ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Рт пен газды анықтау
Өртпен газды анықтау жүйесінің міндеті от немесе газ шығуын анықтау, апаттық тоқтату жүйесін іске қосу, көбікпен және сумен өртті сөндіруді, босату жүйесін іске қосу, жылу және желдету жүйелерін ажырату, жұмысшыларды, қоршаған ортаны және күрделі қаржыларды максималды қорғау мақсатында дабылдарды іске қосу болып табылады. Өртті анықтау аспаптары өрттің пайда болуы қондырғыға үлкен қауіп төндіреді деп қарастырылған жерлерде қондырылған. Өртті анықтау жүйесінің мақсаты: - өртті дер кезінде анықтау; - жұмысшыларға қауіп туралы хабар беру; - апаттық тоқтату жүйесін іске қосу; - өрт сөндіру және өрттен қорғау жүйелерін іске қосу. Өрт детекторлары өрттің алғашқы белгілерін анықтау үшін әрбір алаң үшін жеке таңдалған. Өрт детекторларын орналастыруда келесілер ескерілген: - желдету ауасы ағынының сипаттамасы; - ыстық жанғыш газдардың күтілетін ағысы; - біліктермен, жабдықтармен немесе құбырлармен экрандау; - технологиялық жүйелерді пішіндеу; - технологиялық қызмет көрсету және сынау үшін байланыстар. Сызықтық жылулық детекторлар ашық алаңдарда орналастырылған қауіпті ыдыстармен сораптарда қолданылады. Апаттық дабылдарды қолмен іске қосу пункттері алаңның барлық жерінде және оператор бөлмесінен шыға берісте орналастырылған. Бұл пункттер “Айнаны сындыр” деген түрде болады. Олар іске қосылған уақыттан бастап айнаны ауыстырып қолмен қайта орнына қойылғанша қосылған күйінде қалады. Тұрақты анықтау жүйелері “Өрт дабылдарымен газ анықтағыштардың орналасуы” сызбасында көрсетілген белгілі орындарда қондырылған. Газ анықтау жүйесі келесілерге мүмкіндік береді: - улы газдарды анықтау және жұмысшыларға қауіп туралы хабар беру; - барлық территорияда дыбыстық дабылды қамтамасыз ету; - жылу және желдету жүйелерін апаттық тоқтатуды жүзеге асыру; - апаттық тоқтату жүйесінің алдын алу шараларын іске асыру және өрт көздерін оқшауландыру. Улы газдарды анықтау алаңның барлық жерінде орналастырылған жылжымайтын H2S детекторларымен жүргізіледі. Детекторлар H2S-тің белгіленген 5 nnm (төменгі деңгей) 20 nnm (жоғары деңгей) шоғырлануында өздігінен іске қосылады және “өртпен газдың пайда болу себептері” сүлбесінде көрсетілгенлей дабыл және апаттық тоқтату жүйелерін іске қосады, жылу жүйесін ажыратады. Әкімшілік бөлмелерде ауаның иондалған детекторлары және жылулық СП-детекторлар қолданылады. Жанғыш және улы газдарды анықтау үшін электрохимиялық, металл тотығынан жасалэлектрохимиялық, металл тотығынан жасалған қатты денелі дәл анықтау детекторлары қарастырылған. Апаттық дабыл графикалық имитатор көмегімен дисплейде көрсетілу үшін тізбекті байланыс арқылы PLC бақылау жүйесіне беріледі. Отпен газға арналған дисплейде графикалық имитатор PLC бақылау жүйесінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады. Бақылау панелі диспетчер бөлмесіндегі негізгі басқару пультінен көрінеді. Бақылау жүйесінің артық батареялары және зарядтау жүйесі бар бұл алаңға электр қуатын беру тоқтаған кезде бақылау жүйесін тізбектей өшіруге мүмкіндік береді. Артық батареялар екі сағат пайдалануды қамтамасыз етеді.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|