Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып: Қазақстан Республикасының табиғи ресурстық потенциалы және оны пайдалану мәселелері.




1. Табиғат ресурстарын пайдаланудың қазіргі тенденциясы.

2. Қазақстан Республикасының табиғи ресурстық потенциалы.

3. Экология мәселелері.

Табиғат және қоршаған ортаны қорғау. Отын – энергетикалық және минералдық шикізат ресурстары. Қазақстан Республикасының отын – энергетика және минералдық шикізат ресурстарының жалпы сипаттамасы. ҚР жер, орман, су, биологиялық ресурстарының жалпы сипаттамасы.

Табиғат - адам баласының тіршілік тынысы әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық қорын осыдан алады. Биологиялық түр ретінде алғашқы адамдар табиғат ресурстарын түрпайы күйінде пайдаланып келді. Бертін келе, саналы түрде үй шаруашылығымен айналысып, өсімдіктерді баптап өсіріп, жануарлардың кейбір түрлерін колға үйретті.

Адам баласының саны артқан сайын табиғат байлықтарын пай-далану еселеп өсті. Енді бос жатқан жердің, судың иесі табылып одан әрі жер мен оның байлығы үшін талас-тартыс өрбіді. Осының бәрі табиғатқа бүрын-соңды болмаған шығын әкелді. Алғашында табиғат қорлары сарқылмайтын сияқтты көрінгенімен, бірте-бірте оның қоры таусыла бастағанын адам баласы сезінді. Мысалы, дүние жүзіндегі орман қоры 40 млн. км2 деп есептесек, оның соңғы 150 жыл ішінде 35 %-ы кесілген екен. Соңғы ғасырда өмір сүрген адамзат қауымдастығы табиғатты қорғау қажет екенін түсіне бастады. Ол үшін табиғат қор-ларын есепке алып, оны тиімді пайдалану керектігін үғынды. Табиғат қорғау туралы маңызды қүжаттар қабылданып, оның ғылыми негіздері қаланды.

Табиғат қорғау дегеніміз табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздеу, қайта түлету, сол сияқты бүліну, ластану жолдарына қарсы бағытталған халықаралық, мемлекеттік және коғам-дық ауқымдағы іс-шаралар жатады.

Әрбір мемлекеттің, үлттың табиғат қорғау барысында ежелден қалыптасқан салт-дәстүрлері бар. Олардың негізін қалаушы ата-баба-ларымыздың ой-өрісінен туындаған аңыздар мен ақиқаттар - өмір тәжірибелері.

Сондықтан да түз тағысы киікті киелі, жер мен суын қасиетті деп, жас үрпағына түсіндірген ата-бабамыз табиғаттың қадіріне жете білген. Шүрайлы жайылымын, орман-тоғайын, өзен-көлін пайдаланып әрі оны корғауды мақсат еткен.

Табиғат қорғаудағы негізгі мақсат - оның байлығың тиімді пайда-лана отырып, болшақ ұрпакка қаз-қалпында жеткізу. Ол үшін біз табиғат қорларын жете білуіміз қажет.

Табиғат қорлары сарқылмайтын және сарқылатын болып екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бірі - су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 2/3 алып жатыр. Сондықтан оньщ коры үздіксіз айналымға түсіп, калпына келіп отырады. Ал экожүйелердің таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер.

Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және калпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мүнай, комір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Сарқылатын қорларды адам баласының өте үқыпты түрде пайдалануы болашақ үрпақтың қамын ойлағаны (1-сызбанүсқа).

Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар - топырақ, өсімдік пен жануарлар әлемі. Аталған қорларды барынша пайдалану, біржола жойып жіберуге апарады. Мысалы, адам баласының теріс іс-әрекеттінен жер бетіндегі аңдардың 106, құстардың 139 түрі біржола қүрып кеткен. Тіптен, қазақ даласында тіршілік еткен жабайы түйе, қүлан, жабайы жылқы, жолбарыстар бүгінде жоқ. Ал өсімдіктер мен жануарларды, топырақты үзақ уақыт сақтап қалуға мүмкіндік бар. Ол үшін табиғат қорларын қорғаудың барлық шара-ларын қолдану керек. Топырақ қарашіріндісінің түзілуі өте үзақ -мыңдаған жылдарға созылады, ал оның бүлінуі әп-сәтте. Осыған орай адам баласы топырақтың қүнарлығын сақтау үшін агротехникалық шараларды дұрыс қолданып, қосымша органикалық минералды тыңайтқыштар беріп отырады. Топырақтың тозуы көптеген антро-погендік факторларға байланысты. Соның негізгілері - топырақ эрозиясы, тозуы, шөлге айналу және ластану. Осының бәріне де адамның іс-әрекеті себепші.

Соңғы жылдары жер шарындағы барлық табиғат қорлары бүрын-сонды болмаған антропогендік өзгерістерге ұшырап отыр. Олардың ең бастысы - әлемдік климаттағы өзгерістер. Күн мен жел энергиясы сарқылмайтын қор болғанымен, енеркәсіптің қарқындап дамуына байланысты ауаға зиянды газдар, шаңдар көтеріп, адамдардың ден-саулығына қауіп төндіруде. Бүл апатты қүбылыстар өнеркәсібі шоғырланған ірі қалаларда өріс алып отыр. Ауа кеңістігінің ластануы дүниежүзілік мүхиттар мен теңіздерге де өз ықпалын тигізуде.

1-сызбанусқа

Табигат қорларынын жіктелуі

Өркениетті елдер сияқты біздің республикамызда да табиғат қор-ғауға көп көңіл бөлініп отыр. 1997 жылы "Қоршаған ортаны қорғау туралы заң" қабылданды. Заңның негізгі мақсаты еліміздің табиғатын қорғау мен оның байлығын халық қазынасы ретінде болашақ үрпақ-тардың салтанатты өмірі үшін сақтау.

 

 

Дәріс №4

Тақырып: Табиғатты пайдваланудың экономикалық механизмі.

1. Табиғатты тиімді пайдаланудың экономикалық механизмі.

2. Табиғат ресурстарымен оларды пайдаланудан алынатын өнімдерге баға.

3. Табиғат ресурстьарының экономикалық тұрғыдан бағалаудың түрлері.

Табиғат ресурстарын бағалауға ашлынатын критерийлер. Табиғат ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалаудың әдістері. Табиғат ресурстиарын пайдалану үшін салық, төлемдерін белгілеу әдістері.

Топырақ өте күрделі организм сияқты үнемі өсу, даму және өзгеру үстінде болады. Онда үздіксіз түзілу және бұзылу процестері жүріліп отырады. Су, жел, антропогендік факторлардың топырақ пен оның қабаттарын бұзу, беткі құнарлы қабаттың сумен шайылу, желмен ұшыу құбылыстары эрозия деп аталады.

«Эрозия» термині ла erodere – бұзу деген сөзінен алынған. Эрозия дегеніміз топырақ жабынының су не желмен бұзылуы. Бұл кезде топырақтың ең құнарлы қабаты бұзылады: топырақ түзілу процесінің жүру жылдамдығышамамен 0,5-2,0см / 100жыл болғанда қалыңдығы шамамен 18 см болатын осы қабаттың табиғи жолмен түзілуіне 1400-7000жыл қажет болған болар еді. Бұл қабаттың жойылуы кейде 20-30 жыл, кейде бір ғана қатты жауған жаңбыр, не шаңды дауыл нәтижесінде болуы мүмкін.

Эрозиялық процестердің байқалу сипатына қарай қалыпты не геологиялық және жылдам, не антропогендік эрозия болып бөлінеді.

Қалыпты эрозия – орманды жерлер мен шөптесін өсімдіктердіңтопырағында жүреді. Ол өте жай байқалып, нәтижесінде бұзылған топырақ қабаты топырақ түзілу процестерінің нәтижесінде бір жылда қайта қалпына келе алады.

Жылдам эрозия – табиғи өсімдіктер дүниесі жайылып біткен, топырақтың табиғи ерекшеліктері ескерусіз пайдаланылған територияларда байқалып, бұл эрозия өте тез жүреді.

Кең тараған эрозиялардың түрлері: жазықтық, сызықтық, дефляция, ирригациялық, өндірістік (техногендік), абразия, жайылымдық.

Жазықтық эрозия – тау беткейлеріндегі жоғары горизонттағы топырақтардың жаңбыр, еріген қар сулармен шайылуы.

Сызықтықэрозия – тау беткейлері топырақтарының жаңбыр, еріген қар сулардың әсерінен терең жыралар мен жылғалар түзіп шайылуы.

Жел эрозиясы, не дефляция – топырақтың жоғарғы құрғақ, құнарлы қабатының бөлшектерінің желімен ұшуы.

Ирригациялық эрозия – сулармен егін шаруашылығымен айналысатын аудандарда байқалып, топыраққа көп мөлшардегі су массасының бірілуіне байланысты болды. Бұл су топыраққа сіңіп үлгірмейді де, топырақ бетімен ағады. Су жіберілетін егістік жер аз ғана болсада тегіс болмаса топырақтың қарашірігі су мен бірге төменге қарай жуылып, ағып кетеді. Ирригациялық эрозия кезінде бір уақытта эрозия да, топырақтың сортаңдануы да жүреді.

Өндірістік эрозия – пайдалы қазбаларды өндіру кезінде, әсіресе, ашық әдіспен өндіруде, тұрған ұй, өндіріс орындарының құрылысын, жолдар, газ және мұнай трубопроводтарын салу кезінде байқалады.

Абыразия кезінде (жыртылатын және мал жайылатын жерлердің ауданы кеміді.

Шамадан тыс көп мал жаю кезінде жайылымдық эрозия байқалады.

Механикалық эрозия ауылшаруашылық техникалардың ауыр түрлерін топырақтың өздігінен қалпына келу қабылетін ескермей пайдаланған жағыдайларда қалыптасады. Бұл кезде топырақтың струтурасы бұзылады, физикалық қасиеттері нашарлап, топырақ түзілу процесінің негізгі агенті – биолигиялық белсенділігі әлсірейді. Мысалы, АҚШ – да топырақтың тығыздалуы мен бұзылуы жыл сайын 1 млиад доллар шығын әкеледі.

Егіс далалары, әсіресе, жылына екі рет өнім жинайтын аудандарда ауыр техникалардың әсерінен топырақ тығыздалып, ауылшаруашылық дақылдарының өнімі төмендейді.

Бұл зардаптарды болдырмаудың тимді жолы - топырақты минималды өңдеу, топырақ өңдеуші және басқада машиналардың өнімділігін олардың алатын ауқымын ұлғайту арқылы арттыру.

Эрозия – құнарлықтың жауы. Мамандардың есептеулері бойынша, әрбір минут сайын жер шарында 44 га жер ауылшаруашылық айналымынан шығып отырады. Эрозияның әсерінен адамзат қоғамы күн сайын 3000 аса га жерден айырылып отырады. Ал барлығы қазіргі кезде 5 млн га құнарлы жер тозып пітті эрозияның түрлерінің әсерінен барлық ауылшаруашылық дақылдарының өнімі шамамен 20 – 40 % төмендейді. Эрозияның зардаптары бұнымен бітпейді. Топырақ беттеріндегі жыралар, арықтардың тұзілуі топырақты өңдеу жұмыстарын қиндатып, топырақ өңдеуші және өнім жинаушы техниканың еңбек өнімділігін төмендетеді. Топырақтың эрозиясы, олай болса, биогеоценоздардағы жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік ету ортасының бұзылуы, табиғи комплекстердегі қалыптасқан биолигиялық тепе – теңдіктің бұзылуына әкеп соғады.

Эрозияға ең көп ұшыраған АҚШ жерлері. Соңғы 150 ж барлығы 160млн га жерін 120млн га эрозияға ұшыраған, 20 млн га жер ауылшаруашылығында пайдалануға жарамсыз. Эрозияның әсерінен жыл сайын жердің қоректік заттарға бай 4млрд т. құнарлы қабаты жойылып отырады.

Жерорта теңізінің жағалауларына орналасқан елдердің топырақтары қатты бұзылған. Пиреней түбегінің шөлді Сиссарлары мен Солтүстік Африканың шөл далалары, Австралия, Индия, Қытайдың бір қатар жерлері эрозияға ұшыраған.

Эрозия адамдардың тиімсіз тіршілік әрекеттері, жер ресурстарын дұрыс пайдаланбауы, кейбір шаруашылықтарда нашар агротехниканы қолдану нәтижесінде жүреді.

Дәріс №5






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных