Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Фирмада маркетинг бөлімін ұйымдастыру тәсілдері




Маркетингтік орта екі ортадан тұрады:

- Микроорта

- Макроорта

Микроорта – фирма ішіндегі орта.

Микроортаға әсер етуші факторларға келесілер жатады: Фирманың өзі, жабдықтаушылар, тұтынушылар, делдалдар, бәсекелестер, клиенттер нарығы, байланыс аудиториялары. Микроортаның әр факторы күрделі. Мысалы, жабдықтаушыны фактор ретінде талқылағанда логистика деген пәнді оқу керек, ал делдалдарды қарастырғанда дистрибьюция деген пәнді оқу керек.

Делдалдардың көп түрлері бар (маклерлер, дилерлер, брокерлер, консигнанттар, коммивояжерлар, джогберлер және т.б.). Көбінесе делдалдар екі түрге бөлінеді:

- тәуелді

- тәуелсіз

Келесі 5 клиенттер нарығы танымал:

- Өндіріс нарығы: тұтыну нарығы; делдалдар нарығы; мемлекеттік нарық; халықаралық нарық.

Байланыс аудиториялар – фирмаға қызығушылық білдіретін күш. Олар көбінесе 3 аудиторияға бөлінеді:

- Пайдалы аудитория (демеуші);

- Пайдасыз аудитория (байкот тобы);

- Ізделініп отырған аудитория (бұқаралық ақпарат)

Бәсекелестер – бәсекелестік теория, оның мәні бұл АҚШ ғалымы – Майкл Портер бәсекелестік проблемаларын қозғалтып, әртүрлі қөзқарастары бар. Мысалы, мемлекеттің бәсекелестік ерекшелігінің детерминанттарын шығарған. 4 факторға сүйеніп: фирманың стратегиясы және құрылымы, сұраныс, факторлар параметрлері, байланыс салалар сипаттамасы. Бұл түсінікті «ұлттық ромб теориясы» ретінде өзінің белгілі кітабында «Халықаралық бәсекелестік» қарастырған.

Тұтынушылар – екі түрі бар (тауарға байланысты): фирмалар және адамдар.

Макроорта – фирманы қоршайтын орта.

Макроортаға әсер етуші факторлар: Демографиялық – жасы, ұлты, жынысы, білімі. Әлеуметтік-экономикалық - әлеуметтік жағдайы, жалақы көлемі, т.б. Табиғи. Ғылыми-техникалық. Саяси-құқықтық. Мәдени – тіл, салт-дәстүрі, дін және оның қоғамдағы орны, түсі, престиж, ұқыптылық, мінез-құлық, тәрбие, сезіну, этика.

Жалпы бақыланатын және бақыланбайтын факторлар болады. Мысалы, фирманың басқарушылары ішкі жағдайды (мақсаттарын, тауар сапасын, коорпарациялық құрылымын, тауар көлемін, т.б.) бақылайды, ал бәсекелестерді бақыла алмайды. Саяси-құқықтық факторды қарастырсақ, мемлекеттің тұрақтылығына ерекше мән береміз. Қазіргі кезде экономиканы дамыту үшін көп керекті нарықтық заңдар шығарылған. Бірақ сол заңдар нарықта бір-біріне қарама-қайшылығын білдіреді. Мысалы, жер туралы заң, ал АҚШ-та монополияға тиым салу заңы 1890 жылы шыққан, Клейтонның баға дискриминациясына тиым салу заңы 1914 жылы шыққан. Робинсон-Патменнің бәсекені жоюға тиым салу заңы 1936 жылы шыққан. Әлі күнге дейін жұмыс істеп келеді.

Маркетингтік ортаға тағыда келесі факторлар әсер етеді:

- Фирма мақсатына жетудегі сәттілік пен сәтсіздік дәрежесі;

- Кері байланыстар мен бейімделу, т.б.

Фирмада маркетинг бөлімін ұйымдастыру үшін келесі принциптерге негізделу қажет:

- Нарықтық;

- Тауарлық;

- Функционалдық;

- Аралас;

- Географиялық;

- Матрицалық.

3 дәріс. Бәсекелестік күресте фирма позициясын жақсарту






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных