Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мемлекеттік бюджеттің мәні мен құрылымы




 

Мемлекеттік шығыстар мен салық салудың теңдей көбеюі, теңдестірілген бюджеттің мультипликаторы негізінде ТҰӨ-нің өсуіне әкеледі. Бұл мемлекеттік шығыстардың өзгеруінің, осындай ауқымдағы салықтар көлемінің өзгеруіне қарағанда, шығыстардың жиынтығына анағұрлым күштірек әсер ететіндігімен түсіндіріледі. Мемлекеттік шығыстар оның компоненті сияқты, шығыстардың жиынтығына тікелей және төтелей әсерін тигізеді. Салықтар сомасының өзгеруі, салықтарды төлегеннен кейінгі кірістердің өзгеруі есебінен, шығыстардың жиынтығына әсер етеді.

Дегенмен, шығыстар жиынтығы салымдар жиынтығының коэффицентіне көбейтіліп, салықтың көлеміне ғана қысқарады. Салымдар жиынтығының үлесі ¼-ді, тұтыну үлесі ¾-ті құраған кезде, салықтар 20 млн долларға көбейді деп болжайтын болсақ, онда шығыстардың жиынтығы 15 млн долларға қысқарады. Жалпы нәтиже – таза шығыстар жиынтығы 5 млн долларға өседі, мультипликатор кезінде 4-ке тең ол, ТҰӨ-нің 20 млн долларға өсуіне әкеледі. ТҰӨ-нің бұл 20 млн долларға көбеюі мемлекеттік шығыстар мен салықтардың алғашқы беттегі өсу көлеміне тең болады, яғни теңдестірілген бюджеттің мультипликаторы бір бірлікке тең. Теңдестірілген бюджет мультипликаторының тұтыну мен жинаққа деген шекті бейімдерінің шамасына қатыссыз түрде әрекет ететіндігін атап өту керек.

Фискалдық саясаттың сұранысқа ғана, яғни жиынтық шығыстар мен жиынтық сұраныстарға ғана жұмыс жасайтындығы түсінікті. Бірақ, экономистер фискалдық саясат әсіресе, салықтарды өзгерту – жиынтық ұсынысты, яғни бағаның өзгеруі мен нақты өндіруді көбейтуі мүмкін деп санайды.

Сонымен, неғұрлым төмен салықтар табыстардың мөлшерін өсіріп, жинақтар мен инвестицияларды көбейтеді, сондай-ақ өндірістің өсуі еңбек ақыны көбейтеді, еңбекке деген ынта өсе түседі – осылардың барлығы жиынтық ұсыныс қисығын AS1-ден AS2-ге дейін оң жаққа көтереді.

Нақты ТҰӨ-нің өсуі үшін, инфляцияны қысқартады, тауарларға деген ұсынысты Q2 –ден Q3 –ке көбейтеді және Р2 –ден Р3 –ке дейін бағаны төмендетеді, осылардың барлығы 80-ші жылдардың басында АҚШ-та Рейган әкімшілігі кезіндегі салықтарды қысқартудың логикалық негізі болып саналады.

Әсіресе, экономиканы мемлекеттік реттеу, фискалдық саясатты жүргізудің ең маңызды тетіктерінің (механизмдерінің) бірі болып саналады.

Мемлекеттік шығыстар мен салықтар саясаты, сондай-ақ экономиканы мемлекеттік реттеудің және оны тұрақтандырудың маңызды құралы болып саналады. Ол шығыстардыңдеңгейіне, сол сияқты ЖҰӨ көлеміне және халықты жұмыспен қамтуда әсерін тигізеді.

Мемлекеттік шығыстар нивестицияларға ұқсас, олар екінші, үшінші және т.б. тұтыну шығыстарының тізбегін туғыза отырып, мультипликациялық күшті әсетге ие болады, сондай-ақ инвестициялардың көбейткіш күштерінің пайда болуына әкеледі.

Мемелекеттік шығыстардың мультипликаторы, тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсаған мемлекеттік шығыстарды өсіру нәтижесіндегі ЖҰӨ өсуін көрсетеді.

 

ЖҰӨ

К G = ΔG

 

Бұл жерде КG - мемлекеттік шығыстардың мультипликаторы;

Δ ЖҰӨ - жалпы ұлттық өнімді өсіру;

ΔG - Мемлекеттік шығыстарды өсіру;

Егер мемлекет осыған байланысты бюджет кірістерінің (салықтар) баптарын көбейтпестен, өз шығыстарының көлемін белгілі бір шамаға арттыратын болса, онда табыс тура сондай көлемге өседі. Көзделгендей, мемлекеттік шығыстар көлемінің өзгеруі табыстардың да сондай көлемде өзгеруін туғызады.

Инвестициялардың мультипликаторларына мемлекеттік шығыстардың тең екендігін атап өтуге болады. Шын мәнісінде, егер мемлекеттік шығындарды көбейту жолымен қосымша сұраныс туғызса, онда бұл, шығыстардың өсуіне тең ЖҰӨ-нің «бастапқы» өсуін туғызады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных