Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ішкі аурулар» мамандығына арналған 2 страница




Қай диагноз ең ықтимал?

А) ботулизм

В)қантты диабет

С) тағамдық токсикоинфекция

D)артерильді гипертензия. Криз

E) Бас ми қанайналымының жедел бұзылысы

{ Дұрыс жауап }=А

01_07_қаз.

$$$034.

Әйел 25 жаста. Емханаға эпигастрии аймағындағы ауру сезімімен, көп реттік құсу, жиі үлкен дәретке бару, аяқ –қолдарындағы ұстамаларға шағымданып келген. Анамнезінен: барахолкада асханадан тамақтанған соң 6 сағаттан кейін жедел ауырған. Қараған кезде температура- 37,5С, терісі боз, көздері шүңірейген. Іші кепкен, пальпацияда ішіндегі ауру сезімі анықталады. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ 80̸ 40сын.бағ.бой., пульсі 120 соқ/мин. Кіші дәреті болмаған. Үлкен дәреті сұйық, көп, түсі «ет жуындысындай».

Қай диагноз ең ықтимал?

А) амебиаз

В)сальмонеллез

С) жедел дизентерия

D) тағамдық токсикоинфекция

E) жедел гастроэнтероколит

{ Дұрыс жауап }=D

{ Қиындығы }= 2

 

01_07_қаз.

$$$035.

Ер адам 25 жаста ауруының екінші күні инфекциялық аурухананың қабылдау бөліміне қаралды. Ішіндегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, ішінің өтуіне, басының ауруына, сұйық нәжіске күніне 10 рет, тенезмдерге, жалған шақыруларға шағымданады. Қараған кезде: дене температурасы - 36,0С, АҚҚ 90/60сын.бағ.бой.,.пульсі - 110 соқ/мин, сигма тәрізді ішектің спазмы байқалады. Үлкен дәреті нәжіссіз, шырыш, қан араласқан. ЖҚА;эр.-4,0*1012/л, HB-145 г/л, лейк.-11,4*109/л, э-1, п-1, с-75, л-18, м-5. СОЭ -17мм/сағ.

Қай диагноз ең ықтимал?

А) тырысқақ

В)сальмонеллез

С) жедел дизентерия

D) тағамдық токсикоинфекция

E) жедел гастроэнтероколит

{ Дұрыс жауап }= C

 

01_07_қаз.

$$$036

Әйел кісі, 44 жаста ауруының 3-ші күні терапевтке ауызындағы құрғақтыққа, көзінің нашар көруіне, тыныс алуының қиындауына шағымданып келді. 4 күн бұрын қонақта болып маринадталған саңырауқұлақ жеген. Түскен кезде тыныс алуы қиындаған, есі анық, екі қабағының птозы, мидриаз, страбизм байқалған. Дауысы мыңғырлаған. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульс-118 соқ/мин, АҚҚ 70/50 сын.бағ.бой., Өкпесінде- төменгі аймақта тынысы әлсіреген, аздаған ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Іші аздап кепкен, ішек перистальтикасы естілмейді.

Қандай ем ең тиімді?

А) пробиотиктер

В) симптоматикалық терапия

С) антибактерилды терапия

D) дезинтоксикациялық терапия

E) ботулизмге қарсы сары су

{ Дұрыс жауап }= E

 

01_07_қаз.

$$$037

Ер адам 28 жаста, терапевтке ауруының 1-ші күні қаралды. Ауруы қонаққа барғаннан кейін 3 сағаттан кейін басталды; эпигастридегі, кіндік аймағындағы ауру сезімі, құсу 4-5 рет, кіші дәреті 7-8 рет күніне мазалаған. Түскен кезде; дене температурасы-38С. Іші жұмсақ, пальпация кезінде эпигастридегі және оң жақ мықын аймағындағы ауру сезім анықталадыі. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ -110/60сын.бағ. бой.,Р-90соқ/мин. Кіші дәреті қалыпты. Үлкен дәреті сұйық, шырышпен, қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті.

Қандай диагноз ең ықтимал?

А) тырысқақ

В)сальмонеллез

С) жедел дизентерия

D) жедел гастоэнтероколит

E) тағамдақ токсикоинфекция

{ Дұрыс жауабы }=B

 

01_07_қаз.

$$$038

Ер адам 20 жаста, ауруының 1-ші күні стационарға қаралды. Студенттік асханадан тамақтанғаннан кейін 5 сағат өткеннен соң жедел ауырды; эпигастридегі, кіндік аймағындағы ауру сезімі, құсу 2-3 рет, улкен дәреті 5-7 рет күніне мазалаған.Түскен кезде; дене температурасы - 38С. Іші жұмсақ, пальпация кезінде эпигастридегі және оң жақ мықын аймағындағы ауру сезімі. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ -110/70сын.бағ. бой.,Пульсі -100соқ/мин. Кіші дәреті қалыпты. Үлкен дәреті сұйық, шырышпен, қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті.

Диагнозды нақтылауда қандай тексеру жүргізу керек?

 

A) ЭКГ

B) ИФА

C) қананның жалпы ализі

D) зәрдің жалпы анализі

E) нәжісті бактериологиялық себінді жасау

{Дұрыс жауабы }=Е

 

01_07_қаз.

$$$039.

Ер кісі 26 жаста ауруының 1-ші күні терапевтке қаралды. Қонақта болғаннан кейін 8 сағат өткеннен кейін жедел ауырды; эпигастридегі, кіндік аймағындағы ауру сезімі,мазалап, 3-4 рет құсқан, үлкен дәреті 10 рет күніне.Түскен кезде; дене температурасы-38С. Іші жұмсақ, пальпация кезінде эпигастридегі және оң жақ мықын аймағындағы ауру сезімі анықталған. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ -90/60сын.бағ. бой., пульс-100соқ/мин. Кіші дәреті қалыпты. Үлкен дәреті сұйық, шырышпен,қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті. Ауруханаға жатқызылған.

Қандай клиникалық көрсеткіштерге сәйкес (№33 қаулы бойынша) осы науқасты ауруханаға жатқызуға жолдама берген?

А) ұзаққа созылған диарея

В) ересектердегі аурулардың барлық формалары

С) дизентерияның созылмалы формалары

D) ауыр сусызданумен өтетін аурулардың барлық формалары

E) артериальді гипертензиямен бірге жүретін диарея синдромы

{ Дұрыс жауабы }=D

 

01_07_каз.

$$$040

Ер кісі 20 жаста, жатақханада 5 адам болып турады, емханаға қаралды. Қонақта болғаннан кейін 6 сағат өткенде жедел ауырды; эпигастридегі, кіндік аймағындағы ауру сезімі мазалап, 3-4 рет құсқан, улкен дәретке жиі барады.Түскен кезде дене температурсы -38С. Іші жұмсақ, пальпация кезінде эпигастридегі және оң жақ мықын аймағындағы ауру сезімі анықталады. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ -90/60сын.бағ. бой., Пульс-100соқ/мин. Кіші дәреті қалыпты. Үлкен дәреті сұйық, шырышпен,қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті. Ауруханаға жатқызылды.

Қандай эпидемиялық көрсеткіш бойынша (№33 қаулыға сай) науқасты госпитализациялауға болады?

А) балалармен жұмыс

В) мектепке бару

С) жеке меншік үйде тұру

D) көп қабатты үйде тұру

E) тұратын жері бойынша эпидемияға қарсы режимдердің сақталуына мүмкіндіктің болмауы

{ Дұрыс жауабы }=Е

 

01_07_каз.

$$$041.

Ер адам 26 жаста, терапевтке ауруының 2-ші күні қаралды. Шағымдары; ішіндегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, іш өту, бас ауру, сұйық нәжіс күніне 30 рет, тенезмдер жалған шақырулар. Қараған кезде: дене температурасы- 37,5С, АҚҚ 100/60сын.бағ.бой., пальпация кезінде оң жақ мықын аймағындағы ауру сезімі, сигма тәрізді ішектің спазмы байқалады. Үлкен дәреті нәжіссіз, шырыш пен қан араласқан. ЖҚА;эритроциттер.-4,0*1012/л, HB-145 г/л, лейкоциттері.-11,4*109/л, эозинофилдері-1%, таяқша ядролы -2%, сегментті ядролы -75%, лимфоциттер-18%, моноциттер ˗5%. ЭТЖ -17мм/сағ.

Қандай дәрі ең тиімді?

A) мелофлам

B) пенициллин

C)эритромицин

D) доксициклин

E) ципрофлоксацин

{ Дұрыс жауабы }=Е

{ Қиындығы }= 1

{Оқулық}= Инфекциалық аурулар. Шувалова Е.П.,2005 г.

{Курс}= 7

{Семестр}= 14

{Тест тапсырушының білімі }= ZO

 

01_07_каз.

$$$042

Қандай науқастар (№33 қайлыға сай) дизентерия диагнозымен диспансерлік бақылауға алынады?

А) жұмыскерлер

В) студенттер

С) тағам өндірісінде істейтіндер

D) оқушылар

E) институт қысметкерлері

{ Правильный ответ }= C

 

01_07_каз.

$$$043

Ер адам 28 жаста, терапевтке ауруының 2-ші күні қаралды.Шағымдары: ішіндегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, іш өту, бас ауру, сұйық нәжіс күніне 15 рет, тенезмдер жалған шақырулар. Қараған кезде: дене температурасы- 37,5С, АҚҚ 100/60 сын.бағ.бой., пальпация кезінде оң жақ мықын аймағындағы ауру сезімі, сигма тәрізді ішектің спазмы байқалады. Үлкен дәреті нәжіссіз, шырыш пен қан араласқан. ЖҚА эритроциттер.-4,0*1012/л, HB-145 г/л, лейкоциттер.-11,4*109/л, эозинофилдер-1%, таяқшалы ядролар-2%, сегмент ядролы-75%, лимфациттер -18%, моноцитер-5%,. ЭТЖ - 17мм/сағ.

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу тағайындау керек?

A) зәрдің жалпы анализі

B) қанның жалпы анализі

С) гемокультураға қан тапсыру

D) нәжісті бактерилогиялық зерттеу

E) зәрді бактерилогиялық зерттеу

{Дұрыс жауап} –D

 

01_07_рус.

$$$044

(№33қаулыға) сәйкес сальмонеллезбен ауыратын науқастарды ауруханадан шығару ережелері қандай?

А) үлкен дәретінің қалпына келгеннен кейін

В) температурасы қалпына келгеннен кейін

С) үлкен дәретінің қалпына келгеннен кейін

D) емнен кейін нәжістің бактериологиялық себіндісі алынғаннан кейін

E) антибактериальді терапияны аяқтағаннан кейін 3 күн өткеннен соң бір реттік бактериологиялық зерттеу жүргізілгеннен кейін.

{Дұрыс жауап} –Е

 

01_07_қаз.

$$$045.

(№33) қаулысына сәйкес сальмонеллезбен ауырғандардың қандай құрамы диспансерлік бақыланады?

А) балалар

В) студенттер

С) әскерлер

D) қызметкерлер

E) тек декретке шыққандар

{Дұрыс жауап} –Е

$$$046.

Ер кісі, 25 жаста, емханаға қаралды. Қонақта болғаннан соң 6 сағаттан кейін жедел ауырды; эпигастридегі, кіндік аймағындағы ауру сезімі, 3-4 рет құсу, улкен дәретке жиі барау мазалады. Түскен кезде: дене температурасы-38С. Іші жұмсақ, пальпация кезінде эпигастридегі және оң жақ мықын аймағындағы ауру сезімі анықталады. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ -90/60сын.бағ. бой.,пульсі -100соқ/мин. Кіші дәреті қалыпты. Үлкен дәреті сұйық, шырышпен, қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті.

Қандай ем ең тиімді?

А) макропен500х2р

В) амоксиклав 625х2р

С) доксициллин0,1х 2р

D) пенициллин 1,0х4р б/е

E) ципрофлоксацин 500х2р

{Дұрыс жауап} –Е

$$$047.

Ер кісі, 30 жаста ауруының екінші күні емханаға қаралды.Шикі қуырылған жұмыртқаны жегеннен 8 сағ кейін жедел ауырды.Шағымдары; эпигастридегі, кіндік аймағындағы ауру сезімі,жүрек айну, 3-4 рет құсу,тәулігіне 7-8 ретке дейін іш өту. Түскен кезде; температура-38С.Пальпация кезінде эпигастридегі және оң жақ шап аймағындағы ауру сезімі. Ішектерде спазм жоқ. АҚҚ -100/70сын.бағ. бой.,пульсі-100соқ/мин. Кіші дәреті қалыпты. Үлкен дәреті жайылған, шырышпен,қоңыр- жасыл түсті, жағымсыз иісті. Дәрігер науқаста сальмонеллез бар екенін болжады.

Осы жағдайға сальмонеллездің қай клиникалық формасы сәйкес келеді?

А) сүзек тәрізді

В) гастриттік

С) септикомиемиялық

D) гастроэнтериттік

E) гастроэнтероколиттік

{Дұрыс жауап} –D

$$$048

45 жастағы ер адам қарқынды терапия бөліміне айқын әлсіздікке, жүрек айнуына, кофе түстес құсуға, ұйқының нашарлауына, қорқынышты түстер көруіне шағымданып түсті. 2 апта бойы ауырады: алғашқы күндері жүрек айнуы, құсу, тәбеттің төмендеуі, буындардың ауыру сезімі. Анамнезде: 2 ай бұрын жарақат себебімен операция жасалынған және қан құйылған. Объективті: жағдайы ауыр, ауызынан бауырлық иіс сезіледі, тері мен шырышты қабаттарының сарғыштығы өте айқын. Ұйқышылдық, адинамия байқалады. Бауыр қолмен сипап тексергенде сезілмейді. Перкуссия: бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге жоғары анықталады. ИФА нәтижелері: antiHAV IgM теріс, HbsAg оң, anti Hbc IgM оң, antiHCV теріс.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

А) созылмалы вирусты гепатит С

В) созылмалы вирусты гепатит В

C) жедел вирусты гепатит В

D) жедел вирусты гепатит А

E) жедел вирусты гепатит С

{Дұрыс жауабы}= С

$$$049

45 жастағы ер адам қарқынды терапия бөліміне айқын әлсіздікке, жүрек айнуына, кофе түстес құсуға, ұйқының нашарлауына, қорқынышты түстер көруіне шағымданып түсті. 2 апта бойы ауырады: алғашқы күндері жүрек айнуы, құсу, тәбеттің төмендеуі, буындардың ауыру сезімі. Анамнезде: 2 ай бұрын жарақат себебімен операция жасалынған және қан құйылған. Объективті: жағдайы ауыр, ауызынан бауырлық иіс сезіледі, тері мен шырышты қабаттарының сарғыштығы өте айқын. Ұйқышылдық, адинамия байқалады. Бауыр қолмен сипап тексергенде сезілмейді. Перкуссия: бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге жоғары анықталады.

Қандай асқыну ең ықтимал болып табылады?

A) созылмалы бауыр энцефалопатиясы

B) созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

C) жедел бауыр энцефалопатиясы

D) жедел бүйрек жетіспеушілігі

E) ТШҚҰ-синдромы

{Дұрыс жауабы}= С

{Күрделілігі}=2

{Оқулық}= Инфекционные болезни. Шувалова Е.П., 2005г.

{Курс}=7

{Семестр}=14

{Тест тапсырушының болжама білімі}=РА

 

01_07_қаз

$$$050

25 жастағы ер адам жұқпалы аурулар ауруханасына әлсіздікке, жүрек айнуына, құсуға, дене қызуының жоғарылауына шағымданып түсті. Бір апта бойы ауырады. Аурудың басталуынан 2 апта бұрын 10 жастағы інісі балалар жұқпалы ауруханасына ұқсас клиникалық кқріністермен түскен. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындылары мен көрінетін шырышты қабаттары сарғайған. Бауырдың төменгі шекарасы қабыра доғасынан 1,0-1,5 см-ге төмен анықталады. Бауыр консистенциясы тығыз-эластикалық. Зәрі қоңыр түсті.

Қандай ем шарасы ең тиімді болып табылады?

A) ферменттер қолдану

B) дезинтоксикация

C) иммунокорректорлар қолдану

D) өт айдайтын дәрілер қолдану

E) вирусқа қарсы дәрілер қолдану

{Дұрыс жауабы}= B

$$$051

19 жастағы ер адам профилактикалық тексеру кезінде вирусты гепатит маркерлеріне ИФА тапсырған. Нәтижесі: барлық көрсеткіштері «теріс».

Вирусты В гепатитті алдын алу шарасы қандай?

A) анатоксин енгізу

B) қорғаныс бетпердесін қолдану

C) гамма-глобулин енгізу

D) арнайы вакцинация

E) тек қана қайнаған су қолдану

{дұрыс жауап}= D

{күрделілігі}=3

{Оқулық}= Инфекционные болезни. Шувалова Е.П., 2005г.

{Курс}=7

{Семестр}=14

{тест тапсырушының болжама біліміо}= NS

 

01_07_қаз

$$$052

40 жастағы әйел адам жұқпалы аурулар ауруханасына айқын әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне, бірнеше рет құсуына, жүрек айнуына, оң жақ қабырға астындағы және эпигастрий аймағындағы ауыру сезіміне шағымданып түсті. Ауырғанына 15 күн болған. 3 ай бұрын жатыр миомасы бойынша операция жасалынып, қан құйылған. Жағдайы ауыр, айқын интоксикация, ұйқышылдық мазалайды. Тері жабындысы мен көз склералары айқын сарғайған. Бауыры ұлғайған. Зәрі қоңыр түсті. Нәжісі түссізденген.

Қандай лабораторлы көрсеткіштер аурудың ауырлығын көрсетеді?

A) АЛТ-ң қалыпты деңгейі

B) тимол сынамасының жоғарылауы

C) билирубин деңгейінің жоғарылауы

D) протромбин индексінің төмендеуі

E) сілтілі фосфатазаның жоғарылауы

{дұрыс жауап}= D

$$$053

46 жастағы ер адам, жұқпалы аурулар ауруханасында 2 апта бойы ем қабылдап жатыр. Қыжылға, жүрек айнуына, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, терінің айқын қышынуына, қорқынышты түстер көруіне шағымданады. Анамнезде: екі ай бұрын тіс дәрігерінде тісін емдеткен. Қарап тексергенде: тері жабындылары мен шырышты қабаттары сарғайған, тырнақ іздері байқалады.

Лабораторлық мәліметтер: Жалпы қан анализі: лейк.-4,0×109/л; эритр.-4,5×109/л; Нв-126 г/л; т/я нейтр.-2%; с/я нейтр.-52%; лимф.-40%; мон.-5; эоз.-1%. Қанның биохимиялық анализі: АЛТ-640 Ед/л; АСТ-240 Ед/л; жалпы билирубин-250 ммоль/л; тікелей билирубин-185 ммоль/л; тікелей емес билирубин-65 ммоль/л.

Клиникалық көріністердің қайсысы аурудың ауырлық дәрежесін көрсетеді?

A) қыжыл

B) сарғаю

C) қорқынышты түстер

D) терінің айқын қышуы

E) эпигастрий аймағындағы ауырлық сезімі

{дұрыс жауап}= C

$$$054

18 жаста бойжеткен жұқпалы аурулар ауруханасына әлсіздікке, дене қызуының жоғарлауына, жүрек айнуына, құсуа, зәрдің қоңырлауына, көз склералары мен терісінің сарғаюына шағымданып түсті. Ауру бір апта бұрын басталған. Колледжде оқиды, тобындағы бір адам жұқпалы ауруханада емделуде. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, жүрек айнуы, құсу жоқ. Тәбеті жақсарған. Тері жабындысы мен шырышты қабаттары сарғыш түсті. Тілі сұр жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты сезімтал. Бауыры қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анқталады, тығыз-эластикалық консистенциялы. Нәжісі түссізденген, зәрі қоңыр түсті.

Диагнозды дәлелдеуге қай зерттеу әдісі нақты мәлімет береді?

A) зәрдің жалпы анализі

B) қанның жалпы анализі

C) иммуноферментті анализ

D) биохимиялық анализ

E) бактериологиялық анализ

{Дұрыс жауабы}= С

 

 

01_07_қаз

$$$055

28 жастағы әйел адам жұқпалы аурулар ауруханасына айқын әлсіздікке, жүрек айнуына, құсуға, жүрген кездегі бас айналуына, тері қышуына. шағымданып түсті Ауырғанына он күн болды. 2 ай бүрын кесар тілігі арқылы босанған. Қан кету болған, жаңа тоңазытылған плазма құйылған. Қарап тексергенде: терісінің және склераларының айқын сарғаюы, терісіндегі трнақ іздері байқалады. Бауыры 1,0-1,5 см-ге ұлғайған. Іш қатуы мазалайды. Зәрі қоңыр, өт пигментіне «оң».

Қай белгі аурудың ауырлық ағымын көрсетеді?

A) сарғаю

B) терінің қышуы

C) гепатомегалия

D) айқын әлсіздік

E) іш қатуға бейім

{Дұрыс жауабы}= D

$$$056

21 жастағы бойжеткен жұқпалы аурулар ауруханасына айқын әлсіздікке, жүрегінің айнуына, құсуға, жүрген кездегі бас айналуына, тері қышуына, мұрыннан қан кетуіне, буындарының ауруына шағымданып түсті. Ауырғанына 15 күн болған, 3 ай бұрын стоматологта тістерін емдеткен. Қарап тексергенде: терісінің және склерасының айқын сарғаюы, терісінде тырнақ іздері байқалды. Бауыры 1,0 см-ге ұлғайған. Зәрі қоңыр түсті, өт пигментіне «оң».

Қандай синдром вирусты гепатиттің ауыр ағымын сипаттайды?

A) артралгиялық

B) диспепсиялық

C) холестатикалық

D) геморрагиялық

E) астеновегетативті

{Дұрыс жауабы}= D

$$$057

Ер адам, 31 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына дене қызуының жоғарлауына, тәбетінің төмендеуне, құсуға, жүрек айнуына шағымданып түсті. Бір аптадан бері ауырады. Ауру басталғаннан кейін бір аптадан соң терісінің және склерасының сарғаюын байқаған. 4 жастағы баласы баратын бала бақшада сарғаю синдромымен ауырған балалар болған. Объективті: жалпы жағдайы орташа аурлықта, тері жабындысы және көзге көрінетін шырышты қабаттары сарғайған. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында сезімтал. Бауыры қабырға доғасынан 1,0 см-ге төмен анықталады, консистенциясы тығыз. Нәжісі түссіз, зәрі қоңыр түсті. Анализінде: АЛТ-650 ммоль/л, АСТ 240 ммоль/л, жалпы билирубин - 65.0 ммоль/л, тікелей - 48.0 ммоль/л.

Қай лабораторлы көрсеткіш диагнозды дәлелдейді?

A) HbsAg анықталуы

B) HbeAg анықталуы

C) aHAV IgM анықталуы

D) aHAV IgG анықталуы

E) aHDV IgM анықталуы

{Дұрыс жауабы}= C

$$$058

Ер адам, 35 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына терісінің және шырышты қабаттарының сарғаюына, зәрінің қоңырлануына, нәжісінің түссізденуіне шағымданып түсті. Екі ай бұрын стоматологта тістерін емдеткен. Бір аптадан бері ауырады: жүрек айнуы, құсу, буындарының ауыру сезімі мазалаған. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, адинамия, тері жабындысы және көзге көрінетің шырышты қабаттары сарғайған. Тілі сары жабындымен қапталған. Іші жұмсақ, бауыры 2,0 см-ге ұлғайған. Анализінде: АЛТ-1050 Ед/л (қалыптыда 41 Ед/л), АСТ-650 Ед/л, жалпы билирубин -265 ммоль/л, тікелей - 197 ммоль/л. ИФА мәліметтері: antiHAV IgM теріс, HbsAg оң, anti Hbc IgM оң, antiHCV теріс.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

А) созылмалы вирусты гепатит С

В) созылмалы вирустыгепатит В

C) жедел вирустыгепатит В

D)жедел вирусты гепатит А

E) жедел вирусты гепатит С

{Дұрыс жауабы}= B

$$$059

Әйел адам, 32 жаста, ауруханаға ауруының 8-ші күні түсті. Ауруының бірінші күнінен бастап тәбетінің төмендеуі, әлсіздік, дене қызуының жоғарлауы, оң жақ қабырға астындағы тұйық ауру сезімі мазалаған. Аурудың 7-ші күнінде склерасының сарғаюын, зәр түсінің өзгеруін байқаған, ал екі күннен кейін сарғаю айқын көріне бастады. Жүктілік 16-17 апта. Объктивті: жағдайы қанағаттанарлық. Бауырлық улану белгілері жоқ. Терісі мен көзге көрінетін шырышты қабаттары сарғыш түсті. Бауыры 1,5-2 см-ге ұлғайған, әлсіз ауырсыну сезімді. Нәжісі түссіз, холурия. ИФА мәліметтері: antiHAV IgM оң, HbsAg теріс, anti Hbc IgM теріс, antiHCV теріс.

Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?

A) иерсиниоз

B) жүктілік гепатозы

C) механикалық сарғаю

D) жедел вирусты гепатит А

E) жедел вирусты гепатит В

{Дұрыс жауабы}= D

$$$060

Ер адам 37 жаста, жұқпалы аурулар ауруханасына психомоторлы қозу жағдайында жеткізілді. Ауызынан «бауырлық» иіс сезіледі. Жүрек тондары бәсеңдеген. Тахикардия - 120 рет минутына. Бауырдың төменгі қыры қабырға доғасынан 2,0 см­-ге жоғары анықталады. Терісінің және шырышты қабатының сарғаюы кеше байқалды. Бірнеше күн бұрын жүрек айнуы, құсу, бас айналуы, ұйқысының бұзылуы мазалаған.

Науқаста қандай асқыну дамыған?

A) инфекциялық-токсическалық шок

B) жедел бауырлық энцефалопатия

C) жедел тыныс жетіспеушілігі

D) жедел бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі

E) жедел жүрек-қантамырлар жетіспеушілігі

{Дұрыс жауабы}= B

$$$061

Қай аурумен ауырған науқастарға ҚР ДСМ-ң №92 бұйрығы бойынша (12 ақпан 2012 жылы) науқасқа вирусқа қарсы терапия үрдістің белсенділігіне және вирусты жүктемесіне байланыссыз міндетті түрде тағайындалады:






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных