Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Азақстан Республикасының салық салу жүйесі




 

Қазақстанның бюджеттік және салық жүйесін реформалау меншіктің трансформациялануы және ұлттық кәсіпкерліктің қалыптасуының күрделі жағдайында жүргізілуде. Нарыққа көшумен байланысты мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру құрылымын өзгерту, фискалдық саясатты жүзеге асырумен байланысты салық жүйесі мен салық салуды реформалауды талап етеді.

Қазақстанның салық жүйесінің нарықтық қатынастары дамыған елдер экономикасына тән үрдістерге сәйкес дамымауы, оны жүзеге асыруда қиындықтарға кезіктірді.

Қазіргі заманға лайық Қазақстанның салық жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары белгіленді.

Мақсаты - кәсіпкерлік пен ұлттық инвестицияларды дамытудағы салық салудың ынталандырушы қызметтерін көтеру. Бұл бағдарламаның құрамына, сондай-ақ мемлекеттік және аумақтық органдарды жетілдірудің шаралары да кіруі тиіс.

Ондай шаралар мыналар:

- салық заңдарының тұрақтылығын қамтамасыз ету, бүкіл шаруашылық ішінде, меншік схемасының (кестесінің) өзгеруіне жол бермеу;

- салықтардың көптігінен, айқын еместігінен бас тарту, меншік нысандарына қатысты салық төлеушілердің құқығын шектеу мен жеке тұрғыдан келушілікті жою;

- несиені «арзандату» мен импорт алмасу үшін тауар өндірушілерге төмен салықтар белгілеу;

- өндіріс көлемін нақты ұлғайтушы, инвестициялар мен салық салу арқылы инвестициялардан алынған пайданы өз өндірісіне салатын инвестициялардан босатып, кәсіпорындардың артықшылық жағдайларын айқындау жолымен, мақсатты бағытталған салық жүйесін күшейту;

- декларативті және үлгі ретінде көрсетуші сипатқа ие салық жеңілдіктеріне нақтылы сипат беру. Нәтижесінде, олар ынталандыру маңызын жоғалтады.

Қайыра құрылған немесе қайта құрылымдалған кәсіпорындарға жеңілдіктерді тіркеуден өткен мезетінен бастап емес, алғашқы пайда қаратқан кезінен бастап беру.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, қазіргі заманғы салық жүйесі ҒТП-ны, ресурстар мен жұмыс күштерін құрылымдық түрде басқа жерге орналастыруды, бәсекелестік қабілетті тауарлар шығаруды, кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру тиіс. Сонымен бір мезгілде, монополизм, шығындардың өсуі, алыпсатарлық белсенділік пен инфляция сияқты келеңсіз үрдістерді (тенденцияларды) басып тастауы қажет.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных