ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Салалардағы және қызмет сфераларындағы маркетинг » пәні бойынша глоссарийМаркетинг – айырбас құралдарына мұқтаждық пен талаптарды қанағаттандыруға бағытталған адам қызметінің түрі. Мұқтаждық – адамның өзіне кез келген заттың жеткіліксіздігін сезінуі. Қажеттілік – жеке адамның тұлғасы мен мәдени деңгейіне байланысты ерекше қалпын қабылдаған мұқтаждық. Сұраным – сатып алу қабілетімен дәлелденген қажеттілік. Ол жеке тұлғаға, мүмкін. Тауар – талап пен мұқтажды қанағаттандыра алатын және нарыққа сатып алушының назарын аударту, сатып алуы, пайдалануы, тұтынуы үшін ұсынылатын және айырбасқа айналатын өнім. Тауар ассортименті - мұқтаждықты қанағаттандыратын тауарлар деп аталады. Айырбас – қажет объектінің орнына басқа бір нәрсені ұсыну арқылы алу акті. Кәсіпорындардың көтерме бағалары (босататын бағалар ) – ол кәсіпорыннан шығатын тауардың бағасы және тауардың өзіндік құнымен кәсіпорын пайдасынан құралады. Өнеркәсіп көтерме бағалары (сауданың) – ол өзіне өзіндік құны мен пайдасынан басқа қамту - өткізу шегермені (скидка) еңгізеді. Қамту - өткізу шегермесі – ол қамту және өткізу қызметі үшін төленетін баға. Бұл шегерме қамту - өткізу мекемелерінің шығындарын қайтаруына және пайданы беруіне тиіс. Бөлшек бағалар – бұл ақырғы тұтынушыға келетін тауардың бағасы, яғни процесті аяқтайтын баға. Келісім – екі жақтың арасындағы құндылықтармен коммерциялық айырбасы. Келісім – маркетингінің негізгі бірлігі. Нарық – кез келген өнімнің бүгінгі және ықтимал сатып алушылар жиынтығы. Диверсификация – жалғыз өнімге немесе бөлудің бір қалпына бағытталудаң бас тарту және туарлар номенклатурасы мен бөлудің көптеген формаларына көшу арқылы жүзеге асырылатын маркетингі стратегияларының бірі. Нарықты сегменттеу – тұтынушыларды мұқтажы мен мінез-құлқы, жүріс-тұрысындағы айырмашылықтарға қарап топтарға бөлу процесі. Матрицалық ұйым – тауар жөніндегі меңгерушілермен қатар нарық жөніндегі меңгерушілерді пайдаланып маркетинг қызметін ұйымдастыру. Статистикалық банк - ақпаратты статистикалық өңдеудің қазіргі заманғы әдістемелерінің жиынтығы. Олар деректердің өзара байланысын неғұрлым толық ашып, статистикалық сенімділік дережесін анықтау мүмкіндігі. Модельдер банкі – нарық қайраткерлеріне анағұрлым оңтайлы маркетингілік шешім қабылдауға ықпал ететін математикалық модельдер жиынтығы. Маркетингтік делдалдар – компанияларға клиенттеріне тауарды өткізуге және тауарларға жәрдемдесетін фирмалар. Түйсіну – жаңа тауар туралы бірінші рет естіген сәттен оны қабылдаған сәтке дейінгі жеке адамның ойында өтетін процес. Марка – ол тауардың атауы, белгілі бір шрифтпен жазылған символы, суреті немесе олардың қосылуы. Маркалық атау – ол марканың бір бөлігі – оны айтуға болады және тауардың сапасы жақсы деген ойды білдіреді, мысалы «Шевроле», «Пума». Маркалық белгі – ол өзге тауардан айыру үшін берілген сөзбен, суретпен, көлемді етіп бейнеленген марканың бөлігі эмблемасы. Тауарлық белгі (Ò, Ô) – құқықтың қорғаумен қамтамасыз етілген марка, оның бөлігі. Авторлық құқық (Ó) - әдебиеттік, музыкалық немесе көлемді шығармаларының құрамы мен формасын басып шығаруға, сатуға және басқадай түрлендіруге өзіндік құқығы. Тауарлық номенклатура – нақтылы сатушымен сатып алушыларға ұсынылатын тауарлардың және тауарлық бірліктердің ассортименттік топтарының жиынтығы. Ақпараттық және зерттеу жұмыстары – айырбасты жоспарлауға және жеңілдетуге қажетті ақпараттар жинау. Өткізуді ынталандыру – тауар туралы назар аударарлық ақпарат – коммуникациялар беру (жарнамалау, насихаттау, көрмелер өткізу). Болашақ тұтынушылармен байланыс орнату – (ассортименті, берілетін кепілдігі, жеткізілуі, қызмет көрсетілуі). Тауарларды сәйкестендіру -тауарларды тұтынушының талаптарына сай дайындау. Бұған өндіру,сұрыптау, құрастыру және орау секілді қызметтер жатады. Қеліссөздер өткізу – бағасын келісу және меншікке немесе иелікке өткізуге қажетті актлерді жасау және т.б. Тауар қозғалысын ұйымдастыру – тауарды тысымалдау және қоймаға қою. Қаржыландыру – таңдалған арналарды пайдалануға қажетті қаражатты іздестіру және жұмсау. Тәуекелдікке бару – арналардың жұмыс істеу жауапкершілігін өзіне алу. Селективті тарату – бір адамнан артық, бірақ делдалдардың жалпы санынан аз адамдарды тауар саудалаумен щұғылдануға тарту. ДӘРІС КЕШЕНІ 1 дәріс. Салалар мен қызмет сфераларындағы маркетинг. Сфералық саладағы маркетинг ерекшеліктері Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|