ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша шешімдер
Еңбектің қауіпсіз жағдайын қамтамасыз етуге және зиянды, жарылғыш-жанғыш заттардың шығуының алдын алуға бағытталған негізгі шаралар технологиялық аппараттардың және құбырлардың беріктігімен саңылаусыздығын қамтамасыз ету, алыстан басқару және өндірістік үрдістерді жоғары деңгейде автоматтандыру, газ бөлінуін жедел анықтау жүйелерінің (байланыс, ауаны бақылау және апаттық дабыл беру жүйелері) бар болуы және тұрақты жұмыс жасап тұруы, зиянды және жарылу қаупі бар өндірістерді жеке орындарда немесе ашық алаңдарда орналастыру, өндіріс бөлмелерінде желдеткіштерді қолдану, коррозияға шыдамды материалдардан жасалған жабдықтарды, құбырларды және аспаптарды қолдану, металл конструкцияларды коррозиядан қорғауды қамтамасыз ету, арнайы жабыны бар жабдықтарды қолдану және көп қабатты аппараттарды қолдану, апаттық бөлгіштердің болуы, коррозиядан қорғаудың технологиялық тәсілдері, алаулы оттық жүйелерінің бар болуы және олардың шығарылған газды тұрақты өртеп тұруы болып табылады. Объектіні пайдалануға тапсырғаннан кейін құбар қалыңдығының өзгеруіне, жер бетіндегі жабдықтарда және құбырларда ұсақ жарықтардың пайда болуына қатаң бақылау жүргізіледі. Бақылау жүргізудің тәсілімен уақыты технологиялық регламентпен анықталады және химиялық, ақаулық зертханалармен бірге кәсіпорынның техникалық тексеру ұжымы жүргізеді. Технологиялық жүйелерде апаттардың алдын алу және оның дамуына жол бермеу үшін апатқа қарсы құрылғылар қолданылады: ілмек, ілмек-реттеуші арматура, клапандар, бөлгіш және басқа ажыратқыш құрылғылар, қысым артуынан сақтандыратын қондырғылар, жалынды жою және өшіру құралдары, жарылысты өшірудің автоматты жүйелері. Парафин шөгінділерінің сыйымдылықтары шекті жоғары деңгей дабылдарымен жабдықталған. Коррозия және парафин шөгінділері ингибиторларын, метанол ертінділерін дайындау жұмысшының жанасыуынсыз жүзеге асырылады және жабық тәсілмен қарастырылған. Коррозия және парафин шөгінділері ингибиторларын беру желілерінде ілмек арматура орнатылған. Коррозия және парафин шөгінділері ингибиторларына арналған сыйымдылықтар күн сәулесінің тікелей түсуінен сақталған. Зиянда, жарылу және өртену қаупі бар заттар бөлмелерден желдету жүйелері арқылы шығарылады. Жарылу және өртену қаупі бар бөлмелерде және сыртқы қондырғыларда (төмен қысымды газ тарату айырғышы, орта қысымды газ тарату айырғышы, мұнайды тұрақтандыру, конденсат айыру, отындық газды тазалау, отындық және жоғары күкіртті газды кептіру, сұйытылған пропанды фракцияландыру және төмен қысымды жоғары күкіртті газды салқындату қондырғылары, шығару манифольді, тесттік айырғыш, технологиялық суды тазарту жүйесі, құрамында көп мөлшерде тұз бар бұралқы сулар алаңы, алаулы оттық және жабық кептіру жүйелері алаңдары және т.б) автоматты өрт сөндіру және өрт дабылдары қарастырылған. Автоматты көбікпен өрт сөндіру келесілерде қарастырылған: конденсат, коррозия және парафин шөгінділері ингибиторларын, метанол айдау сораптарында және алаулы оттық айырғыштарында. Жоғары қысыммен жұмыс жасайтын аппараттармен жабдықтар сақтандырғыш клапандармен, ілмек арматурамен, технологиялық параметрлерді автоматты бақылау, өлшеу, реттеу құралдарымен қамтамасз етілген. Парафин шөгінділері ингибиторларын сақтайтын резервуарлармен сыйымдылықтар зиянды заттардың төгілуін болдырмау үшін сұйық деңгейіналыстан өлшеу құралдарымен, шекті жоғары деңгей дабылымен және шекті жоғары деңгейге жеткенде сұйықты беруді автоматты тоқтату жүйесімен жабдықталған. Жұмыс орнына жақын және жұмысшы өткедерде орналастырылған сыртқы температурасы 45*С жабдықтардың ыстық беттері және құбырлар сақтандырғыш қаптармен немесе еденнен не алаңнан 2м. биікте жылулық оқшауландырылған. Ашық сораптық жабдықтар сораптармен жұмысшыларды күн радиациясынан, шаңнан, құм және қар борауларынан қорғау үшін аспалармен және қалқандармен жабдықталған. Парафин шөгінділері ингибиторларын айдау компрессорлары шуының деңгейі – 85дБ, ауа компрессорныкі – 82Дб. шуды төмендету шаралары қарастырылған. Парафин шөгінділері ингибиторларын айдау ортадан тепкіш сораптары білігінің дірілдеу деңгейі тұлғаға қатысты-28 микрон, бұл шекті мүмкін шамадан айтарлықтай төмен, ал ауа компрессоры білігінің дірілі тәжірибеде нөлге тең. Технологиялық жабдықтардан болатын дірілмен шуды азайту үшін шуылдайтын және дірілдейтін механизмдер қаптармен қапталған, иілгіш байланыстар, сепімді төсемдер және серіппелер қондырылған, ауыр дірілдейтін жабдықтар жеке іргетастарға орналастырылған, діріл қаупі жоқ және аз шуылдайтын машиналар қолданылған, діріл және шу болатын жұмыс орындарында жұмыс уақыты қысқартылған. Апат нәтижесінда адамға зиянды және қаупі заттардың әсері болуы мүмкін учаскелерде 200л. суы бар апаттық душтар, көз жуатын фонтандар бар. Технологиялық қондырғылардың әрбір алаңдарының екі жағында ұнтақпен өрт сөндіргіштер, алғашқы өрт сөндіру құралдары, өрт гидранттары орналастырылған. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|