ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырып: Аз қалдықты және ресурс үнемдеуші өндірістің тиімділігі мен дамуы.1. Ауыл шаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану. Аз қалдықты және ресурс үнемдеуші өндіріс. 2. Аз қалдықты өндірістің тиімділігін анықтау әдістері. Ауылшаруашылығын және өндірісті интенсификациямен байланысты экологиялық проблемалар. Қазіргі еліміздің экономикасының құрылымының кемшіліктерінен энергетикада, металлургияда, ауыл шаруашылығында және т.б. “жалған” ресурс жетіспеушілігі қалыптасқан. Халық шаруашылығында құрылымдық өзгерістер қажеттілігін шартты мысалмен қарастырайық. барлық экономиканы жеке құраушылардан тұратын пирамида десек және оның төменгі жағында шикізат өндіретін секторлар, ал төбесінде дайын өнім шығаратын секторлар орналасады. Қазақстанның экономикасында пирамиданың табанында және оған жақын орналасқан шикізат өндіруші және алғашқы өңдеу өндірістерінің үлес салмағы басым, ал ғылымды көп қажет ететін, ресурсты көп қажет етпейтін өндірістер аз, пирамиданың төбесі тарыла түседі.(3,1- сурет)
1- сурет Қазақстан экономикасының “Пирамидасы” Пирамиданың табанында халық шаруашылығының төрт секторы: тау-кен өндірісі (оның ішінде барлық энергиялық ресурстарды өндіру!, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және балық шаруашылығы. Екінші қатардыа- табиғи шикізатты алғашқы өңдеушілер: байыту фабрикалары, шойын және болат қорыту, ағаш өңдеу, жүн жуу, тері илеу, ұн тарту шарап жасау және т.с.с. Үшінші қатарда - өнім қайта өңдеулер. Металлургияда: прокат, сым, құбыр. Жеңіл және тамақ өнеркәсібінің бұйымдары, жиһаз жасау, және т.с.с; Төртінші қатарда- машина жасау, приборлар, аспаптар, радио-теле-электроника және т.б. күрделі тауарлар мен қызметтер көрініс тапқан. Пирамиданың төменгі қабатында табиғат ресурстарынан бастапқы шикізат алынады. Одан жоғары көтерілген сайын маманданған еңбек, ғылыми және технологиялық жетістіктер, күрделі технология, ақпарат пайдалану артады. Ақпарат жоғары құрылымдық блоктар үшін шешуші фактор болады. Қазіргі экономикада пирамиданың төбесінде ақпарат, патенттер, ғылыми жобалар, автожүйелер өндіру тұрады. Әдетте ресурс үнемдеу, экономиканың тиімділігі тұрғысынан пирамиданың табаны тар, төбесі кең болғаны тиімді. Ол дегеніміз аз ресурстан мол құндылықтар (тауар және қызмет) алу және экономиканы экологиялау болып табылады. Нағыз класикалық пирамида түріндегі экономиканың алғашқы сатыларының үлесі басым болуы индустриалдық құрылым, ал экономиканың жоғары қатарларының басым болуы индустриалдан кейінгі құрылым деп аталады. Біздің экононмикамыздың сипаты- қуатты ауыр табанымен индустриалдық құрылым. Өкінішке орай, соңғы жылдары экононмикамыздың (ауырлауы) одан сайын артты, соның салдарынан табиғатқа әсер етушілерде арта түсті. Пирамиданың ауыр табаны тек қана қазіргі экономикалық, экологиялық жағдайды ауырлатып қоймай, сонымен қатар болашақ тұрақты даму нышандарына қатер төндіру қауіпі бар. Әлеуметтік экологияның ең бір қиын мәселесі- адамдардың еліктеуші тұтынушылығн және тұтыну құрылымын өзгерту. Тұтынудың шексіз өсуін тоқтату қиын, ал тұтынуды шектемей экономиканы экологиялау мүмкін емес бос қиял болып қалады. Экологиялық мәселелердің шешімі ретінде экспорт саясаты өзгертуді жатқызуға болады. Дамушы елдердің экспорттық тауарлары- негізінен табтғат ресурстары шикізаты. Қазақсатнның да экспорттық потенциалының басым бөлігі- қалыпына келмейтін табиғат ресурстары. Экспорттың 45%-ы отын ресурстарын құрайды. Сыртқа шығарылатын кендері, концентратты, металды, тыңайтқыштары және т.б. есептегенде шикізат экспорты 80%-дан асады. Мұндай экспорт құрылымы еліміздің экологиялық жағдайын барған сайын қиындата түседі. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|