Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






СӨЖ тапсырмаларын орындаудың жалпы мақсаттары мен әдістемелік нұсқаулары




Студенттердің өздік жұмысы әрбір студенттің қажетті ақпаратты талдауына, өзбетінше даярлануға, қажетті тапсырманы өз уақтысында тиімді қолдануға көмектеседі.

Өздік оқудың мақсаты студенттердің өзбетінше оқып білім жүйесін кеңейту болып табылады. Ол олардың білім деңгейіне байланысты орын алады.

1. Аудиторияда алған білімді кеңейту, тереңірек бекіту.

2. Жаңа білімді белсене қабылдау.

3. Проблемалардың шешімін табуға.

4. Студенттің жеке өзіндік ой-пікірін қалыптастырады.

5. Ситуациялық жағдайда практикалық тәсілдерді қалыптастыру.

Өздік жұмыс арнайы оқулықтармен жұмыс істеуді, сөздіктерді қолдануды, периодикалық баспаларды, газет-журнал мақалаларымен жұмыс істеуді дамытады. Сонымен қатар интернетпен жұмысты, ұйымдастыруды, белсенділікті мәселенің шешімін табуды қарастырады.

Студенттердің өздік жұмысының кең тараған түрлері мыналар:

1. Практикалық және лабораториялық сабақтарға дайындық.

2. Коллоквиум, сұраққа жауап беру.

3. Аудиториялық бақылау жұмысына және тестке дайындық.

4. Үй тапсырмасын орындау.

5. Баяндама, реферат, ЭССЕ жазу.

6. Іскерлік ойынға дайындық.

7. Курстық жұмыс жазу.

8. Кейстермен жұмыс жүргізу

9. Интернетпен жұмыс істеу

10. Студенттердің ғылыми-зерттеу конференциясына дайындық.

11. Өндірістік іс-тәжірибе бойынша есеп жазу.

12. Дипломдық жұмыстар жазу.

Практикалық және лабораториялық сабақтарға дайындық – студенттердің өздік жұмысының дәстүрлі түрі. Ол лекция материалдарын толықтырумен, ұсынылған әдебиеттерден конспект жазумен сипатталады.

Коллоквиум және сұраққа жауап беру – лабораториялық және практикалық сабақ шеңберінде нақты тақырыпқа байланысты сұрақтарды оқуды, негізгі терминдер мен формулаларды қарастырады.

Тестке дайындық – тақырыптар мен тақырыпшаларды тереңірек оқуға, терминдердің мазмұнына көңіл бөлуге, негізгі ұғымдарды қарастыруды және жүйелі оқуды талап етеді.

Аудиториялық бақылау жұмысына дайындық - өтілген тақырыптарды, есептік көрсеткіштер мазмұнын, есеп формулаларын қарастырады.

Үй тапсырмасы – Үйге берілетін әртүрлі жұмыстарды күнделікті орындап отыру.

Реферат – арнайы және ғылыми әдебиеттерден берілген тақырып бойынша қысқаша баяндама жазу. Оның мақсаты – Студенттерді әдебиеттермен жұмыс жасауға, статистикалық мәліметтерді пайдалануға, қарастырылған проблеманың теориялық және практикалық тұрғыдан сипаттауға, материалды анық және толық жазбаша түрде орындауға дағдыландырады.

Баяндама – мазмұны жағынан рефератқа ұқсас келеді. Баяндама дайындау студенттің өзі қызығатын сұрағын оқуға, ғылыми зерттеу жұмыстарын қарастыруды талап етеді.

ЭССЕ – нақты бір тақырыпты студенттің қысқаша талдауы. Айрықша ерекшелігі – оқытушы берген проблеманы шығармашылық талдау. ЭССЕ тақырыптары оқытылатын пән бойынша нақты сұрақтар болып табылады. Студентке берілген тақырып бойынша өзінің жеке-дара пікірін тыңдау оқытушыны қызықтырады.

Іскерлік ойынға дайындық – керекті материалдарды жинау, рөлдерді бөліп алумен байланысты. Нәтижесінде талдаумен қорытындылау, ұсыныстармен сипатталады.

Курстық жұмыс – нақты бір тақырып бойынша зерттеу жұмысы. Курстық жұмыс жазуда студент ғылыми, арнайы әдебиеттермен жұмыс істеп, сөздіктер, құжаттар, архивтік материалдар, іздеу жұмысымен, ақпаратты талдаумен, пән бойынша алған білімді пайдаланып, жалпы ой-өрісін кеңейтеді, теориялық білім негізінде практикалық мәселені шешеді, шығармашылық ой мен өздік жұмысты арттырады.

Өндірістік іс-тәжірибе бойынша есеп – оқытылған практикалық материалды жүйелеуді және курстық жұмыс пен дипломдық жұмыс жазудың негізі болып саналады. Ол құжаттық нұсқаулардан, есептер көрсеткішінің алгоритмінен ұйымдық-құрылымдық сызбалардан, кәсіпорын жарғысынан, іс-әрекет көрсеткіштерінен тұрады.

Дипломдық жұмыс – жиынтық бітіруші өздік жұмыстың маңызды формасы. Оған дайындық мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

Студенттердің өздік жұмыстарының басқа формалары:

1. Ғылыми зерттеу статьяларын шығару.

2. Студенттік реферат, ЭССЕ, баяндамаларын рецензиялау.

3. Арнайы периодикалық басылымдардағы есептерді шешу.

4. Оқу жобасын өңдеу.

5. Ұйымдық процестік іс-әрекетті моделдеу.

6. Әлеуметтік-экономикалық қызметтің материалы бойынша тұжырымдама

жасау.

7. Анкета құрастыру.

8. Сауал-сұрақ өткізу.

9. Экономикалық шолу жасау.

10. Зерттеу нәтижесін өңдеу.

11. Статистика мәліметтерін талдау.

Берілген тақырыптарға эссе дайындалады. Эссе – бұл берілген тақырып бойынша автордың (студенттің) өз ойын, пікірін көрсететін мақала. Эссенің көлемі 3-5 беттен (компьютермен терілген 14 шрифтпен) аспауы керек. Онда тек өз ойларыңыз өз сөздеріңізбен дайындалу міндетті. Бірдей жұмыстар қабылданбайды.

СӨЖ тапсырмасын орындауда міндетті түрде әдебиеттерге сілтемелер жасалыну керек.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных