ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырып: Табиғи қорларды пайдалану арқылы энергияны қайта жаңарту.1. Табиғи ортаның сапасын басқарудың іс- тәжірибелік әдістері. 2. Табиғат қорларын пайдалану басқару туралы ұғым, басқару субъектілері мен объектілері. 3. Табиғат қорларын пайдалануды басқару әдістерінің негізгі топтары әкімшілік тұрғыдан реттеу. 4. Қорларды пайдалану арқылы энергияны қайта жаңарту. Экономикалық тұрғыдан ынталандыру жүйелер және табиғатты пайдалану саласындағы нарықтық қатынастыр. Табиғатты пайдалануды реттеутдің басты тетіктері, экосаясат. Адам баласы табиғатты қорғау үшін оның заңдылықтары мен негізгі ұстанымдарын білуге міндетті: 1. Биосфера шегінде барлық тірі организмдер бір-бірімен байланысты жөне қарым-қатынас жағдайында ғана тіршілік етуге бейімделген. Бұл байланыстардың біреуінің бұзылуы табиғаттағы тепе-теңдікке өзгерістер әкелуі мүмкін. Сондықтан адам баласы әрбір табиғат құрауыштарының орта мен табиғи экожүйедегі рөлін білуі тиіс. Табиғатта ешбір зат жоғалып кетпейді. Егер адам баласы жаңа бір затты ойлап тапса, оны жоюдың да жолын қарастыруы керек. Ол зат табиғи айналымға түсуі тиіс. Мысалы, адам полиэтиленді ойлап тапты. Полиэтилен табиғатта айналымға түспейді. Себебі, оны ыдырататын редуцент (бактерия) жоқ. Осыдан барып жер бетінде полиэтилен қоқыстары көбеюде. Заттардағы барлық өзгерістер энергия жұмсаумен жүзеге асады. Яғни, энергияның сақталу заңы бойынша жұмыс істейді. Сол үшін адам баласы табиғатты пайдаланған кезде оны өндіруді және кайта түлетуді үйлестіре отырып, адам мен табиғаттың қауіпсіздігін сақтауы керек. Табиғаттағы экожүйелер мен олардағы қарым-қатынастар —ұзақ жылғы тұрақты даму эволюциясының жемісі. Сондықтан адам баласы оны бұзбауы керек. Ал бұзған жағдайда қайтымсыз экологиялық апаттар болуы мүмкін. Осыған орай табиғат қорғау ғылымы алдында бірнеше маңызды міндеттер түр: а) өңдірісті, өнеркәсіпті және агрокешендерді игеру кезінде табиғатка түсетін салмақ ең аз мөлшерде болуы керек; ө) өндіріс пен өнеркәсіп салаларын ұйымдастыру кезінде адам баласы мен табиғат арасында экологиялық қауіпсіздік сақталуы тиіс; б) табиғат ресурстарын игеру кезінде оның қоршаған ортаға в) табиғат ресурстарын сол қалпында сақтау үшін корықтар, кррықшалар (заказник), ұлттық саябақтар мен басқа да ерекше қорғалатын объектілерді көбейту қажет; г) қоршаған орта мен адам баласының денсаулығын сақтау Табиғат қорғаудың міндеттері мен ұстанымдарын жүзеге асыру алдын ала ескерту және нақты шешім қабылдау арқылы анық-талады. Алдын ала ескерту шаралары белгілі бір аймақтағы табиғат объектілерін анықтап, оны қорғау мен қалпына келтіруді жоспарлап отырады. Нақты шешім қабылдау шаралары — табиғаттағы адамның іс-әрекетінен бұзылған немесе ластанған, жарамсызданған объектіні қалпына келтіру немесе жою жұмыстары. Мысалы, ауаның ластануы, топырақ эрозиясы, орманның кырқылуы, т.б. Табиғатты корғаудың тағы бір мақсаты — экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ол — қазіргі жөне болашақ ұрпақтың салауатты өмір сүруі үшін адамның теріс іс-әрекеттерін шектеу және табиғаттағы төтенше апаттарды болдырмау. Ол Қазакстан Республикасының Конституциясы және табиғат қорғау заңдары арқылы жүзеге асырылды. Дәріс №7 Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|