Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып: Су ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалау және ұтымды пайдалану.




1. Су ресурстары.

2. Ластанудың көздері.

3. Ағын суды тазалаудың әдістері.

4. Қазақстанның су ресурстары.

Су ресурстары. Ластанудың көздері. Ағын суды тазалаудың әдістері. Қазақстанның су ресурстары.

Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған ртаның қарым-қатынасы күрделіне түскені мәлім. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күшдердің құрт дамуы адамның табиғатқа ықпалын күшейтті. Әсіресе ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырады, жерқойнауы мен мұхит байлығы жедел игеріле бастады. «Табиғатқа бағымбаймыз, оны өз игілігімізге айналдырып, бермесін тартып аламыз»деген көзқарас қалыптасты. Мұның барлығының жер бетіндегі тіршілікке тигізетін әсері табиғаттың өзіне тән құбылыстардан –табиғи өзгеріс пен жел, су тасқыны, жер сілкінісі әсірінен әлдеқайда асып түсті.

Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе, ғылыми-техникалық өрлеумен тікелей байланысты. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін әлем елдерінің көбі өнеркәсібіндамыту жолына түсті. Егер соғысқа дейін дамыған елдер қатары оннан аспайтын болса, соғыс аяқталысымен индустрияландыру науқаны жаппай етек алды.

Өнеркәсіптің дамуы жер қойындаудағы қазбаларды игеруді ұлғайтты. өз кезіндегі бұл ауаның ластауының күшейтті. Екіншіден, бұл жылдарда дүние жүзіндегі демографиялық жағдай да үлкен өзгіріске ұшырады. Жер шары бойынша халық саны тез өсіп кетті. Халықтардың өсуі туралы әлемдік демографиялық сараптаманы қарап отырсаңыз, бұған көзіңіз анық жетеді. 1700 жылы әлемде 620 миллион халық болса, 1850 жылы ол екі есе өсіпті (1200 млн), яғни халықтың екі есе көбеюіне бұл таста 150 жыл керек болған екен№ ал бұл сан содан кейінгі 100 жылдақта-ақ екі есеге көбейген (2500 млн). ендігі кезекте екі есе өсу үшін не бәрі 40 жыл керек болды. Халықтың жылдам өсуі табиғаттқа деген «тұтыну қысымын» өсірді. Табиғат өзінен шыққан шығынды қайта қалпына келтіріп отыратын уақытының мерзіміне жаңылды. Үшіншіден, қалалар көбейіполарда тұратын халық саны артты. ХХ ғасырдың басында жалпы халықтың 10 % ғана қалада тұрса, ғасыр аяғында бұл 50% жуықтады. 2001 жылы Қазақстандағы қала халқының 54 % жетті. Осынша көп адамның шағын территорияға жиналуы жерге түсетін салмақты күшейті, қала мен қала маңының ластануы ұлғайды. Бір сөзбен айтқанда, адам өзінің өнеркәсіптік шығармашылығымен қоршаған ортаның процестеріне кеңінен араласып, оларға кері әсерін тигізді. Қала мыңында шоғырланған өндірістік орындардың қалдықтарының тікелей су бассейіне тасталуы – су ресурстарының шектен тыс ластауына әкеліп соқты. Ал судың ластануы дегеніміз ол адма ағзасының ластануы, денсаулық мәселесінің шиеленісуімен тікей байланысты. Денсаулығы нашар адамның жұмыс істеу қабілеттінің төмендеуі денсаулығын көтеруге қажет қаражат, дәрі-дәрмек сатып алумен байланысты болса, ол - әлеументтік жағынан әсерін тигізеді. бұл әркімнің отбасылық өміріне де нұқсанкелтіретіні түсінікті.

Қазақстаның жері қаншалықты ұланғайыр болса, оның қойнауындағытабиғи байлық та соншылықты мол әрі алуан түрлі. Ұлан байтақ өлкенің қысы Сібірдің қақаған аязындай бет қарыса, жазы Орта Азияның аптап ыстығындай ми қайнатады. Жер бедері бірде тайгаға ұқсаса, бірде шөлге ауысады. Бірде жасыл желегі жайқалған ойпатарға кезексең, ізінше бұйрат-бұйрат, жал-жал құмды жоталарға жолығасың. Аспанмен таласқан асқар тауар алыстан көз тартады. Республика терреториясын емін –еркін төрт белдемге: орманды дала, дала, шөлейт және шөл белдемріне бөлуге болады.

Ежелден мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыз жайылымдарды маусымның өзгеруіне қарай сауатты пайдаланған. өмірлік тәжірибе оларды табиғатты сақтауға ұйреткен. Жайлауды тақырлап көшкен ауыл келесі жазда жер қалпына келіп шөп жетілгенде ғана қайтып келген. Сондықтан да ұзақ ғасырлар бойы топырақ өсімдік жамылғыларының қалыптасуда үлкен өзгерістер болмаған. Қазірғі жағдай тіптен басқаша. Онда пайдалынған, тапталған, берілмейді. Шөп жетілмей қылтанақтап шығып келе жатқанда ақ оны қайта жаншып таптау етек алған. Бір кездері игерілметей болған Қазақстаның кең байтақ жері бұл күнде экономикалық қуатымызды арттырып отырғапн өндіргіш күштердің өсуінің арқасында қоршаған орта жағдайлары ескерілмей аз уақытың ішінде экологиялық дағдарыстар аймағына айналды. Бұрынғы Қеңестер одағы жүргізген солақай саясат та ьұған көп ықпал етіп, Қазақстандағы экологиялық проблемаларды көбейтіп жіберді. Табиғат байлығы ысырап болды. Табиғат байлығы ысырап болды. Табиғатқа деген тұтынушылық көзқарас қалыптасты. Қоғамдық қажеттілігі жалғыз ғана фактор санап техникалық-экономикалық есепті соған негіздеп құру орын алды.

Еліміздегі экологиялық дағдарысқа химия, мұнай, металлургия, оттын өнеркәсібінің жедел және көп мөлшерде дамуы да әсерін молайтып отыр. Жал сайын Қазақстандағы су қоймаларына химиялық қоспалармен ластаған 6 млрд. Текше метр ағын су құйылады, 3 млн. тонна зиянды заттар ауа қабытына сіңеді, 200 млн. тонна қатты қалдықтар қоқысқа тасталады. Басқа да шикі зат көздерін игеру ауаны ластаумен қатар жүргізілуде, олардың қатарына мыс, қорғасын, мырыш, күміс, хром, ванадий, фосфорит, барит, сурьма, тас көмір, мұнай, т.б. кен орындары жатады.

Ірі өнеркәсіп орындары шоғарланған, ірі транспорттік торабын бар облыс орталықтарының көбінде экологиялық жағадйы нашар. 2000 жылы республиканың 19 қаласында жүргізілген атмосфераның ластану мөлшерін анықтайтын мониторинг лас қалалардың қатарында Өскемен (атмосфераның ластиану индексі -17,8), Риддер, Шымкент, Ақтобе (10,0), Алматы (9,9) қалаларын атады. Республика қалалары бойынша атмосферадағы шаңдардың жиынтығы зиянды заттардың шектелуі мөлшерінен орта есеппен 1,2 есе көп. Ауаның шаңдауының ең көп мөлшері 3-5 ШМК (шекті мөлшердегі концентрация), Жезғазғанда, Шымкентте, Ақатуда байқалған, Атырау, Алматы, Балқаш, Семей, Теміртау қалаларында бұл көрсеткіш 1,3-2 ШМК-ні құрайды. Ауадағы адам организіміне аса қауіпті улы газдардың мөлшері 1328,2 тонна күкіртсутегінен, 7732,7 тонна амиактан, 4321,4 тонна қорғасынан, 1606,6 тонна мышьяктан, 335,6 тонна күкірт қышқылынан құралады, бір ғана Қарағанды облысының өндіріс орындары 1108,1 тонна улы газды ауаға таратады екен. Өнеркәсіптің дамуымен ең алдымен су ресурстарының ластану қауіпі ұлғаюда. Ең үлкен қауіпті мұнай құйылатын ыдыстарыжуғанда сол ыдыстардың су бетінде жарылуынан, теңіз түбінен мұнай көлемінің көп мөлшерде табылуынан дүние жүзілік мұхиттің мұнай өнімдерінмен ластану қаупін ұлғайтады. Сондай-ақ ішкі су қоймаларын мұнай өнімімен ластануы елімізде автокөліктің моторлы су транспортының көбейіп кетуіне де болады. Су ресуртарының ластануы егістік алқабына себілген минералды тынайтқыштармен, улы химикаттардың қар, жаңбыр сулармен ағып қосылуы арқылы жүреді. Атмосфералық құбылыстармен бірге кір сулармен жуғанда осы элементер контененталдық және теңіз суларына енеді. Олардың айналымы бұзылады және олардың құрамы қоршаған ортада көқбейіп кетеді. Осынынң нәтежесінде контенинталдық суларда коректік элементтердің шектен тыс көбеюі пайда болады. Бұл эвтрофикация деп аталады. Эвтрофикация су және батпақ өсімдіктерінің, су құрамындағы органикалық заттардың шектен тыс көбейіп, біртіндеп өзен және көлшектердің арнасын толтырумен байқалады. Нәтижесінде балықтар жаппай қырыладыжәне су қоймаларының өздігінен тазалануына кері әсерін тигізеді. Соңғы кезде жасанды су қоймаларының жылу құбырларынан келетін сумен ластануы көбейіп кетті. Осынынң әсерінен су құрамындағы оттегінің мөлшеріазайып, суда тіршілік ететін организмдердің өмір сүруі бұзылып, су өсімдіктері яғни оттегі қажет ететін өсімдіктеріндің дамуын төқмендетеді. өндірістік және өнеркәсіптік қолдалынған сулардан теңіз, мұхит өзен суларына радиоактивті заттар және энергиялық ядро қалдықтары енеді. Олардың бір бөлшектері балықтарда және су жануарларына жиналып, одан кейін тамақпен бірге адам ағзасына түседі.

Шығыс Қазақстан облысы республикамыздағы су ресурстарына бай аймаққа жатады, бұл оның табиғи климаттық жағадйымен байланысты.

 

 

Дәріс №13






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных