ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырып: Қоршаған ортаның ластануынан болатын зиянның экономикалық бағалауы.1. Қоршаған ортаның ластануынан болатын зиянды есептеу әдістері. 2. Су тұтынушыларға зиянды есептеу. 3. Автокөлік шығарылымдары мен әуе кеңістігінің ластануынан болатын зияндар. Қоршаған ортаның ластануынан болатын зиянды есептеу әдістері. Су тұтынушыларға зиянды есептеу. Автокөлік шығарылымдары мен әуе кеңістігінің ластануынан болатын зияндар. Қоршаған ортаның ластануынан болатын зиянның экономикалық бағалауының бар әдістеріне шолу. Табиғат пайдаланудағы жаңа экономикалық тетіктер баға белгілеу жүйесіне экологиялық сипаттамаларды енгізуді табиғат пайдаланудың ақылық жүйесін жетілдіруді және міндетті экологиялық сақтандыруды көздейді. Табиғат пайдаланушылардың табиғат корғау қызметін қаржы ынта-ландыруын қүрумен, сондай-ақ табиғат қорғау қызметіндегі қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық күралдарын енгізу-мен айқындалады. Табиғат пайдаланушыларды табиғат қорғау іс-шара-ларын жүргізуге және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға ынта-ландыру экологиялық төлемдер жүйесін көздейтін табиғат пайдалану-дың экономикалық тетігі көмегімен жүргізілуі тиіс. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер ресурстарды норма-тивтен тыс пайдаланғаны немесе нормативтен тыс шығарынды және ластаушы заттардың төгінділері үшін ставкаларды арттырудың тетігі арқылы коршаған ортаның ластануын азайтуды экономикалык ынта-ландыруды қамтамасыз етеді. 2004 жылы қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкасы кайта қаралатын болады, олардың мөлшері ластаушы заттардың көлемі мен түрлерін ескере отырып белгіленуі тиіс. Ластану көзі ерекше қорға-латын аумақтарда немесе олардың жанында орналасқан жағдайда қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем ставкаларын арттыру коэф-фициенттері қолданылатын болады. Экономикалық құралдар инновацияларды енгізу және табиғи ресурстарды үтымды пайдалану, неғүрлым тиімді және аз калдықты технологияларды дамыту мен енгізу мақсатында шаруашылық жүр-гізуші субъектілердің қызметіне катаң нормалар мен стандарггардың белгіленуіне ықпал етуі тиіс.
Дәріс №10 Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|