Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ішкі аурулар» мамандығына арналған 1 страница




Жұқпалы аурулар»пәні бойынша тесттік тапсырмалар

Ішкі аурулар» мамандығына арналған

$$$001

Инфекциялық процесске анықтама беріңіз.

A)табиғи ошақтың болуы

B)микро және макро ағзалардың әрекестігі

C)жұқпалы аурулардың тасмалдаушысының болуы

D)қоршаған ортадағы микро ағзалардың персистенциясы

E)жануарлар ағзасындасы микро ағзалардың персистенциясы

{Дұрыс жауап} = В

 

01_07_қаз.

$$$002

Инфекциялық үрдістің субклиникалық түрі дегеніміз не?

A)ағзадағы қоздырғыштың болуы

B)инфекциялық үрдістің жеңіл ағымы

C)инфекциялық үрдістің атипті ағымы

D)спецификалық антиденелері бар болғанымен, клиникалық көріністің болмауы

E)қоздырғыштың ағзада бар болғанымен,клиникалық көріністің болмауы

{Дұрыс жауап} = D

 

01_07_қаз.

$$$003

Бактериотасмалдаушылық деп нені айтамыз?

A) ағзадағы қоздырғыштың болуы

B) инфекциялық үрдістің жеңіл ағымы

C) инфекциялық үрдістің атипті ағымы

D) қоздырғыштың ағзада бар болғанымен,клиникалық көріністің болмауы

E) спецификалық антиденелер бар болғанымен,клиникалық көріністің болмауы

{Дұрыс жауап} = D

{

$$$004

Төменде келтірілгендердің қайсысы жұқпалы аурулардың негізгі критерийіна жатады?

A) циклдық

B) арнайлылық

C) жұқпалылық

D) сенсибилизациялау

E) иммунитеттің қалыптасуы

{Дұрыс жауап} = B

 

01_07_қаз.

$$$005

Жұқпалы аурулар диагностикасының қай әдісі «Алтын стандарт» болып табылады?

A)биологиялық

B)серологиялық

C)аллергиялық

D)бактериологиялық

E) молекулярлы – генетикалық

{Дұрыс жауап} = D

 

01_07_қаз.

$$$006

СЭС-ға жедел хабарламаны қашан жібереді?

A) науқасты ауруханаға жатқызғаннан кейін

B) инфекционист кеңесінен кейін

C) ошақты дезинфекциялағаннан соң

D) жұқпалы ауруға күдіктенгенде

E) аурудың бактериологиялық дәлелдемесінен кейін

{Дұрыс жауап} = D

 

01_07_қаз.

$$$007

Жұқпалы ауруға күдіктенгенде дәрігер ең бірінші кезекте қандай шара қолдаунуы тиіс?

A)инфекционисті шақыру

B)бас дәрігердің орынбасарын шақыру

C) жедел хабарлама жіберу

D)бөлмені дезинфекциялау

E) жұқпалы аурулар ауруханасына жолдау

{Дұрыс жауап} = C

 

01_07_қаз.

$$$008

Жұқпалы ауруханасының қабылдау бөлімшесіне бір уақытта ЖРВИ,ЖІИ,вирусты гепатитпен ауыратын науқастар келді. Бұл науқастарды қабылдау қалай жүргізіледі?

A) науқастардың барлығы бір бокста кезекпен қабылданады

B) бірінші болып ЖРВИ-мен науқас қабылданады

C) ЖРВИ-мен науқас соңынан қабылданады

D) жұғу жолына байланысты науқастарды бөлек бокстарда қабылдайды

E) науқастарды жедел жәрдем машинасының ішінде қабылдайды

{Дұрыс жауап} =D

 

$$$009

Сүт зауытына орналасып жатқан әйелдің нәжісін зерттегенде Sh. Flexneri. табылды. Клиникалық көрінісі жоқ.

Дәрігерқандай әрекет жасағаны тиімді?

A) ем тағайындамайды

B) диспансерлік бақылауға алады

C) амбулаторлы жағдайда емдейді

D) инфекциялық ауруханаға жатқызу

E) бактериологиялық зерттеуін қадағалау

{Дұрыс жауап} =D

 

01_07_қаз.

$$$010

24 жастағы ер адам орталық аудандық ауруханаға жедел жәрдеммен «Жедел ішек инфекциясы» деген диагнозбен жеткізілді. 2 күн бұрын, жедел ауырған.Шағымдары: жүрек айну, 2 рет құсу, 1 рет сұйық нәжіс, ішінің төменгі оң жақ бөлігінің ауру сезіміннің күшейуі. Тексеру барысында оң жақ мықын аймағында қатты ауру сезімінің күшейюі байқалады, ішперденің тітіркену симптомы теріс, ішек перистальтикасы бар. Лейкоциттер саны 18 х 109/л. Қан сарысуындағы амилазаның белсенділігі қалыпты жағдай шамасында. Нәжісті жасырын қанға тексеру анализі теріс.

Қандай аурумен дифференциалды диагностика жүргізген жөн?

A) перитонит

B) жедел панкреатит

C) жедел холецистит

D) жедел аппендицит

E) шап жарығының түсуі

{Дұрыс жауап} =D

 

01_07_қаз.

$$$011

65 жастағы әйел орталық аудандық ауруханаға жедел жәрдеммен жедел ішек инфекциясы диагнозымен жеткізілді. 2 күн бұрын жедел ауырған. Шағымдары: жүрек айну, 3 рет құсу, 2 рет сұйық нәжіс, ентігу, эпигастрий аймағында ауырсыну сезімінің болуы, АҚ 90/50 мм.с.бб. пульс 105 минутына.

Қандай аурумен дифференциалды диагностика жүргізген жөн?

A)перитонит

B) миокард инфаркты

C) жедел панкретит

D) жедел холецистит

E) жедел аппендицит

{Дұрыс жауап} =B

$$$012

Университеттердің бірінде профилактикалық тексеру кезінде дәрігер студенттің беттіңде, бастың шаш бөлігінде, аяқ-қолдарында дакты -папулезді, везикулезді кей жерлері қабыршақпен қапталған бөртпені байқады.

Ошақта қарым-қатынаста болғандарды қанша бақылайды:

A) 5 күн

B) 10 күн

C) 14 күн

D) 21 күн

E) 30 күн

{Дұрыс жауап} =D

.

$$$013

18-19 апталық жүктілік мерзімімен 22 жастағы әйел орталық аудандық ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілді. 7 күн бұрын жедел ауырған, шағымдары: жүрек айну, 1-2 рет құсу, эпигастрий аймағындағы ауырсыну сезімі, зәрдің қоңырлануы. Эпидемиологиялық анамнезінде: жер үйде тұрады, қайнамаған су ішеді. Объективті қарағанда: тері жабындысы мен склералары сарғайған, бауыры қабырға доғасынан + 2,0 см төмен. Зәр анализін өт пигменттеріне тексергенде ˗ оң, билирубин 120 ммоль/л, тікелей 98 ммоль/л, АЛТ 463 бірлік/л(қалыпты жағдайда 44 бірлік/л), тимол сынамасы 15 бірлік.

Жүкті әйелді қайда жатқызады?

A) жұқпалы аурулар ауруханасына

B) терапия бөлімшесіне

C) гастроэнтерология бөлімшесіне

D) перзентхананың обсервация бөлімшесіне

E) перзентхананың жалпы бөлмесіне

{Дұрыс жауап} =B

{Тест тапсырушының балжам білімі} =PA

 

01_07_қаз.

$$$014

20 жасар студент емхананың терапевт дәрігеріне жалпы әлсіздік, жүрек айну, 2 рет құсу, эпигастрий және оң жақ қабырға асты аймағында ауырсыну сезімінің болуы, зәрдің қоңырлауына шағымданды. Эпидемиологиялық анамнезі: жатақханада тұрады, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтанады. Объективті: тері жабындысы мен склералары сарғайған, бауыры қабырға доғасынан + 2,0 см төмен. Зәр анализін өт пигменттеріне тексергенде ˗ оң, билирубин 120 ммоль/л, тікелей 98 ммоль/л, АЛТ 463 бірлік/л(қалыпты жағдайда 44 бірлік/л), тимол сынамасы 15 бірлік ИФА- aHAVIgM оң.

