Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Потенциалды сақтандырушыны зерттеу




Қарастырылып отырған сақтандырудың ерекшелігі сол, сақтандырылған коммерциялық оперциялардың түпкі нәтижелері көрінетін сақтандыру мерзімі аяқталған шақта өтем төленеді.

Сақтандырудың басқа түрлерінде шығын үшін өтем төлеудің қажеттілігі сақтандыру шартының қолданылуының кез келген сәтінде туындауы мүмкін. Коммерциялық тәуекелдікті сақтандыру кезінде төлем мерзімінің анықталғаны түскен жарнаны жоспарлы түрде пайдалануға мүмкіндік беріп, сол мерзімге қор құруға жағдай жасайды.

Сондықтан сақтандыру шартының қолдану мерзімі келіскен кезде ғылыми негізделген кепілдемелергше, өндірістік және өндірістік емес қызметтердің салаларындағы инвестициялардың өтімділігі жөніндегі отандық және шетелдік тәжірбиелердің талдауларына сүйену қажет.

Принцип бойынша сақтандыру өтемі шарт мерзімі аяқталмай тұрып төленуі мүмкні. Егер ғылымдық ауқымдағы қандай да бір оқиғаның нәтижесінде жұмсалған қаржыны қайтару, пайда табу мүмкін болмаған жағдайда өтем мерзімнен бұрын төленуі мүмкні. Ондай оқиғалар туралы сақтандырушыға жедел хабарлау керек. Нарық жағдайымен байланысты көпшілік оқиғалардың ықпалы белгіленген түзетуге көнеді. Қолайсыз өзгерістер де уақытша болуы ықтимал. Сондықтан коммерциялық қызметтер нәтижесі және өтімнің көлемі туралы сақтандыру мерзімінің аяғында жауап табуға болады.

Сақтандыру сипаты шарт жасауға бір қатар міндетті талаптар қоюға себепші болады.Сақтандырушының сол қызметке рұқсаты, лицензиясы және патенті, өзге де қажетті құжаттары болуға тиіс. Тәуекелдіктің дәрежесін талқылауға мүмкіндік беретін алдағы коммерциялық қызмет, одан күтілетін қызмет, одан күтілетін кіріс, соған байланысты шығыс жасалған өзара шарттар, барлық жағдайлар туралы, ол сақтандыру туралы жазбаша арызында толық ақпаратберуге тиіс. Әрине, сақтандыру ұйымдарының өздері де ұқсас кәсіпорындардың қызметтерінің нәтижелері туралы деректерді жинауға және талдауға міндетті. Банктерге және өзге де несиелерге мерзімі өткен қарыздары бар кәсіпорындармен шарт жасауға болмайды.

Сақтандыру шартын жасаған кезде сақтандыру тәуекелдігінің дәрежесіндегі барлық өзгерістерді хабарлау және мол тәуекелдікті ұлғайтатын әрекеттерге жол бермеу жөнінде сақтандырушының міңндеттерін алдын ала қарастыру қажет.

Сақтандырушының өзге түрлеріндегі сияқты сақтандыруға және сақтандыру жауапкершілігіне қабылданған кезде кейбір шектеулер қою қажет. Делдалдық қызметтің, сақтандыру бизнесіне бәс тігіуге және басқаларды сақтандырудан шығарып тастау мақсатына сай болады. Ереже бойынша соғыстан және әскери қимылдардың, мемлекеттік органдардың шешімдері мен саяси төңкерістің, валюта курсының өзгерісінің, негізгі алынған кәсіпорынға (цехқа) несие беруден банктің бас тартуының салдарынан орын алатын шығындары сақтандыру жауапкершілігінен шығарылады.

Сақтандырушының, оның сеіктестерінің немесе олжа табушылардың әрекеттері салдарынан туындаған шығындардың орны толтырылмайды.

Алайда, әрбір сақтандыру ұйымы өз міндетіне алған тәуекелдікті шектеуге немесе кеңейтуге құқылы.

Сақтандыруды жүргізгенде ең аз франчизді (мысалы, 5%) белгілеп, оның мөлшерін көбейтуге сақтанушыға құқық берген жөн. Өтемнің ең жоғары сомасын шектеу қою да мақсатқа сәйкес болады (мысалы, шығынның 80%). Коммерциялық тәуекелдікті сақтандырудың жарналарының (тарифтерінің) мөлшерлемені көптеген факторларға байланысты: қызмет түрі, сақтандыру мерзімі, нарық қатынастарының тұрақтылығының дәрежесі және басқалар. Әрбір кәсіпорын үшін тәуекелдік дара болып саналады. Демек, мүкіндігіне қарай төлем мөлшерлерін де дараландыру керек.

Аталған сақтандырудың тарифтері несиелерді сақтандырудың мөлшерлерімен айтарлықтай өзара байланысты. Ондай жағдайларда нарық жетігі күшті әсер етеді.

Жаңа техника мен технология енгізу жолымен өндірісті қарқындандырудың қосымша резервтерді іздестірмей жекешелендірілген кәсіпорын қызметінің тиімді болуын мүмкін емес. Бірақ ескі құрал-жабдықты немесе технологиялық үрдісті алмастыру өндіріс деңгейінің уақытша құлдыраумен байланысты болғандықтан, түсетін кірістер де төмендейді. Ондай техникалық және технологиялық тәуекелдер кәсіпорындардың ғылыми-техникалық үрдіске деген мүдделілігін айтарлықтай төмендетеді. Жаңа техника мен технологияны енгізу тәуекелділігін сақтандыру ондай мүдделілікті ынталандыра алады.

Жаңа техника мен технологияны енгізуден кәсіпорындардың шеккен зиянын сақтандырушы толық өтейді.

Келешекте арналған сақтандырудың бұл түрінің объектісі жаңа техника мен технологияны енгізуден туындаған уақытша залалдар болып табылады. Сонымен залалдар жаңа техниканы енгізу кезіндегі орташа айлық кірістің (пайданың) арасындағы айырмашылық есебінде анықталады. Сақтандырудың қамтамасыз етілуі кәсіпорындардың шеккен зиянының барлық сомасын қамтуға тиісті, яғни жүз пайызға тең болады. Сонымен мсақтандыру төлемдерін есептеген кезде жеңілдіктер мен шегерімдер жүйесін белсенді түрде қолданады.

Аталған сақтандыру түрінің сақтандыру оқиғасы өзара байланысты екі факторлы өзіне біріктіруге тиіс: біріншіден, өндіріске жаңа техниканы немесе технологиялық үрдісті енгізудің бар болу фактісін; екіншіден, соған байланысты енгізімнің алдындағы кезеңмен салыстырғандағы кәсіпорын кірісінің (пайдасының) азаюын;

Аталған сақтандыру түрі бойынша сақтандыру тарифтерінің мөлшерін ең күрделі және жауапты міндет болып саналады.

Жаңа техника енгізуді сақтандырған кезде сақтандыру сомасы болмайды. Зардап шеккендерге өтем нақты зиянның толық мөлшерінде төленеді. Сондықтан тарифтік мөлшерлемені тұрғызған кезде және сақтандыруды жүргізгенде мүлікті сақтандыруға сияқты сақтандыру сомасының залалдық көрсеткішін пайдалану мүмкін емес.

Сақтандыру ұйымдарының кәсіпорындармен қаржылық өзара қатынасын құруды материалдық өндіріс саласындағы жыл сайынғы енгізімінің саны, сондай-ақ жаңа техникамен технологияны енгізуге байланысты кәсіпорындардың шеккен орташа залалдарының мөлшері туралы мәліметтер негіз есебінде қызмет етеді.

Бір оқиға бойынша төлем сомасын есептеу еңбекті аса қажет ететіндіктен ол тариф мөлшерлемесін анықтауға негіз болады. Ол үшін әрбір жеке факті бойынша залалдық мөлшерін есептеу қажет. Оны әр алуан салалардың жекелеген кәсіпорындары бойынша іріктемелі түрде жүзеге асыруға болады.

10 дәріс. Денсаулық сақтау саласындағы маркетинг






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных