Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






КЕЗЕҢДЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ




 

Әр кезеңге арналған тапсырмалар тізімі.

ОҚТЕ бойынша тәжірибелік дағдыны тапсыру үшін әр кезеңде студентке көлеміне қарай 2 «қадамнан» тұратын 10 нұсқа таңдауға беріледі. Әр «қадам» емтихан қабылдаушыға арналған бақылау жөніндегі ақпаратқа қарай баллдық жүйе бойынша бағаланады.

 

1-кезең

Билет№1

1. - Газ талдағыштың өлшемі – 110х80х45мм,

- газ талдағыштың ток көзімен бірге салмағы 350 грамнан аспайды,

- тоқ көзінің кернеулілігі – тұрақты токта 4,8В

2. Әмбебап газ талдағыштың жұмыс істеу тәртібі:

· Қосу (ON) немесе Өшіру (OFF).

· Индикаторда көрінетін белгілер тәртібін орналастыру.

· Газ концентрациясына қарай дыбысты ескерту белгісін нақтылау.

· Индикатор жарығын қосу (15 сек кейін өздігінен сөнеді).

· Параметрлерді көру.

· Қолдану уақыты кезіндегі белгілерді таңдау.

· Техникамен қамтамасыз ету деңгейіне жету.

· Берілген мәліметтердің дұрыстығын нақтылау.

 

Билет№2

1. Радиометр – дозиметрінің негізгі құрамды бөліктері:

- сәулелік детектор.

- микробақылау негізінде өлшейтін ақпаратты өңдеу блогы.

- сұйық кристалды дисплей (СК-дисплей).

 

2. Радиометр – дозиметрінің жұмыс істеу тәртібі. «ҚОСУ/ӨШІРУ» тетіктерін басу арқылы дозиметр – радиометрін қосқан соң СК – дисплейде «ҒО.ОО» мәліметінен кейін 20 секундтан соң алғашқы өлшеу қорытындысы, мысалы «ҒО.15» көрсеткіші жазылады, яғни дозиметр – радиометрі жұмыс істеуге дайын.

«Режим» тетігін бір рет басу құралды амбиентті эквивалентті дозаның қуатын өлшеуге мүмкіндік береді. 20 секундтан соң СК – дисплейде өлшеудің жалғыз нәтижесін көруге болады. Өлшеудің аяқталғанын дыбыс сигналы білдіреді, оны «Дыбыстық белгі» тетігін басу арқылы өшіреді.

 

Билет№ 3

1.Электростатикалық өріс өлшегіш:

- қоректендіру блогынан,

- экраннан,

- қосып-өшіретін тетіктерден (Вкл/Выкл),

- 0уаттандырушы құрылғыдан,

- модулятордан тұрады.

2.Электростатикалық өріс өлшегіштің жұмыс істеу тәртібі.

Құралды тоқ көзіне қосып, «1» жағдайынан соң, сұйық кристалды дисплейде

St – 01

Rady

00:00:00

Жазу қысқа уақыттағы дыбыс белгісімен беріледі. Төменгі қатарда құралдың жұмыс істеу уақыты көрсетіледі. Сонан соң құрал автоматты түрде жұмыс тәртібіне еніп, келесі команданы күтеді.

Жұмыс тәртібі беткі панельдегі 1-9 тетіктерінің біреуін басу арқылы іске асырылады. Құралды тоқтату үшін ол тетіктерді екінші рет басу қажет.

Билет№4

1. Шу өлшегіш құрал:

- капсюльден,

- микрофонды капсюль эквивалентінен,

- микрофон дыбысын ұлғайтқыштан,

- өлшеу құралынан,

- қоректендіру көзінен,

- экраннан,

- тұйықтағыштан,

-қосқыш кабельдерден тұрады.

2. Өлшеу тетіктерін төмендегі жағдайға келтіру қажет.

Род работы – Ғ;

ДЛТ2, dB – 80;

ДЛТ2, dB – 50;

ФЛТ, Нz – ЛИН;

Барлық түймелер басылып тұруы тиіс. Бұл жағдайда ВО d В индикаторы жанады.

Бөлмеде дыбыс деңгейін өлшеу барысында ВПМ-101 күшейткіші капсюлімен еденнен кем дегенде 1,5м биіктікте, ал дыбыс көзі мен қабырғадан 1м қашықтықта болғаны жөн.

 

Билет№5

1. Құрал біріңғай блок түрінде дайындалған. Құралдың беткі жағында сұйық кристалды индикатор мен 3 тетік орналасқан: қосу/өшіру; көрсеткіштерді ұстап қалу; экранға жарық беру. Құрал қақпағының жоғарғы жағында мәліметтерді алуға арналған түтікшілі датчиктер орналасқан.

2. Термогигрометрдің жұмыс істеу тәртібі.

а. Құрал біріңғай блок түрінде дайындалған. Құралдың беткі жағында сұйық кристалды индикатор мен 3 тетік орналасқан: қосу/өшіру; көрсеткіштерді ұстап қалу; экранға жарық беру.

б. Құралды қосып зерттеу аймағына орналастырылған соң, сұйық кристалды дисплейдегі көрсеткіштерді есепке алады.

в. Құралды қосу және өшіру үшін /Қосу/ өшіру тетіктерін бір рет басу қажет.

 

Билет№6

1. Құралдың корпусында: сұйықкристалды индикатор, басқару органдары, маркировкалар және мәліметтерді өлшейтін датчигі бар шығарылған зонд орналасқан. Спектральды сипат беретін реттегіш сүзгіші бар фотоқабылдағыш элементтер өлшегіш басында орналасқан.

2. Люксметрдің жұмыс істеу тәртібі. Жарық ағыны энергиясын электр энергиясына айналдыруға негізделген. Қабылдау бөлігіндегі фотоэлемент гальвонометрмен жалғасқан, ондағы шкала люкспен көрсетілген. Өлшеу кезінде фотоэлементті горизонтальды беткейге қойып, қосқыш тетігінің көмегімен қажетті өлшеу диапозонына қояды. Жұмыс соңында фотоэлементті өшіру қажет.

 

Билет№ 7

Электрлік және магниттік өріс өлшегіш қабылдағыш – антеннадан тұрады (АП). Беткі жағында басқару панелі мен сұйықкристалды индикатор орналасқан. Артқы жағында ҚА қосуға арналған жері бар. Қарсы бетінде қоректендіру тетіктеріне арналған бұрыштары бар. Қоректендіру қақпағын ажыратуға арналған ілгегі болады. Қақпағын ашу үшін ілгекті ашқышты қолданады. Басқару панелінде:

Ауыстырғыш ӨШІРУ/КОНТ/ӨЗГЕРТУ тетіктері;

Ауыстырғыш 200/2000 тетіктері орналасқан.

2. Электрлік және магниттік өріс өлшегіштің жұмыс істеу тәртібі. Ауыстырғыш тетігін ӨШІРУ/ КОНТ/ ӨЗГЕРТУ жағдайынан КОНТ жағдайына қою қажет. УО-101 индикаторы құралдың қуатына сәйкес бақылау санын көрсетеді. Индикатордағы сан 75 пен 100 аралығында болуы тиіс.

Жұмыс тәртібіне сәйкес 3 мин.өткен соң ауыстырғыш тетігінің көмегімен ӨШІРУ/ КОНТ/ ӨЗГЕРТУ жағдайынан ӨЗГЕРТУ жағдайына ауыстырады. Құралды зерттеу аймағына орналастырып, бір қолмен оның пластмасса сабынан, ал екінші қолмен есептегіш қондырғысын ұстау қажет. Құралдың бағытын өзгерту арқылы индикатордағы максимальды көрсеткіштерге қол жеткізуге болады.

 

Билет№8

1. Аспиратор арнайы сүзгіштерден, панельді металл шассиден тұрады. Аспиратордың алдыңғы панелінде келесі түйіндер болады: кіру тетігі/1/, тумблер /3/, сақтандырғыш ұяшық /2/, жеңілдеткіш клапан /4/, штуцер /8/, ротаметр /5/, ротаметрлер вентильдерінің ұстағыштары /6/, винттер /7/.

2. Аспиратордың жұмыс істеу тәртібі: сынама алу үшін ауа арнайы сүзгілерден өткізіледі. Ауа сүзгіден өткен кезде, онда қоспалар сүзіліп қалады. Ауаның сүзгіден өту жылдамдығы мен уақыты белгілі болғандықтан, сүзгі арқылы өткен ауа көлемін есептеу қажет.

 

Билет№9

1. Экстрактор құрылысы келесі бөліктерден:

· Штатив;

· Айналмалы ұстағыш;

· Қозғалтқыш блок;

· Араластырғыш;

· Бөлгіш воронкалар;

· Басқару блогынан тұрады.

2. Экстрактордың жұмыс істеу тәртібі.

Жұмыс істер алдында қоректендіру блогының жұмысын тексереміз. Воронкаға тексерілетін суды құямыз. Ақпараттық блок арқылы айналу жылдамдығын және уақытын белгілейміз. ЕНГІЗУ тетігін басамыз.

Уақыт өткен соң воронканың төменгі бөлігінен тұнбаны колбаға құямыз. Сонан соң тұнбаны бірнеше пробиркаларға құямыз. Реактивтердің көмегімен ауыр металдарға, хлорорганикалық және органикалық қоспаларға, мұнай өнімдеріне тексереміз.

Билет№10

1. Конструктивті діріл өлшегіш құрал:

· Капсюльден;

· Дірілді түзгіштен;

· Дірілді түзгіш эквиваленттен;

· Өлшегіш құралдан;

· Қоректендіру көзінен;

· Экраннан;

· Тұйықтағыштан;

· Қосқыш кабельден тұрады.

2. Өлшеу тетіктерін төмендегі жағдайға келтіру қажет.

Род работы – Ғ;

ДЛТ2, dB – 80;

ДЛТ2, dB – 50;

ФЛТ, Нz – ЛИН;

Барлық түймелер басылып тұруы тиіс. Бұл жағдайда ВО d В индикаторы жанады.

Бөлмеде дыбыс деңгейін өлшеу барысында ВПМ-101 күшейткіші капсюлімен еденнен кем дегенде 1,5м биіктікте, ал діріл көзі мен қабырғадан 1м қашықтықта болғаны жөн.

Емтихан алушыға арналған ақпарат: Студенттің білімін қолдану аясын айтып, жұмыс істеу тәртібін дұрыс айтып беруіне қарай бағалаңыз.

 

Критерии оценки шагов Оценка в баллах
1. Студент қоршаған ортаның ластануына дұрыс қортынды жасады. 5,0-4,0 3,9-2,9 2,8-1,8 Төмен 1,7
2. Студент қоршаған ортаның жақсаруына іс шарасын дұрыс жауап берді. 5,0-4,0 3,9-2,9 2,8-1,8 Төмен 1,7

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных