанында АДС жинаудың бастау мезгілінде ұңғы өшіру сұйығымен толтырылуы қажет, газдың жоғары және жинау операцияларының аймағына шығуын алдын алу үшін, ондағы гидростатикалық қысым 3 МПа болу керек.

АДС зарядтарын иницирлеу үшін электрлық импульсті беруді геофизикалық партияның лабораториясының типтік автомобилінің панелінен жүргізіледі.

Өнімді қабаттардың бір метрін өңдеу үшін, есептеу негізінде және тәжірибе бойынша 20 кг жарғыш қолдану қажет. 10 және 91 метрдегі өнімді қабаттардың қуаты өзгеруі кезінде, өңделетін ұңғылардың жанында біруақытта 150-300 кг-ға дейін жарғыш болуы мүмкін, сол үшін осындай жағдайда міндетті түрде өз жұмыс орнын тастап, қауіпсіз жерге баруы қажет.

Термогазохимиялық әсер етуді жүргізу алдында орнатылатын ЗП – 350 – 120 – 240 түріндегі задвижка (БПО – да)өндірістік қызмет ету базасында престеледі.

С.Нұржанов кен орнындағы орташа қысымы 22,О МПа (220атм) ұңғының максимальды тереңдігі 2400 м, яғни орташа қысымы: 22,0 x 1,5 = 33,ОМПа (330 атм). Тығыздығы р = 1,0 т/м3 МПа болатын, 2400 м тереңдіктегі ұңғыны сумен толтыру кезіндегі, қабатқа сұйық оқпанының гидростатикалық қысымын аламыз.

 

Ргидр = 2400х 1,0 = 24, ОМПа (240 ат) (4.2.1)

 

Бұл өлшем Ргидр ұңғының түп аймағына термогазохимиялық әсер етуді жүргізу үшін аз болады, яғни асфальтты – шайырлы – парафинді шөгінділердің, осылардың әсерінен қабаттың сұйықты жұту және де оның жоғары температурада жану және ұңғы қабырғаларының жылу әсерінен тез жойылуы есебінен АДС зарядының жануынан қабаттың түп аймағының өткізгіштігі жоғарлайды.

Осының әсерінен ұңғыдағы сұйық төмендейді, гидростатикалық қысым қабат қысымынан төмен болады, онда су, газ және қабат энергиясы әсерінен лақтыру болады.

Сондықтан басу сұйығын ауырлату қажет, ол үшін мына формуланы қолданамыз:

 

Sсұй = =1,375 т/м3 (4.2.2)

 

мұнда: Sсұй - сұйық тығыздығы

Р – жартылай қабат қысымы

Н – Ұңғы тереңдігі – 1,375 т/м3 аламыз.

Яғни, мұнай, газ шығуын алдын – алу үшін және жартылай қысым тудыру үшін, тығыздығы 1,375 т/м3 болатын өндіру сұйығын қолдану керек.

Ауырлату үшін әртүрлі минералдарды қолданады. Ауырлатқыштар түрінде көбінесе барит (тығыздығы 4,5 т/м3) және гематит (тығыздығы 5,19 – 5,28 т/м3).

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных