ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
АДАЛАНҒАН АЛБАСТЫЛАР 2 страница– Солдаттар оны неге атпай отыр? – Оны шақырып алып тексерген екен, қазақ болған соң қоя беріпті. Қызыл әскер өзінің қарсы адамы болмаса құңқузы мен дүнгенше адамды бет алды қыра бермейді. Солардың келгені жақсы болды. Енді тәртіп орнайды, оншалық қорқыныш жоқ, ұйықтай беріңдер! Біз бір-бір керіліп алып құрғақ мия мен жұмсақ сабан үстінде тыныштық ұйқыға кеттік. Таңертең тұрып қарасақ, үлкен жол сеңдей соғылысқан қара нөпір шұбырындыға айналып кетіпті. – «Бас Ергейтінің дүнген қазақтары, үркіп, төмен Емілге тартып барады екен!» – «Түнде Совет армиясы кірісімен-ақ дүнгендер қашып жоғалыпты да, құңқузылар жамбылдан шыға сала «қасапқа» кірісіпті, мұсылманды қырады дейді!» – «Совет әскерінің көбі Ма Сылиңді қуып кетіпті. Шәуешектің тыныштығын қорғауға олардан аз адам ғана қалған екен. Құңқузылар халықты оған бағынбай қырып жүр екен!» – Хилаускийді кеше Совет әскері кірудің алдына дүнген атып өлтіріпті... Ол бір топ атты орысын ертіп, қаладағы жай хылықты ылаңдап жүрген дүнген ләшкерін іздеп шыққан екен. Бір иен қораға алдымен кіре бергенде жалаңбас Хилаускийді жалтыраған маңдайынан таныған көрінеді, терезеден дәлдеп отырып, дәл маңдайынан атыпты! Жалғыз дүнген екен, артқы есіктен қашып құтылып кетіпті! – «Дүнген ләшкері телім-телім болып бытырап қашқан екен. Соларды маңайдағы қоржалардан іздей шыққан құңқузылар жай халықты қырып жүр дейді, қашпасақ қырыламыз!» – «Тығылған дүнгендеріңді тауып бер» деп шаңқылдайды екен. Тез кетпесек қырыламыз! – «Құңқузылар құтырды, жауды өздері жеңгендей-ақ шақшиып, көздері қанталап кетіпті. Қашпасақ қырыламыз!» Біздің қоржа осылай дүрлікті. Құйзуларымыз мойындарын іштеріне тығып, арбаларына керек-жарақтарын басып жатты. – Дүнгендер дүнген болғандығы үшін қашсын, – деді әкем дүрлігіп жүргендердің біріне, – ал біз не күнәмызға бола қашамыз?! Орыстар құңқузылардына бірдеңе дер, артын күте тұралық! Егер болмай бара жатса, Емілге шұбамай-ақ мына төтемен өз жерімізге өте салмаймыз ба! – Ой, Жәке, күте тұруыңызға құңқузылар қарайтын емес, атқа мінген түгел қоқшиып алыпты! Жалаңаш қылыштарын жарқылдатып кіріп келгенін қала жанындағы кей қоржалар білмей де қалыпты. Сытылып кетуге үлгере алмапты. – «Жамбыл ішінде неше күн жатып, ұйқысын қандырып алған құңқузы халықты қырып болғанша дем алар емес, ал кеттік!» Сеңдей соғылысқан жұрт толқыны әкемді де іле жөнелгендей болып еді, Смайылдың жүгін арбаға тиеп болған Бигелді жетіп келді. Шешемізді «жеңеше» деп атайтын: – Жеңеше, Шәуешектен Әспет апам мен Молтай да қашып келген екен, – деді ол, – солармен бірге Емілге кете тұрыңдар! Әкел, ана нәрселеріңді арбаға басайық! Бигелді буыншағымызды көтере жөнелді де, біз оның артынан шұбай шығып, жаяу ілестік. Бигелді бірнеше жігітпен бірге қоржа мен егін күзетінде қалатын болыпты. – Құңқузы қайсы арықты тінтіп арылтар дейсің, – деді ойлана қараған әкеме, – күндіз бүтіндей егін арасында, арық ішінде жатамыз! – Әкем күте тұру ойына қайта беки қалды енді: – Бигелдіні жалғыз тастап кетем бе? Олай болса мен де қала тұрамын! Аңысын аңдып, болмай бара жатса екеуміз арттарыңнан жетіп аламыз! Ал, Балбике, Молтайжан, балаларды сендерге тапсырдық. Балапан басына, тұрымтай тұсына кетер заман болса, Бигелді екеуміз қуып жете аламыз. Ең арғы көмбеміз Үржар маңайы болсын! Төрт-бес өгіз арбаның соңынан бұзауша ілесе бердік біз. Биғазы мен Биғаділ үшеуміз ғана емес, қоржадан шыққан біздей кішкене қашқын көп еді. Оның ішінден біздей бұзау, тайынша қашқындар да, құнан қашқын да, дөнен қашқын да, тіпті, тісі мен буынан мүлде айырылған лақса кәрі қашқын да көп еді. Қалайда туа пісіп көз аша жетілген қашқын емеспіз бе, мұндай босқын тізбегінде ілесе алатындаймыз. Ергейтіннің төменгі қоржасынан өте бергенімізде түн болып кетті. Арыдым деуге мұндай үркіншілікте арба тоқтай ма, сықырлай берді, шиқылдай берді, жолсызбен ши түбірге соғылып шойқаңдай тартты. Арбада кішкене Биғайшадан басқа ешкім қалмады. Жетектеп алған шешеміз түн түйілген сайын Биғаділ екеуміздің қолымыздан қыса түседі. «Ұйықтап жығылып түспе!» деп сілке жетектейді. Біз де өзімізді сілікігендей, басымызды шайқап–шайқап қойып дедектейміз. «Соғыстың ең үлкен қылмыстысы Ма Сылиң да мұндай қиналмаған болар!» дегендей шайқау еді бұл. Буыннан айырылып мүлде қалжырадық. Ояу екенімізді де, ұйқылы екенімізді де, жүріп келе жатқанымызды да, ұшып келе жатқанымызды да білмедік. Кейбір шайпау қамыс маңдайға соғып қалғанда ғана ес жиып, бір жерге келдік те құлай кеттік. Түсімізде өзіміздің мия мен сабан төселген «алтын сарайымызда» рақаттанып ұйықтап жатқан сияқты едік. Көзімізді ашып алсақ шошқа өте алмайтын қалың қамыстың арасында сызда жатырмыз. Ойда жоқта күннің өзі де қаңғырып қамыстың арасында шығып тұрған сияқты. Сол қалың қамыстың қай тұсы болса да салдыр-сұлдыр, сыбыр-күбір «әлди-әлди», «іңгә-іңгә». Тіпті, әкіреңдескен егестер де көп. Қалың қамыстың сілкінбей, сыбырламай тұрған біреуі жоқтай екен. «Жау біліп қояды, от жақпаңдар!» «Айқайламаңдар!» деген айқайлар үздіксіз, бар тұстан естіліп тұр. «Айқайламаңдар!» деп бәрі айқайласа ол айқай есептелмейтін тәрізді. Сөйтіп «шексіз-шетсіз» қамыстың ішің қашқынға толып алыпты. Кеше таңертеңнен бері сеңдей соғылысып тасыған босқынның барлығы осында құйылып, лықсыған шексіз қашқын теңізіне айналыпты. «Тергеушім», қылмыссыз адам қаша ма?.. Қылмысы болмаса неден қорқады! Демек, бұлардың бәрі қылмысты, өздерінің сыйынған пірі «Хазірет Ма Сылиң Шахимардан» құдіретті жамбылдан жеңіліп қашқанда, бұлар – кірерге жердің тесігін таба алмай босқан қылмыстылар. Мен де сол қанды қол армияның бір мүшесі болғанмын.
ІІ
«Соғыс қылмыстылары» қамыс арасында да тыныш жата қойған жоқ. Тынышымызды ендігі алғандар жергілікті хұйзулар болды. Еті тірілері ыңғай атқа мініп келген еді. Аттарынан түспей күндіз–түні керілдесті де жүрді олар. Бұрыннан сүзісіп үйренген, бір-біріне бағынуды жеңілгендей көретін өңшең тоқты қошқар шақ-шұқ, шарт-шұрт сүзісумен болды. – Күркіремеде жата тұрамыз, арбаны солай тартыңдар! – деп айқайлайды біреуі. Ол «күркіреп қалғырының» қай жер екенін біз қайдан білейік, боса беруден аза бойымыз қаза болса да, орнымыздың жан-дәрмен тағы түрегелеміз де солай бет аламыз. – Мойынталға паналай тұрамыз, былай тартыңдар! – деп айқайлайды енді біреуі. Біз бетімізді батыстан шығысқа бұрамыз. – Дурак! Хунқузының үстіне апарып түсіріп, халықты қырғызбақсың ба! – деп ақырады біреуі. Оған және бірі тебініп жетіп барады: – Сен дурак! Хұйзулардың «дуракты» қайдан үйренгенін біле алмай аң–таң болып тұрғанымызда, шарт-шұрт қамшыласып ала жөнеледі. Қамшылар батысқа қарай сілтенеді сонан соң, қамысты салдырлатып, сатырлатып солай қарай жөнелеміз. – Тоқтаңдар!... Қайтыңдар! – деп қайта ақырады біреуі. Арбалар шықырлап, бишіктеп шатырлап, шығысқа қайта бұрылады... Құралды соғыс болған Шәуешектің өзінде де дәл осы қамыс арасындағыдай ойран-асыр дүрлігіс болмаған шығар-ау! Еміл бойы түгел құтырып, байлауға түсіп жатқандай, ту талақай болды да жатты. Қоржа жақтарынан хабар алып тұратын хұйзулар осылай екі күн өткенде тым-тырыс тыныштала қалды. Жеке шығып алып мәжіліс ашты да, сүзісуді қойып, сүмірейісіп тарқасты. Шекарадан өтіп кетудің қамына көшті бәрі де. «Аңысын аңдап, болмай бара жатса» артымыздан қуып жетпек болған әкем мен Бигелді әлі жоқ. Олардың неге келмей жетқандығының «аңысын» енді шешем «аңдады»: – Олар сірә, қоржада тұра беруге болатын жағдайды байқап жатқан болар, – деді шешем. – Біз де қайтып барайық енді! Болмаған күнде де оларсыз шекарадан өтіп кете беруіміздің жөні жоқ. Дүнген емеспіз ғой, қайтер дейсің. Басқа хұйзулар бөлініп-бөлініп батысқа қарай тартты да, біздің хұйзулар күн еңкейе арбаларын айдап қоржаға тартты. Қалдырып кеткен нәрселері мен азын-аулақ малдарын айдап, шекарадан біржолата өтпек екенін естідік. Іңірде сенделектеп әрең жеттік жер үйімізге. Әкем бізді іздеп кетіпті. – Бармады ма? – деп бізден сұрады Бигелді, – қарсы кездеспей, басқа жолмен өтіп кеткен ғой, қайтып келеді. Орыстар құңқузыны тізгіндеген көрінеді. Әр он құңқузыға бір орыс қосылып, қоржалардан дүнген іздеп жүр екен. Енді қазаққа тиістірмейтін болды дейді. Смайылдар кетсе кете берсін, біз тұра тұрайық... Жігіттер Сақабайдан Жебесіннің кегін мықтап қайырды! – деп күлді сонан соң. Бірақ, не істегендіктерін айтпады. – Ізі басылсын, кейін айтайын! Сол түні Смайыл, Смазы семьялары жиылмаған бормиынан басқа еш нәрсесін қалдырмай алып, шекарадан өтіп кетіпті. Жағдай тынышталысымен қайтып келеміз деп есіктерін құлыптап тастаған екен. Олармен бірге кеткен Әспет шешеміз ескі киізі мен екі көрпесін бізге қалдырыпты. «Біздің үйге де киіз бен көрпе бітті» деп біз қуансақ, «осылармен бірге біз де қайтып кететін едік» деп әкемнің келмей қалғанына шешеміз ренжіді. – Биыл қыстық соғымымыз да бар! – деп Бигелді күлді, – бір қора сиырды Сақабайдікі деп ел талап әкетті. Менің қолыма ең семіз бір ту сиыр түсіпті. Боршалап тұздап, жер асты клетке іліп тастадым. Майының өзі кере бір қап! – Шешеміз шошынып қалды: – Сақабай келіп енді боршаламай ма, сорым-ай! – Басқасын тапса да, біздікін таба алмайды, қорықпай-ақ қой! Және Сақабайларға сасқалақ қатты жетіп, елден бұрын босып жоғалыпты. Ел құңқузыдан босса, ол маңайындағы тепкіленген қазақтарынан босқан дейді. Ол жуырда орала алмайды енді, оның жауы қасында ғой! Әлгі Жебесін бейшаралар бар ма екен? Жоқ, олар өгізді болып, Дөрбілжінге тартты дейді. Тегі Сақабайдың бар сиырын базарға салып кеткен сол жігітім сықылды. Сайдың тасындай іріктеліп, осы қоржаға сау ете түсті де, сендердікімін дегендей кетпей жатып алды. Екінші күні әкем кетісімен жәркемдеп салдық! – «Ел қақсатқан қан қақсайды» деген осы! – деп құптады шешем, – сол сарыға қарсы істің бәрі оң!... Түс ауа бере қоржа тағы дүрлікті. Кейдей-кепшік қазақтардың Әлімжан қожадан басқасы түгел-ақ қайтып келген көрінеді. Үйлерінің төбесінен қаруылдап, елеңдесіп тұр. Қайрат-қуаты бар ел адамдары бірлеп-екілеп өзен жарларына түсіп кетіп жатты. Мұны көрген шешеміз Бигелдіні де қуып түсіріп жібереді. Жер үйіміздің төбесінде біз де үдірейістік. – Бәрі құңқузы! – деді Биғаділ, – әне, қоқшаңдап келе жатыр! Ат үстіне құйрықтары тоқтамайды олардың, атқа міне алмайды емес пе! Тізілген жиырмадай салт атты үлкен жолмен расында да қоқшаңдап желіп келеді екен. Жүрегіміз тітірей қалды. – Қызыл шүберектен ту жасап алдынан шығайық, – деп айқайлайды бір қарт, – сонда қоржаға қаратып оқ атпайды! – Кей кемпірлер сампылдап оған қарсы дау айтты: – Оларды жалау бұлғап өзіміз шақырғандай болмай тұра тұрайық, қоржаға беттесе көрерміз! Өгізге мінген бір бала үлкен жол жағасындағы диірменінен шығып, соларға қарсы кетіп бара жатыр еді. Келе жатқан әскерлерді алғашында байқамай қалған екен, қарап тұра қалды да, өгізін кілт бұрып, шығыс жағындағы далаға қарай тебіне жөнелді. Артқы қатарда келе жатқан бір құңқузы тұра қалып, мылтығын кезене қойды. – Ей бала, қашпа! – деп біреуі дабыстағанша болған жоқ, мылтық тарс ете түсті. Алдында келе жатқан басшысы сонда ғана артына жалт қарап зекіп жіберді. Мылтық атылысымен бала ұшып түсіп еді. Басшының не деп зекіргенін біз ұқпай қалдық. Құңқузының үш-төрті шауып барды да, жығылған баланы қылышпен көсіп-көсіп өте шықты. Артынан қарғып түскен біреуі өлген баланың басын кесіп, аяғымен теуіп домалатып жіберді! Біз қалшылдап кеттік. Еңкейіп қалған күн де, лүпіп тұрған бала-шаға да, сарғайып қалған теректің жапырақтары да, төңіректегі сирек ши мен мия да қып-қызыл шұбар тарғыл түске айналып, қалтырап кеткендей көрінді маған. Шешеміз Биғайшаның бір кішкене қызыл көйлегін ұзын сыраққа байлап ұстап тұр еді. Құңқузылар қоржаға қарай бұрылғанда сол «туларын» көтеріп алды. Бірақ өзі де, сырық та қалтырап кетті. Қоржаның шетіне іліне бергенде «құңқузылар» мылтық шақпақтарын шақ–шұқ қайырды. – Нельзя! – деп қалды алдындағы басшысы. Оның зірк ете түскен жуан дауысы жып-жылы естілді құлағыма. Жазғытұрым шешем екеуміз шекарадан қорғанып төрт құлақты бейіттің түбінде бұғып жатқанымызда үрген итін екі солдат осы сөзбен шектеген еді. Бұл ретке «нельзя» қатты ашумен шыққандай болды да, құңқузылар шақылдауын қойып, үнсіз ілесті. Сонда да қалтырап барамын. Әйелдер мен балалардың әр тобынан бір-бір жалау көтеріліп тұр екен. Құңқузылар Смайыл қақпасының алдына келгенде тағы шақылдады. Балдыр-бұлдыр етіп қақпаны ашты да, мылтықтарын кезеніп кіре берді. Жапа-тармағай қайта шығып, Смазы қақпасына ұмтыла бергендерінде әлгі бастық шақырып алып, сапқа тұрғызды. Орыс екені енді танылды. Қарап тұрған топтардың бәрін Смайыл қақпасының алдына шақырды ол. Шешем ту көтеріп, біз тізіліп, қалтылдай жеттік. Ту көтерушімізден кейінгі «жауынгер» – Биғайша, ең артымыз – Биғазы. Іркіліп тұрған топтарды орыс қазақша сөйлеп шақырды. – Корыкпандар, корыкпай келиндер, тиспейди. Бир адам калмасын, калса булар атады! Бир адам калмай мунда келсе атпайды, сураймыз! Бәріміз сол орыстың алдына келіп, тығыла тоқтадық. Оның да бешпеті мен қалпағы сұр болғанымен, әскери галапасымы мен етігі совет солдаты екендігін танытады. Бәріміздің көзіміз істік тұмсық, тоқ денелі, орта бойлы орыста ғана болды. Шағыну ма, қорқыныш па, бірнешеуміз жылап та жібердік. – Мунда дунган бар ма? – деп ол бәріміздің бетімізге қарап шықты, – жыламаңдар, корыкпандар, тиспейди!.. Бул коржада дунган бар? Кайда олар? Әйелдер жамырай жауап қатты: – Дүнгендер кетіп қалған, қашып кеткен, кеше кетті. – Бұл қоржада Смайыл, Смазы дейтін екі дүнген бар болатын, – деп жауапты қариямыз толықтай қайтарды енді. – Екеуінің әйелі де қазақ, кеше бала-шаға, мал-мүлкімен, арбаларымен Советке кетті. Басқа дүнген келмеген бұл қоржаға! Егер осы қоржада дүнген болып, табылып қалса, мені атыңыз, бастық! Мен бұл қоржаның көне тұрғынымын, бәрін білемін, жасырған болсам, мені атыңыз! «Құңқузылар» балдырлап, тепсіне бастады. Кейбірі мылтығымен нұсқап ақырды. Орыс оларға қарап басын шайқады да, қайта сұрады: – Мунда сендерден баска адам бар ма? Ынгай айел, бала, шал... осы ма? Жигиттер кайда? – Бастык, біз осы бәріміз де қоржадан қашып кеткенбіз. Мына кісілер халықты қырып жүр деп естіп, қорқып кеткенбіз. Кешеден бері ғана қайтып келіп жатырмыз. Жігіттеріміз әлі Еміл жақта қашып жүр. Сіздер келді деп естіген соң ғана бала-шағаны ертіп біз қайтып келдік, олар да қайтып келеді енді. Бірақ, бұл қоржаның дүнгендері шекарадан өтіп кетті. Орыс «құңқузыларға» қарап басын шайқай ымдады да жүре берді. Олар ілесе жөнелгенде біреу сөйлеп қалып еді, екі әскер бөлініп Смазының қорасына қарай шапты. Орыс та тоқтап, олардың артынан көз алмай қарап тұрды. Олар қайтып келіп, сапқа тізілген соң орыс бізге қарап күлімсірей сөйледі: – Мунан кейін аскер келсе сендер кашпай турындар! Кашкан адамнан булар корыкпайтын батыр, атып тастайды, – ол атын тебініп қалып келе жөнелді, – үйге бара берсеңдер болады! Әскерлер аттарының жалынан ұстап қопақтап алыстай берді. Бет алыстары төменгі көп қоржа. Олардың қарасы үзілгенше біздің «жауынгерлер» тараған жоқ. Сөйтсе де, бәрінің шырайы қалпына келді. Өгіз мінген баланың басы кесілгендегі менің көз алдыма қалтыраған тарғыл-шұбар дүние өз өңін қайта тапқандай, күн-күнше жарқырап, аспаны-аспанша көк зеңгір түске енгендей болды. Аспан тіпті биіктеп, дүние кеңіп келе жатқандай сезілді. «Жауынгерлер» өз көтерген туларына енді қарасып, күлісе бастады. Бір жас әйелдің көтеріп тұрған туы өзінің ескі іш киімінің бір балағы екенін көріп күлісті. Жолда басы кесілген бала сүйегін жылап еңіреп орап жатқан кемпір-шалдың зарын естіген көпшілік тұнжырап тұра қалысты. Ешқайсымыз қыбырламай ұзақ тұрдық. Шешем бірнеше кемпірге ілесіп солай кетті. – Лағнет, құңқузы! – деп салып, шал да жөнелді солай. Әлгі әскерлер барысымен көп қоржының түтіні бұрқ етіп аспанға бір-ақ көтерілді. – Ма Шың шаңянның клеттері кетті! – Неше склад сірескен бұл, шай еді, бір-ақ кетті-ау, әттеген-ай! – деп жардан шыққан азаматтар жамырай өкіністі. –Япырмай, – бекер өртенгенше, мына аш-жалаңаш халықтың алуына бермеген-ай! – Ма Шыңның жиған бұл шайы базарда да жоқ еді! – Сатып алар жер де қалмады-ау енді! – Япырмай, не деген қаскүнем еді бұл иттің балалары. Әлгі орыс қалай өртетті екен оны! Бұл өкінішті сұраудың жауабы іңірде жетті бізге: орыс қалған қоржаны тінтіп, адам табуға әскерінің жарымын таратып жібере қойған екен. Олардың бірге кеткен екі-үшеуі өздерінің бұрынғы жендеттік тәртібі мен шынжырын үзген итше арсылдай барыпты да, үлкен қойманы бұрқ еткізіпті. Орыс қанша бақырғанымен қайта өшіре алмай қойыпты. Алаулай жөнелген қойманың маңы адам бара алмастай болыпты. Әскерлер қоржаның өрттен аулақ бір тамына барып аттарынан түсіпті. Кеш батқандықтан қайта алмай, сонда түнемек көрінеді. Сол маңда тығылып жатып ымырт түсісімен осылай қашқандар айтты бұл жайды. Әкемді сұрап едік, ешкім білмеді, әйтеуір көп қоржа маңында адам қалмағанын ғана айтты. Шекарадан өтпегендері Емілде сияқты. – Түн ауа барып сол қаскүнемдерді қырып салсақ қайтеді? – деп жінікті жігіттер, – кешке дейін ат соққан құңқузылар, тұяқ серіппей ұйықтайды, құдай біледі! Орысты өлтірмей, жалғыз қоя бере салмаймыз ба? Бұл дүрілді қария шорт тыйды: – Қойыңдар, жігіттер, бұл сөзді! Ертең бар құңқузы шығып бүкіл Ергейтіні бір-ақ қырады! Сол қазына түтінін аспанға ғана ұсынып, жарым ай бойы күйіп жатты. Түтіні күн көзін қапса, күлі желмен ұшып адам көзін, өкпесін қапты. Өртеушілердің өздеріне де одан басқа пайдасын тигізе қойған жоқ. Киімнен жүдеген жалба-жұлба егіншілер қынжыла қарайды оған. Шайы таусылғандықтан басы ауырған әйелдер сол түтінен тым болмаса шайдың иісі келер ме екен деп күтетін тәрізді. Ұзақ қарап тұрады. Бірақ, рақымсыз өрт түтінін де адамзатқа қимай аспанға итермелеп, тықпалап жатты. Әкеміз қайтып келмеді. Әскерлер өлтіріп тастады ма, әлде шекарадан өтіп кетті ме, дерек жоқ, біз түтін жаққа сол үшін көп қарайтын болдық. Бигелді іздеп екі күн жүріп қайтты. Емілде жоқ сияқты. Ілушіннен ондай адам естілмепті. «Шекарадан өтіп кетсе қайтып келер» деген ұйғарымға үй ішімізбен келдік. Астық жиып алу жұмысы өте асықтырып әкетті бізді. Өйткені, әкемізге алаңдап жүргенімізде, Смайыл мен Смазының атызда қалған бормиын тік тұрған күйінде маңайдағылар тонап әкеткен екен. Бигелді мен Биғазы тездетіп, өздеріне тиесілі жалақы бормиын орап алуға кірісті де, Биғаділ екеуміз Смайылдың борми сабағын аралап, масақ тердік. Әлі де бірдеме табылатындай көрінеді, құныға кірістік. Бұл құнығуымыз қоржадағылар сабақты талапайлап орып, аңыздар тап-тақыр болғанда ғана тоқтады. Екі ешкіден басқа малымыздың жоқтығына қарамай, борми сабағын да үйіп тастадық. Бұған да тояр емеспіз. Таптама тезекті баса үйген борми сабағы мен ши, қияқ таудай мая болғанша, борми қуырылып, иесіз қалған диірменге тартылып жатқанда, аспан сұрланып, қарлату мен борандатудың қабағы көрінгенде, мен де бой жаздым. Шешем тігіп берген қысқа тонды қиып алып, «шаруашылығымызды» қорғаудан басқа жұмыс қалмады маған. Жаз, күз әуреленіп әрең үйген бұл байлығымызға сиырлар сұғын қадап, маза бермейтін болды. «Помещик» мұндай сумақылыққа төзген бе, мен момын тайыншаларға маза бермейтін болдым. Мініп аламын да, сол тұтқынның өз тұмсығын ғана аяға тығып қойып, басқа «арамтамақтарын» жолатпаймын. «Помещик» деген мойынға бір мініп алса, өз еркімен түсуші ме еді. Мен де түспей қойдым. Тіпті сол момынның арқасында жатып алдым. Солай жатып басымды бір көтеріп алған кезімде, көзім жарқ ете түскендей болды. Ергейтінің суынан өтіп, әкем сияқты жарбиған біреу келе жатыр! Үстінде маған таныс қаптал шапан, басында көне елтіре тымақ, бірақ, өзі жалаң аяқ... тайыншадан түсе жүгірдім. Судың бергі жағасына өте бере мені құшақтап алып бауырына басты. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|