Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Салықтардың түрлері және қызметтері




Салықтар бюджет пайдасының басты баптары болып саналады. Олардың үлесіне өнеркәсібі дамыған елдер бюджетінің бүкіл түсімінің 90 пайызына жуығы келеді. Белгілі бір заң актілерінің негізінде бюджетке түсетін міндетті міндетті жарналар - салық, алым, баж салытары және басқа төлемдер ретінде түсіндіріледі. Кірістер (пайдалар), белгілі бір тауарлардың құны, салық төлеуші қызметінің жекелеген түрлері, бағалы қағаздар операциялары, табиғи ресурстарды пайдалану, заңды және жеке тұлғалардың мүліктері, мүлікті өткізіп беру, өндірістік тауарлар мен қызметтердің және т.б. қосымша құны, салық салу объектілері болып саналады.

Салықтар мәжбүр ету сипатына ие, бірақ тек белгіленген заңды негіздерде ғана алынады, салықтарды жинаудың мемлекеттің арнайы органдары жүзеге асырады.

Салықтардың өзіне тән сипатты белгілері: арнайы өтелмеушіліктің (қайтармаушылықтың) міндетті түрде жоқ болуы; жалпыға бірдей және заң актілерінің негізінде алу. Салықтардың жіктелуі – бұл олардың топтастырылуы, алу әдістері, ставкалардың сипаты, салық жеңілдіктері, салық түсімдері және т.б. Мысалы, иелік еткен қаржыларды жұмсағаны үшін, табыстар мен мүліктерге салынатын салықтар, тұтынуға салынатын салықтар және т.б.

Әлемде салықтарды тікелей және жанама салықтарға жіктеу (классификациялау) барынша кең тараған.

Тікелей – жеке тұлғалардың еңбекақы табысына, корпорациялардың пайдаларына салынатын салық. Салық декларациясы - өз табысының мөлшері туралы салық төлеушінің (өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капиталдың меншік иелері) мәлімдемесі. Жалданып еңбек ететін тұлғаларға салынатын табыс салыға, оларға еңбекақы төлеу кезінде алынады. Нақты табыстардың көбею шегі бойынша табыс салығын салу базасы да кеңейе түседі, салық төлеушілердің саны өседі, мемлекеттің жұмылдыратын қаржы ресурстарының жалпы мөлшері көбейеді. Дамыған елдердегі бұл салықтың жоғары ставкалары 30 пайыздан 70 пайызға дейін (Швецияда) жетеді.

Салық ставкасы салық салу бірлігінің салық мөлшері, салық салу нормасы болып саналады. Салық ставкалары алуан түрлі, мәселен, табыс мөлшеріне қатыссыз түрде салықтарды төлеудің бірыңғайпайызы белгіленетін болса, онда, бұл пропорционалды ставкалар, ал егерде табыстың көбеюімен байланысты ставкалар да қоса өтетін болса, онда, бұл, прогрессивті ставкалар болып саналады. Сондай-ақ, оның құнына қатыссыз объекті бірлігіне (мысалы, автомашинаға) тұрақты ставкалар бар.

Екінші түрі (жанама) – тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар: айналымға немесе қосымша құнға салынатын салық; акцизден (тауарлар мен қызметтердің бағасына тікелей қосылатын салықтар); мұрагерлікке, қозғалмайтын мүліктер мен бағалы қағаздар келісімдеріне салынатын салықтар. Тауарлар мен қызметтердің осы салықтардың барлығы жанама салықтар деп аталады.

Фискалдық монополиялық салық (мемлекеттің шығыстарын қаржыландыру) мемлекеттік монополия арқылы өндірілетін тауарларға салынатын жанама салықтарды білдіреді. Бұлар – темекі өнімдері, спирттік ішімдіктер, тұз және т.б. Фискалдық монополиялық салықтан алынатын түсімдер мемлекеттік бюджетке, ішінара жергілікті органдардың бюджетіне барады.

Корпорациялардың (корпоративті салық) пайдасына салынатын салық фирмалардың салық төлемдерінің негізгі түрлері болып саналады. Оның негізі, акционерлер арасында дивиденттер түрінде бөлінетін табыстардың бөлігіне салық салынып, содан соң жеке тұлғалардан алынған дивиденттер екінші қайтара табыс салығын салуға жататындығынан тұрады. Соның нәтижесінде, бір сомаға салық екі рет салынады.

Әлеуметтік салықтар (әлеуметтік жарналар) - әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған кәсіпорындардыңжарналары және еңбекақы мен жұмыс күшіне салынатын салықтары. Бұл жұмысшылардың өзінің және жартылай жұмыс берушілердің, мемлекеттің жеке төлемдері болып саналады. Еңбекақы қоры мен жұмыс күшіне салынатын салықтарды тек жұмыс берушілер ғана төлейді.

Мүліктік салықтар мүлікке, сыйға беруге, мұрагерлікке салынады. Салық мөлшері байлықтарды бөлу міндеттерімен анықталады.

Тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар – кеден баж салықтары, акциздер және қосымша құнға салынатын салық (ҚҚС). ҚҚС-ті айналым салығы ретінде түпкі тұтынушы көтереді.

Салықтар жергілікті және орталық салықтар болып бөлінеді. Жергілікті бюджетке акциздік алымдар, қозғалмайтын мүлікке салынатын салықтар тұтастай түрде түседі. Пайдаға және табыстарға салынатын салықтар келісім бойынша жергілікті және орталық бюджет арасында бөлінеді. Жергілікті бюджеттер қажеттілік болған жағдайда орталық бюджеттен субсидиялар алады.

Салықтардың бөлінуі төңірегінде үкімет пен аймақтық экономикалық мүдделер арасында,парламенттерде тұрақты түрде саяси күрестің жүретіндігін атап өту керек. Үкіметтің әкімшілік, әскери шығындарға, ғаламдық экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешу үшін жұмсайтын қаржылары тұрақты түрде жетіспейді, сондықтан Скандинавия елдері мен Швейцарияны қоспағанда, басқа елдердегі салықтың негізгі бөлігі орталық бюджетке құйылады. Салықтар үш маңызды қызметті орындайды: 1) мемлекеттік шығыстарды қаржыландырады (фискалдық қызмет); 2) олардың арасындағы (әлеуметтік қызмет) теңсіздікті ретке келтіру мақсатында жекелеген әлеуметтік топтардың табыстары арасындағы арақатынасты өзгерту жолымен әлеуметтік тепе-теңдікті сақтайды; 3) экономиканы мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады.

А.Смит әлдеқашан бекіткендей, салық салу келесі қағидаларға (принциптерге) сүйенуге тиіс; салықтардың жалпыға бірдей болуы және олардың кіріске (табысқа) пропорционалдығы; айқындығы; қарапайымдылығы мен ыңғайлылығы; аз шығындар жұмсай отырып (жинаушылардың аз санымен) салық жинау.

Салықтар экономиканы мемлекеттік реттеудің негізін құрайды. Бюджет-салық саясаты – «мультипликациялық күшті әсерді» пайдалану арқылы салық салу мен мемлекеттік шығыстарды реттеу бойынша қолданатын үкімет шараларының жиынтығы. Нарықтық экономикадағы мультипликатордың күшті әсері инвестицияларды немесе шығыстарды көбейтуден тұрады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных