ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырып: «Табиғатты пайдалану экономикасы» пәнінен кіріспе.1. «Табиғатты пайдалану экономикасы» пәнінің мазмұны, мақсаты мен міндеттері. 2. Ғылымның пайда болу мен дамуы. 3. Табиғатты пайдалану қажеттілігі және негізгі түрлері. Табиғат пайдалану экономикасы адамзат мекен ететін қоршаған ортаны ылғи өзгеріп отыратын табиғат жағдай мен табиғи ортаны қоғам тарапынан игерілу деңгейін зерттейді. Басқа да экономика ғылымдары сияқты табиғат пайдалану экономикасы табиғат пен адам арасындағы өндірістік қатынасты, бұл жағдайда байлығы мен күшін адамдардың пайдалануына байланысты қатынастарын зерттейді. Қоғамның даму үрдісінде ылғида адамзаттың артып отыратын сұранысы мен биосфераның, табиғи ресурстардың шектеулі мүмкіндігі арасында қарама-қарсылық туындайды. Табиғат пайдалану экономикасы осы аталған қарама-қарсылықты ескеріп, тұтыну деңгей мен өндірістің дамуы және экологиялық факторлар арасынағы тиімді қатынасты анықтауы қажет. Экономиканы экологияландыру өндірістің табиғат қажеттілігін азайту және заттар мен энергия алмасуының биосфералық процестеріне экономиканың әсерін азайту арқылы түрақты экологиялық қауіпсіз табиғат пайдалануды қамтамасыз етуде және ресурстық-экологиялық тепе-тендікті сақтауда болып табылады. Экономиканы экологияландыруды жүзеге асыру үшін ресурс үнем-дейтін технологияларды дамыту және экологиялық "лас" өндірістің үлесін азайту, табиғат пайдаланудын, мемлекеттік экологиялық бақы-лауды, экологиялық мониторингтің және статистиканың табиғат пай-даланудың және экологиялык сараптаманың рүқсат ету жүйесін оңтай-ландырудың экономикалық тетіктерін жетілдіру арқылы барлық әзір-ленетін мемлекеттік, өңірлік және салалық бағдарламаларға экология-лық шарттар мен талаптарды енгізу кажет. Дәріс №2 Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|