ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
Глоссарий Қоршаған орта - табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы, атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы; Қоршаған ортаны қорғау – табиғат пен адамның өзара үйелесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі; Қоршаған ортаны қорғау объектілері – қоршаған ортаның заңдармен қорғалатын құрамдас бөліктері; Табиғи ресурстар – қоғамдық материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық, т.б. қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері; Табиғат пайдалану – адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалану; Қоршаған ортаның сапасы – қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінің сипаттамасы; Қоршаған ортаның сапасын нормалау – адамның өмір сүруі үшін қоршаған ортаның жарамдылығын айқындайтын және биологиялық алуан түрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының қөрсеткіштері; Қоршаған ортаны ластау – қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, радиактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және де зиянды физикалық ықпалдардың әсері; Экологиялық талаптар - Қазақстан Республикасының заңдық, өзге де заңға қосымша нормативтік құқықтық және нормативтік - техникалық актілерінде қамтылған қоршаған ортаға теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметте орындауға міндетті шектеулер мен ондай қызметке тыйм салу; Экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антрпогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі; экологиялық жүйе - организмдердің және олар мекендейтін жансыз ортаның өзара байланысты біртұтас функционалдық жиынтығы. Түр ішілік – гомотиптік реакциялар. Гомотиптік реакциялар – бір түрге жататын дара организмдер арасындағы өзара әрекеттер Бәсекелестік - 2 популяцияның әрқайсысы екеуіне жағымсыз әсер етуі.болса, Бейтараптылық - 2 популяция өзара әрекеттеспейтін болса және олардың ешқайсысы екіншілеріне ықпал етпесе, онда айтарлықтай экологиялық мәні жоқ жағдай- нейтрализм орын алады. Нағыз нейтрализм табиғатта өте сирек кездеседі, себебі, кез-келген экожүйеде барлық популяциялардың арасында жанама әркеттер болуы мүмкін. Мутализмге екі жаққа бірдей пайда әкелетін қарым-қатынастар жатады. Қоршаған орта- табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым- қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай -ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды және жансыз жиынтығы. Қоршаған ортаны қорғау - табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс- қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық шаралар жүйесі; қоршаған ортаны қорғау объектілері- қоршаған ортаның заңдармен қорғалатын құрамдас бөліктері. Табиғи ресурстар- қоғғамдық материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық т.б. қызмет процесінде пайдаланатын құрамдас бөліктері. Табиғатты пайдалану- адамның шаруашылық жіне өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы. Қоршаған ортаның мониторингі- адамның қоршаған табиғи ортаның жай- күйін бақылау және адамдардың денсаулығы мен өзге де тірі организмдерге зиянды немесе қауіп туғызатын қатерлі ахуалдар туралы ескерту. Қоршаған ортаның сапасын нормалау- адамның өмір сүруі үшін қоршаған ортаның жарамдылығын айқындайтын және биологиялық алуан түрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдалануын қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін белгілеу. Қоршаған ортаны ластау- қоршаған ортаны ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың, радиактивті материалдардың өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай- ақ қоршаған шудың, тербелістің, магниттік өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері; Табиғатты қорғау- табиғат ресурстарын пайдалану барысында оның тиімді жолдарын іздеу, бүліну, ластану жолдарына қарсы бағытталған халықаралық, мемлекеттік және қағамдық ауқымдағы іс- шаралар жатады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|