Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Максималды балл: 10




Тапсырмаға берілген уақыт: 5 мин.

2-кезең

Нұсқа

1. Бұл жағдайда санитарлық – токсикологиялық зияндылық көрсеткіші бойынша бірдей нормаланатын үш заттың, яғни қорғасынның, бензолдың және нитрохлорбензолдың қосарланған әсері орын алып отыр. Сондықтан есептеу барысында бұл заттардың ШРЕК-н үш есеге азайту қажет.

2. Іркінді суларды өзенге ағызар алдында қорғасыннан, бензолдан және нитрохлорбензолдан тазарту жолдарын қарастырған жөн.

Нұсқа

1. Аэрациялау стансасы жұмысының техникалық тұрғыдан тиімділігін бағалау үшін жобада көрсетілген және нақты өткізгіштік қабілетін, тазарту қондырғыларының технологиялық сызба нұсқасын, іркінді суларды зерттеу қорытындысын, іркінді сулардың механикалық, биологиялық тазартудан, залалсыздандырудан кейінгі құрамын білген жөн. Іркінді суларды тазартудың әр кезеңінен соң негізгі көрсеткіштері бойынша ластану дәрежесінің төмендеуі арқылы сапасы бағаланады.

2. Іркінді су сапасының шынайылық сипаттамасы сынамасы дұрыс алу әдістемесі, талдау жасауды жеткілікті түрде қайталау (3 сынамадан кем болмау қажет), сонымен қатар нақты жағдайға байланысты бақыланатын көрсеткіштердің толық тізбесі арқылы анықталады.

Іркінді суды ағызатын жерден ағыстың бойымен 500м қашықтыққа дейінгі аралықта алынған судың сынамасы сапалы деп есептелінеді.

Нұсқа

1. Құдық суын 1ай бойы зерттеу нәтижесі су құрамының тұрақты еместігін, ал көктем мезгілінде сапасының күрт нашарлайтынын көрсетеді.

Жалпы микроб санының көбеюі, жалпы колиформды және термотолерантты бактериялар индексінің жоғарылауы, органолептикалық көрсеткіштерінің нашарлауы, сонымен қатар, аммиак, нитрит, нитрат, хлоридтер мөлшерінің артуы, тотығу дәрежесінің жоғарылауы судың органикалық заттармен ластануын және эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті екендігін білдіреді.

2. Құдықты жауып, жөндеу жұмыстарын жүргізген жөн. Құдықтың жан-жағына сазды қорған тұрғызып, қоршау қажет.

Жөндеу жұмыстарынан соң суды залалсыздандыру қажет. Құдықтың айналасын 3% гипохлорид ерітіндісімен (0,5л ерітіндісін 1м2-ге) өңдеген жөн.

Нұсқа

1. Қазандыққа пайдаланған Донецкі көмірінің орнына Қарағанды көмірін пайдалану экологиялық жағдайды нашарлатады, жаңа отынның жылу бөлу қабілеті төмен болғандықтан, атмосфералық ауаға бөлінетін күлдің мөлшері артады, ал күкірт қос тотығының мөлшері өзгермейді.

2. Өндіріс аймағына жақын орналасқан жердегі тұрғындарға әсер ететін атмосфералық ауадағы күлден, күкірттің қос тотығынан қорғау үшін қазандыққа тазарту қондырғыларын орнату қажет. Күлдің, түтінді газбен бірге күкірт қос тотығының ауада таралу жағдайын, технологиялық сызба нұсқасы мен қажетті тазарту деңгейін есептеп, гигиеналық сараптамаға беру қажет.

Нұсқа

1. Қаладан 2000 м қашықтықтағы бөлінген жер телімдеріне жаңа өндіріс орнын салуға болмайды, себебі селитебті аймақта жер бетіне жақын атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың күтілетін шамасы ШРЕК-тен жоғары.

2. Күкірттің қос тотығы мен көміртек тотығының атмосфералық ауадағы мөлшерін азайтуға бағытталған іс-шараларды енгізу.

Жоба құжаттарын атмосфералық ауадағы зиянды заттар мөлшерінің есебімен, қоршаған орта сапасын жақсарту шараларымен, шудың сипаттамасымен бірге мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық қадағалау мекемесіне жіберу қажет.

 

Нұсқа

1. Ауыз су сапасы гигиеналық талапқа сай келмейді. Зерттеулер құдық суы құрамының тұрақты емес екендігін, көктемде сапасының күрт нашарлайтынын көрсетті.

Органолептикалық көрсеткіштерінің нашарлауы, аммиак, нитрит, нитрат, хлорид, тотығу дәрежесінің артуы судың органикалық заттармен ластануын және эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті екендігін білдіреді.

2. Құдықты жауып, жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Құдықтың айналасына саздан қорған тұрғызып, қоршау қажет.

Жөндеу жұмыстарынан соң 3% кальций гипохлоридімен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізген жөн.

Нұсқа

1. Палатаның микроклиматтық жағдайы талапқа сай емес, зерттеу барысында да кемшіліктер орын алған. Температураны еденнен 1,5м биіктікте өлшеу қажет.

2. Бөлмедегі микроклиматтық жағдайды жылыту құралдары мен желдету жүйелерінің жұмысын өзгерту арқылы өзгертуге болады. Палатадағы микроклиматтық жағдайды жақсарту үшін желдетуді күшейтсе, нәтижесінде ауаның қозғалу жылдамдығы артып, температура төмендейді, ал ол автоматты түрде ауаның салыстырмалы ылғалдылығын артырады.

Нұсқа

1. Кабинеттегі табиғи жарық деңгейі жеткіліксіз, себебі тереңдену коэффициенті 2:7 нормада 1:2-ден аспауы тиіс, ал соңғы партадағы ТЖК 1,05%, ал нормада 1,5%-дан кем болмауы тиіс. Жарық коэффициенті нормаға сай 1:4. Терезенің оңтүстік – шығысқа бағытталуы да тиімді.

2. Жасанды жарық талапқа сай болғаны жөн, яғни спектрлік құрамы жағынан күндізгі жарыққа жақын, түсті өзгертпейтін, көзді қарықтырмайтындай, біркелкі, жеткілікті мөлшерде болуы тиіс.

Нұсқа

1. Атмосфералық ауаны ластаушы негізгі көз-қазандық 5 қабатты тұрғын үйден 100м қашықтықта орналасқан. Атмосфералық ауаны азоттың қос тотығы, ацетон, формальдегид, күкіртті сутек және фенол тәріздес химиялық заттармен антропогендік ластану байқалады. Жоғарыдағы айтылғандарды негізге ала отырып, мектепке дейінгі балалар мекемесін салуға рұқсат етілмейді.

2. Ауа бассейіндегі зиянды заттардың орташа мөлшерін анықтайтын стационарлық бекеттер құру қажет. Газ бен шаңды тазарту тиімділігін арттырып, құбырдың биіктігін ескеріп, шаң мен газды ұстап қалатын арнайы қондырғылар орнатқан жөн.

Нұсқа

1. Бөлінген жер телімдеріне бала бақша салуға болмайды, себебі топырақ сұйық тұрмыстық қалдықтармен, жаңбырдың іркінді суларымен ластанған, сонымен қатар ол жерге қоқыс тасталған. Сондықтан ол жер эпидемиологиялық және токсикологиялық тұрғыдан өте қауіпті.

2. Бұл жағдайда жоспарлау шараларын дұрыс жүргізу қажет, яғни бала бақша құрылысын жүргізілетін жер телімдерін дұрыс таңдау, оның айналасына санитарлық – қорғау аймақтарын құру, қоқыс таситын автокөліктердің жүретін жолдарын таңдау сұрақтары дұрыс шешімін тапқаны жөн.

Емтихан алушыға арналған ақпарат: Студенттің азық-түліктерге санитарлық- гигиеналық сараптама жүргізуіне қарай бағалаңыз.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных