ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Табиғатты пайдаланудың теориялық мәселелері.2. Қоғамның дамуындағы табиғи жағдай мен ресуастардың теориялық және практиаклық маңызы. Табиғатты өндірістің материалдық негізі ретінде қарастыру. Табиғат ресурстарының түрлері және және орардың нарық қатыныстары жағдайындағы рөлі. Табиғат ресурстарының шығу тегі және пайдалану сипатына қарай қарастыру. Жалпы теориялық табиғат қорғау пәндерінің блогына: биосфера жайлы ілім, биосфера және географиялық жүйе, коршаған ортаны қорғау теориясы, жүйелі талдау, табиғат корғау және геоэкология негіздері пәндері жатады. Ресурстық табиғатты пайдалану блогы қүрамына: топырақ және жер ресурстар экологиясы, аквальдық жүйе экологиясы, ландшафтар гесфизикасы мен геохимиясы, атмосфералык ауаны қорғау, т.б. пәндер кіреді. Аумақтық табиғатты пайдалану блогы жүйесінеіәлемдік табиғатты пайдалану географиясы, Қазақстан экологиясы, Қазақстанның экологиялық түрақсыздық қалпындағы геожүйелері және т.б. пәндер енеді. Айрықша орынды қолданбалы табиғатты пайдалану блогынын зерттеу пәндері: медициналык география, геоэкологиялык аудандастыру, урбаэкология, геоэкологиялық болжау, табиғатты пайдалану экономикасы т.б. алады. Табиғатты пайдалануды басқару блогының қүрамына геоэкологиялық экспертиза, геоэкологиялык картография, геоэкологиялық мониторинг т.б. пәндер кіреді. Енді осы геоэкологиялық білім беру күрылымын жинактаушы блокқа конструк-тивті табиғатта пайдалану пәндер: мәдени ландшафтар, табиғи техникалық жүйелерді жобалау, табиғатты пайдалануды оңтайландыру, геожүйелерді экологиялык түрақтандыру, конструкциялы геоэкология және т.б. жатады. XX ғасырдың екінші жартысында экология ғылым ретінде ерекше дамыды. Оның себебі, географиялык ортаның антропогендік өзгеріс-терге үшырауынан. Бұл өзгерістердің аукымдылығы адамдардың өздерінің тікелей және жанама әсерін тигізуінен болып отыр. Әсіресе қазба байлықтарды өндіруде, жердің беткі кабаттарына түсетін әсердің сол жердің табиғи кешендерін күрт өзгеретінін есептемеді. Мысал ретінде, Қоңырат кешенінің үлкен көлемді алып жатқан қазан шүңқырын айтуға болады. Сол сияқты адамның әрекетінен пайда болған, жоспарсыз есептелінбей жасалынған жер бетіндегі ірі қопары-лыстар, жарылыстар, каналдарды айтуға болады. Академик А. Л. Янщин айтқандай екінші дүние жүзілік соғыстың өзі қоғамға орасан шығын мен коршаған ортаның өзгеруіне әкеліп сокты. Осының салдарынан экологиялық жағдай түбірімен өзгерді, табиғат деградацияға үшырады. Халық санының күрт артуы және қазба байлықтарды өндіру, кен алаңдарының көбеюі өсімдік пен жануарлар түрінің, олардың тіршілік ареалының барынша азаюына әкеліп соқты. Сонымен қатар өндірістің, өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының жедел дамуы табиғи бртаның күрт өзгеру салдарынан экологияльщ нашар аудандарды калыптастырды. Табиғи ортаның үлкен бір кешені - гидросфера. Оның күрамына: әлем мүхиты, ішкі теңіздер мен көл-өзендері, мүздықтар мен жер асты сулары кіреді. Бүкіл тіршілік тынысына орасан зор ықпал ететін су -тірі организмдердін негізгі қүрамдас бөлігі. Мәселең, су адам денесінің салмақ бөлігінің 60 % қүраса, ал өсімдік организімінде ол 95 % жетеді. Судың тіршілік үшін маңызымен әсер ету жағдайымен адам баласы есептссе бермейді. Гидросфера қабатының химиялык қүрамы, әлемдік су айналымы мен оның газдық және су режимінің экожүйелер мен табиғи антропогендік жүйелерге тигізетін әсерінің маңыздылығын жете түсінбейді. Сондықтан да қазір бүкіл әлемдік ауыз-су проблемасы туып отыр. Ол әсіресе өндіріс орындары шоғырланған аймақтарда күшті байқалуда. Қазіргі кездегі дүние жүзінде адамзатты алаңдатып отырған ғалам-Дық экологиялык проблема - климаттың өзгеруі. Бүл проблеманы талдағанда климатты кешенді жан-жақты, табиғи ортадағы болып жатқан өзгерістерді талдай отырып, сонымен бірге климаттьщ циклдық өзгеруін де естен шығармау керек. Күнделікті жер бетіне ықпал ететін метеорологиялық элементгер (күн сәулесі, жауьш-шашын, ылғалдылық, жел, қысым) жалпы климматгың күрт өзгеруіне ықпал ете қоймайды. Қазіргі климаттың өзгерісі жайында, оньщ экологиялық жағдайға тигізетін әсерін жан-жақты зерттеу бүгінгі күннін өзекті мәселесі болып отыр.
Дәріс №3 Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|