Ошақта қарым-қатынаста болғандарды қанша уақыт бақылайды:

A)7 күн

B)14 күн

C)35 күн

D)3 ай

E)6 ай

{Дұрыс жауап} =C

 

01_07_қаз.

$$$015

40 жастағы ер адам, Қызылорда облысының тұрғыны, орталық аудандық ауруханаға жолықты. Жедел ауырған: қалтырау, жоғары дене қызуы, басының ауыруы мазалаған. Шап аймағындағы ауру сезіміне байланысты төсектегі қалпы мәжбүрлі. Тексеру барысында – шаптың лимфалық түйіндері жұдырық көлемінде ұлғайған, қатты ауырады, қызарған, шекарасы анық емес теріге жасқан. Табаны мен балтырында бүрге шаққан және тырналған іздер байқалады.

Дәрігердің ең бастапқы іс-әрекеті қандай:

A)науқасты оқшаулау

B)науқасты ауруханаға жатқызу

C)жедел хабарлама жіберу

D)науқаспен қарым-қатынаста болғандардың тізімін жасау

E)инфекционисттің кеңесін алу

{Дұрыс жауап} =A

$$$016

33 жастағы ер адам, жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне ауруының 6-шы күні жеткізілді. Шағымдары: басының қатты ауруы, айқын әлсіздік, ұйқының бұзылуы, дене қызуының 39,8°С-қа дейін жоғарылауы. Эпидемиологиялық анамнезі: 2 апта бұрын қала шетіндегі көлге барып демалған. Объективті: жағдайы ауыр, әлсіз, сұрақтарға бірден жауап бермейді. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, ыстық. Өкпеде құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі – 78 рет/мин. ҚҚ – 110/70 мм с.б. Тілі құрғақ, сұр-қоңыр жабындымен жабылған, шеттері мен ұшы таза. Іші кепкен. Іші қатқан.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) безгек

B) бруцеллез

C) бөртпе сүзегі

D) іш сүзегі

E) Ку-қызбасы

{Дұрыс жауабы}= D

 

01_07-қаз

$$$017

25 жастағы ер адам, жұқпалы аурулар ауруханасында 10 күн бойы «Іш сүзегі» диагнозымен ем қабылдап жатыр. Ауруханаға ауруының 8-ші күні түсті. Диагноз қаннан S. typhi дақылының анықталуымен дәлелденді. Науқас цифран 1,0/тәул. қабылдап жатыр. Барлық күндері дене қызу 38,2-38,5ºС-қа дейін жоғарылаған, бүгін дене қызуы қалыпты. Қарап тексергенде: есі анық, бірақ тежелген. Тері жабындылары бозғылт, ылғалды. Пульсі 102 рет/мин. ҚҚ-90/60 мм с.б. Екі рет қара түсті сұйық нәжіс болған.

Науқаста қандай асқыну дамыған?

A) ТШҚҰ-синдромы

B) гиповолемиялық шок

C) ішектен қан кету

D) инфекциялық-токсикалық шок

E) іш сүзегі жарасының перфорациясы

{Дұрыс жауабы}= C

 

01_07-қаз

$$$018

22 жастағы студент Алматыға Африка мемлекетінен келген, ауруханаға айқын қалтыраумен, тершеңдікпен қатар жүретін қызба ұстамаларына шағымданып түсті. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Дене температурасы – 38,9ºС. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,0-1,5 см-ге төмен анықталады, көк бауыры ұлғайған. Жалпы қан анализінде: эритроциттері-2,9×1012/л, Нв-101 г/л, лейкоциттері - 6,9×109/л, ЭТЖ-30 мм/сағ.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) безгек

B) іш сүзегі

C) бруцеллез

D) Ку-қызбасы

E) бөртпе сүзегі

{Дұрыс жауабы}= A

 

01_07-қаз

$$$019

42 жастағы ер адам, қабылдау бөліміне дене қызуының жоғарылауына, айқын қалтырау мен тершеңдікке шағымданып түсті. Анамнезде: 2 апта бұрын Африкаға іс-сапарға барған. Эпид.анамнез ескере отырып, қанның жұқа жағындысы зерттелінген, Pl. Falciparum қарапайымдылары анықталды.

Қандай диагнозды негіздеу керек?

A) оvale-безгек

B) үш күндік безгек

C) тропикалық безгек

D) екі күндік безгек

E) төрт күндік безгек

{Дұрыс жауабы}= C

 

01_07-қаз

$$$020

48 жастағы әйел адам, аяқ бұлшық еттеріндегі ауыру сезіміне, дене қызуының жоғарылауына, әлсіздікке, бас ауыруына шағымданады. Анамнезде: жаз бойы табиғатқа шығып демалған, Қапшағай көлінде шомылған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы – 38,9ºС. Тері жабындыларының түсі қалыпты, көз склералары субиктериялы. Денесі мен қолдарында петехиальді бөртпе байқалады. Барлық лимфа түйіндері улкейген. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Зәрінің түсі – қанық-сары.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) бруцеллез

B) иерсиниоз

C) лептоспироз

D) вирусты гепатит

E) геморрагиялық васкулит

{Дұрыс жауабы}= C

 

01_07-қаз

$$$021

40 жастағы ер адам, ауруханаға балтыр бұлшық еттерінің айқын ауыру сезіміне, дене қызуының жоғарылауына, әлсіздікке, бас ауыруына, бел аймағының ауыру сезіміне шағымданып түсті. Анамнезде: жеміс қоймасында жүк тасушы болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, дене қызуы – 38,7ºС. Тері жабындыларының түсі қалыпты, склералары субиктериялы. Беті ісінген. Денесі мен аяқ-қолдарында петехиальді бөртпе көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,0-1,5 см-ге төмен анықталады. Бел аймағында соққылау симптомы «оң». Зәр көлемі азайған. Қанның жалпы анализінде: лейк.-11,3×109/л. Зәрдің жалпы анализінде: белок-2,0‰, лейк.-30-40 к./а., эритр.-15-25 к./а. Қанның биохимиялық анализінде: креатинин 221 ммоль/л, мочевина – 18 ммоль/л.

Қандай асқыну дамыған?

A) гиповолемиялық шок

B) инфекциялық-токсикалық шок

C) бүйректің жедел жетіспеушілігі

D) бауырдың жедел жетіспеушілігі

E) бүйрек үсті бездерінің жедел жетіспеушілігі

{Дұрыс жауабы}= С

 

01_07-қаз

$$$022

19 жастағы студент жұқпалы аурулар бөлімшесіне ауруының 4-ші күні тамағының ауыру сезіміне, дене қызуының 39ºС-қа дейін жоғарылауына, бас ауыруына, әлсіздікке шағымданып түсті. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Аңқасында: шырышты қабаты қызарған, бадамша бездер үлкейген, жабындымен жабылған. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызарған. Склерлары субиктериялы. Мойын, жақ асты лимфа түйіндері үлкейген. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,0 см-ге төмен анықталады. Қанның жалпы анализінде: лейк.-12,5×109/л, т/я нейтр.-1%, с/я нейтр.-40%, лимф.-42%, мон.-11%, атипті мононуклеарлар-8%.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) иерсиниоз

B) лептоспироз

C) вирусты гепатит

D) жедел тонзиллит

E) инфекциялық мононуклеоз

{Дұрыс жауабы}= E

 

01_07-қаз

$$$023

47 жастағы ер адам, қабылдау бөліміне ауруының 4-ші күні жеткізілді. Шағымдары: бас ауыруы, әлсіздік, қалтырау, дене қызуының 39,0ºС-қа дейін жоғарылауы, ұйқысыздық. Анамнезде: алыс жолға жүретін жүк тасымалдайтын машина жүргізушісі болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Эйфориялы, қозған. Беті қызарған. Көз склераларының тамырлары инъекцияланған. Денесі мен аяқ-қолдарында көптеген розеолезді-петехиальді бөртпе байқалады. Жүрек тондары бәсеңдеген, тахикардия. Тонометр манжетінің орнында теріде петехиялар көрінеді.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) грипп

B) лептоспироз

C) іш сүзегі

D) кенелік бөртпе сүзегі

E) эпидемиялық бөртпе сүзегі

{Дұрыс жауабы}= E

 

01_07-қаз

$$$024

32 жастағы ер адам, ауруханаға 10-шы қазанда, ауруының 4-ші күні түскен. Шағымдары: дене қызуының 38,8ºС-қа дейін жоғарылауы, қалтырау, әлсіздік, бас ауыруы, тамағының ауыру сезімі, тұмау, 3 рет іші өткен. Анамнезде: жұмыс істемейді, жеке меншік үйде тұрады. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Денесінде аздаған дақты-папулезді бөртпе байқалады. Көз склералары аздап сарғайған. Аңқасында: шырышты қабаты қызарған, бадамша бездері үлкейген, жабындылары жоқ. Мойын, жақ асты, қолтық, шынтақ лимфа түйіндері үлкейген. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) иерсиниоз

B) лептоспироз

C) сальмонеллез

D) вирусты гепатит

E) жедел тонзиллит

{Дұрыс жауабы}= A

 

01_07-қаз

$$$025

45 жастағы әйел адам ауруханаға ауруының 7-ші күні түсті. Дене қызуының 38,5-39,5ºС-қа дейін жоғарылауына, қалтырауға, тершеңдікке, буындары мен бұлшық еттеріндегі ауыру сезіміне, бас ауыруына, құрғақ жөтелге шағымданады. Анамнезде: фермада сауыншы болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындыларының түсі қалыпты. Өкпеде – тыныс әлсіреген, сырылдар жоқ. Бауыры ұлғайған. Зертханадан серологиялық зерттеу нәтижесі алынды: R. Burnetti антигеніне қарсы антиденелер титрі 1: 32.

Қандай диагноз дәлелденді?

A) иерсиниоз

B) бруцеллез

C) лептоспироз

D) Ку-қызбасы

E) түйнеме

{Дұрыс жауабы}= D

$$$026

19 жастағы студент 3-ші наурызда ауруының 2-ші күні ауруханаға түсті. Шағымдары: басының қатты ауыруы, әлсіздік, дене қызуының 40,0ºС-қа дейін жоғарылауы. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Есі анық, солғын. Аңқада: жұтқыншақтың артқы қабырғасының жайылған гиперемиясы мен түйіршектенуі анықталады. Тері жабындылары ыстық. Аяқтарында көптеген геморрагиялық бөртпе көрінеді. Қанның жалпы анализінде: лейк.-25×109/л, таяқша ядролы нейтр.-11%, сегмент ядролы нейтр.-72%, лимф.-12%, мон.-5%.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) грипп

B) эпидемиялық бөртпе сүзегі

C) геморрагиялық лихорадка

D) менингококкты инфекция

Е) инфекциялық мононуклеоз

{Дұрыс жауабы}= D

 

01_07-қаз

$$$027

35 жастағы ер адам, бір ай бұрын ауырып бастаған: дене қызуы 39-40°С-қа дейін толқын тәрізді жоғарылаған. Бірте-бірте жалпы жағдайы нашарлаған: жүдеген, сол жақ қабырға астында ауырлық сезімі мен ауыру сезімі мазалайды. Эпид.анамнез: Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекарада қызмет етеді. Асхаада тамақтанады. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт, барлық лимфа түйіндері үлкейген, бауыр мен көк бауырдың төменгі шекаралары кіндік деңгейінде анықталады, консистенциясы тығыз. Жалпы қан анализінде: эритр.-3,0×1012/л, Нв-117 г/л, лейк.-4,2×109/л, ЭТЖ-45 мм/сағ.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) токсоплазмоз

B) гепатокарцинома

C) вирусты гепатит

D) висцеральді лешманиоз

E) геморрагиялық қызба

{Дұрыс жауабы}= D

 

01_07-қаз

$$$028

Үндістаннан келген медицина университетінің студентінде дене қызуының жоғары сандарға дейін ұстама тәрізді жоғарылауы, қалтыраулар, айқын тершеңдік болған, көз склераларының сарғыштығы байқалған, бауыры мен көк бауыры ұлғайған. Қан жағындысында микроскопиялық әдіспен Pl. Vivax қарапайымдылары анықталған. 3 күн бойы делагил қабылдаған.

Ауру рецидивтерін алдын алу үшін қандай дәрі қолдану керек?

A) хинин

B) примахин

C) мефлохин

D) доксициклин

E) сульфадиазин

{Дұрыс жауабы}= B

 

01_07-қаз

$$$029

45 жастағы әйел адам ауруханаға ауруының 7-ші күні түсті. Дене қызуының 38,5-39,5ºС-қа дейін жоғарылауына, қалтырауға, тершеңдікке, буындары мен бұлшық еттеріндегі ауыру сезіміне, бас ауыруына, құрғақ жөтелге шағымданады. Анамнезде: фермада сауыншы болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындыларының түсі қалыпты. Өкпеде – тыныс әлсіреген, сырылдар жоқ. Бауыры ұлғайған. Зертханадан серологиялық зерттеу нәтижесі алынды: R. Burnetti антигеніне қарсы антиденелер титрі 1: 32.

Қандай антибиотик тағайындау қажет?

A) линкомицин

B) пенициллин

C) ампициллин

D) доксициклин

E) ципрофлоксацин

{Дұрыс жауабы}= D

 

01_07-қаз

$$$030

32 жастағы ер адам, ауруханаға 10-шы қазанда, ауруының 4-ші күні түскен. Шағымдары: дене қызуының 38,8ºС-қа дейін жоғарылауы, қалтырау, әлсіздік, бас ауыруы, тамағының ауыру сезімі, тұмау, 3 рет іші өткен. Анамнезде: жұмыс істемеді, жеке меншік үйде тұрады. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Денесінде аздаған дақты-папулезді бөртпе байқалады. Көз склералары аздап сарғайған. Аңқасында: шырышты қабаты қызарған, бадамша бездері үлкейген, жабындылары жоқ. Мойын, жақ асты, қолтық асты, шұнтақ лимфа түйіндері үлкейген. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5-2,0 см-ге төмен анықталады.

Қай этиотропты дәрі ең тиімді болып табылады?

A) делагил

B) линкомицин

C) пенициллин

D) доксициклин

E) ципрофлоксацин

{Дұрыс жауабы}= D

$$$031

19 жастағы студент 3-ші наурызда ауруының 2-ші күні ауруханаға түсті. Шағымдары: басының қатты ауыруы, әлсіздік, дене қызуының 40,0ºС-қа дейін жоғарылауы. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Есі анық, солғын. Аңқада: жұтқыншақтың артқы қабырғасының жайылған гиперемиясы мен түйіршектенуі анықталады. Тері жабындылары ыстық. Аяқтарында көптеген геморрагиялық бөртпе көрінеді. Қанның жалпы анализінде: лейк.-25×109/л, т/я нейтр.-11%, с/я нейтр.-72%, лимф.-12%, мон.-5%.

Қай этиотропты дәрі ең тиімді болып табылады?

A) левомицетин сукцинаты

B) ампициллин тригидраты

C) линкомицин гидрохлориді

D) бензил-пенициллиннің калий тұзы

E) бензил-пенициллиннің натрий тұзы

{Дұрыс жауабы}= A

 

01_07-қаз

$$$032

22 жастағы студент Алматыға Африка мемлекетінен келген, ауруханаға айқын қалтыраумен, тершеңдікпен қатар жүретін қызба ұстамаларына шағымданып түсті. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Дене температурасы – 38,9ºС. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0-2,5 см-ге төмен анықталады, көк бауыры ұлғайған. Қанның жалпы анализінде: эритр.-2,9×1012/л, Нв-101 г/л, лейк.-6,9×109/л, СОЭ-22 мм/сағ.

Диагноз дәлелдеу үшін ең ақпаратты зерттеу әдісі?

A) қанның қалың тамшысы мен жұқа жағындысы

B) қанды қосарланған ортаға себу

C) Провачек риккетсиялармен КБР

D) қанды өтті ортаға себу

E) қанды транспортты ортаға себу

{Дұрыс жауабы}= A

{Тест тапсырушы білімінің болжамы}= NS

 

01_07_қаз.

$$$033.

Ер кісі 22 жаста, ауруының 3 ші күні қабылдау бөліміне келесі шағымдармен келді: ауызының құрғауына, заттардың екі еселенуіне және көруінің нашарлауына, жутынудың қиындауына, шашалуына шағымданады. 3 күн бұрын қонақта болып салат, кәуап, консервіленген қызанақ жеген. Келесі күні әлсіздік, ауызының құрғауы, эпигастрии аймағында ауырсыну, 2 рет құсу болған. Көз алдында “тор”, заттың екі еселенуі, жұтудың қиындауы, даусының қарлығуы пайда болғанын байқаған. Қарау кезінде: есі анық, екі қабақта птоз, мидриаз. Сұйық тағамды жұтуы қиындаған, тамағында жайсыздық сезінеді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных