Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Практикалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар




Студенттерге білім беру кезінде олардың білімін тереңдету және тақырыпты анағұрлым толығырақ ашып түсіндірудің жаңаша түрі бұл студенттің оқытушының жетекшілігімен атқаратын өздік жұмысын ұйымдастыру болып табылады. Оқу барысында оқытушы студенттерге өткізілген тақырыптарға және бөлімдерге сәйкес қосымша тапсырмалар беріп отырады. Оқытушы берілген тапсырма бойынша студенттерді әдістемелік нұсқаулармен және қажетті материалмен қамтамасыз етіп, қажетті әдебиеттер тізімін ұсынады. Студент оқытушының берген нұсқауына сүйеніп және үлестірмелі материалды пайдаланып, өз бетінше тапсырмаларды орындауы тиіс.

Студенттердің жұмыстары ұйымдастырудың пікірталас, жарыс ойындар, тренинг т.б сияқты формаларын да пайдалана отырып өткізіледі. Сонымен қатар студенттерге білімді бақылау құралдары да пайдаланылады.

Оқытушының жетекшілігімен жұмыс атқара отырып, студент өз бетінше ойлау, ой қорыту, тұжырымдау және топта, ұжымда өз ойын ашық білдіруге үйренеді. Жұмыс барысында студент тапсырамаларды уақытылы орындап, материалды талдау қабілетін арттырып, мәселені талқылауға және зерттеу әдістерін пайдалануға машықтанады. Сол арқылы тақырыпты тереңдете меңгертуге мүмкіндік туады.

Мақсаты мен міндеті: 1.Студенттердің өз бетінше жұмыс жасау қабілетін арттыру;

2.Студенттің топта өз ойын ашық білдіру, материалды талдау және талқылау дағдысын қалыптастыру;

3.Студенттердің курсты толық меңгеріп, жан-жақты білім алуын қамтамасыз ету;

4.Мұрағаттану және мұражайтану жұмысы туралы анағұрлым көп материалдарды және талдау әдістерін пайдалануға машықтандыру,

5.Арнайы үлестірме материалдарды және бақылау құралдарын пайдалану арқылы студенттердің ой-өрісін дамыту.

Әдістемелік нұсқаулар:

Тапсырмамен жұмыс барысында студенттер мыналарға баса назар аударуы керек:

1.Тапсырманың ауқымы және қандай сұрақтар берілгеніне;

2.Тапсырманы орындау үшін қандай әдістерді пайдалану қажеттігіне,

3.Берілген материалды жүйелеу және талдау жасау арқылы негізгі ұғымдарды анықтауға;

4.Тапсырманы орындау барысында немесе пікірталас барысында өзінің нақты тұжырымдарын алға тартуға;

5.Бақылау құралдарының сұрақтарына жауап беруде негізгі қай материалға қатысты екенін анықтауға;

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных