Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Білім беру мекемелерiнде маркетингтi қолдану




Қазіргі таңда білім беру саласы ең өзекті тақырыптардың бірі. Сапалы білім алу қоғам дамуының бірден бір факторларының негізі. Әр түлек жұмысқа орналасатын кезде жұмысқа қабылдаушы оның біліміне және қандай оқу орнын бітіргеніне көңіл бөледі. Сапасы жоғары және қазіргі заман талабына сай оқу орнының дипломы жұмыс табуда яғни жаксы жұмыс орнына орналасуға үлкен ықпал болады. Жоғарғы оқу орнындары заман талабына сай дамып келеді және осыған орай бәсекелестік те туып отыр, және білім беру қызметтері нарығындағы жоғарғы оқу орнындары арасында әлеуетті клиенттер үшін (мектеп түлектері) бәсекелестік деңгейі шарықтап келеді.

Жоғарыда көрсетілген шарттарға сай білім беру қызметтері нарығындағы бәсекелестік деңгейін арттыру жолдарын іздеу қажеттілігі күмән туғызбайды. Осыған байланысты білім беру қызметтері нарығын қалыптастыруда маркетингтік тәсілді енгізудің мәнділігі өте орынды. Аталған барлық жағдайлар, факторлар осы тақырыптың өзектілігін сонымен қатар бұл тақырыптың зерттеу қажеттілігін көрсетеді. Білім беру саласындағы маркетингтің негізін және оның білім беру қызметтер саласында қалай ерекшеленуін түсіну үшін жалпы комплекс пен оның аспектілерін, элементтерін жалпылама талдау қажет.

Ол ең алдымен маркетингтік қарым қатынастың субъектілерімен және нарықтағы функциялары, білім беру қызметтері нарығындағы маркетингтің объектілерінің әрекет ету саласы, мақсаттық бағдарларының мәселелік мазмұны. Осылардың барлығын кезекті қарастыруымыз бізге нақты білім беру қызметтері нарығының ұғымын анықтауға көмектеседі.

Маркетинг- ішкі фирмалық басқарудың ерекше жүйесі деген көп көз қарас тараған. Егерде бұл көз қарас дұрыс болған жағдайда білім беру қызметтері нарығындағы маркетингтің субъектілерінің бір ғана түрі болатын еді. Ол білім беру мекемесі, ал маркетинг олардың ішкі жұмысы болар еді. Анықтама бойынша оған мемлекеттіңде және білім беру қызметтер саласының тұтынушыларыныңда қатысы болмас еді. Сонымен қатар маркетингтің субъектісі болып тек қана өндірушілер мен делдал фирмалардан басқа барлық нарықтың субъектілері болып табылады табылады.

Маркетингтік қарым-қатынастың негізгі қатысушылары тек қана білім береу мекемелері ғана болып қоймай сонымен қатар тұтынушылар (жеке тұлғалар, кәсіпорындар, ұйымдар), делдалдардың кең тобы.

Қоғамдық институттар мен құрылымдар білім беру қызметтері нарығын жылжытуда өз үлесі бар. Білім беру қызметтері нарығындағы маркетингтің субъектілерінің арасында студенттің, тыңдаушының, оқушылардың тұлғасы ерекше рөл атқарады. Ол тек білім беру қызметтерінің материалды тасымалдаушы, берілетін білімнің жинағы, еңбек барысындағы қолданушы ғана емес ол ең соңғы тұтынушы болып табылады. Тұлға басқа білім беру қызметтері нарығының тұтынушыларына қарағанда білім потенциалын материалды жағдай жасауға, өмірлік табыс табу үшін ғана қолданбайды сонымен қатар өзінің тікелей қажеттіліктерін қанағттандыру ең алдымен танымдық қажеттіліктері.

Білім беру саласындағы маркетингке келесідей анықтамалар берілген:

- Білім беру саласындағы маркетинг – ол қызмет көрсетудің, бағаның, бәсекелестік білім беру нарығындағы жоғарғы оқу орнының коммуникативті саясаттың жүзеге асыруының экономикалық үдерісі.

- Білім беру саласындағы маркетинг - ол ақылы білім беретін нарықты зерттейтін ғылым, оларды жылжытуды және орналастыруды қарастырады сонымен қатар білім беру бизнесінің философиясы.

- Білім беру саласындағы маркетинг деп, ең алдымен білім саласындағы қызметтерге халық сұраныстарының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған нарықтың қызметі.

Ашық жүйе маркетингіндегі философия, қатысушыларының рыноктағы бәселекестері және қарсыластармен қарым- қанынасының рыноктады жағдайына сүйенеді.

Білім жүйесініне кеткен инвестициялар ұзақ мерзімді болғандықтан (мысалы, жоғарғы мектеп- бес- сегіз жыл), инвесторлар тәуекел көлемін төмендетуді көздейді. Маркетинг субъектілер философиясы нарыққа түсініктеме жүйесін, нарық туралы білімін және оларды игерушілік әдістемелерін береді.

Ашық білім беру нарығындағы маркентингтік негізгі атқаратын қызметі:

- қажеттілікті қанағаттандыру, сатып алушылардың сұранысы мен күтімін қанағаттандыру, білім беру нарығының негізгі буындарын ұйғару;

- іс-шараның зерттемесінің ашық білім беру қызмет атқаруларында қажеттіліктің толық қанағаттандыру;

- білім беру қызметінің сыртқы рәсімін және оның таратылу жүесін алдын ала жоспарлау;

- қызметтің бағасын есептеу, пацданың қажетті аумағын қамтамасыздандыру:

- коммуникацияның тиімді жүйесінің қамсыздандыру және білім беру нарығының нақты тұтынушыларын қамтамасыздандыру.

Маркетингте жалпы ғылыми әдістер іске асырылады олар:

- Басқа ғылыми ізденістер мен деректер көздеріне, талдау жасау және систематизациялау екінші әдіс болатын болса, бірінші әдіс нарықтағы ақпаратты өз бетінше немесе арнайы тапсырыс бойынша алу.Оның ішінде ең алдымен тұтынушылар туралы ақпарат, бәсекелестер туралы, өрлеу мен өндірушілер арналарындағы маркентингтік ортасындағы әдістемелер жүзеге асырылады.

- Ақпаратты синтездеу, қалыпты жағдайларды жасау, өзгерістерді болжау (оның ішінде ұзақ уақыттағы), стратегия және тактикалық шешімдерді бағалауға, әрекеттерді сараптауға байланысты;

- Экспериментальді жолмен нарықты бағалау және оптималды маркетінгтік шешім қабылдау;

- Алынған ақпараттар негізінде тәжірибиелік ідістерді өзгерту, оның ішінде маркетингтік қызметті жоспарлау, мекемелерді басқару, нарықтық іс- әрекеттерді қадағалау, мекеменің және оның өнімінің нарықтағы басқа маркетинг ақпаратты және нақты ғылымның және ғылыми тәртіптің әдістерін пайдаланады, олар:

- статистика (ең алдымен, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың статистикалық мәліметтері) - ол нарықтың сыймдылығын және оның сегментетрін бағалауға, сұраныстың үрдісімен көлемін бағалауға және т.б;

- макро және микроэкономикалық анализ- нарықтық жағдайды және бағалауды сараптау үшін, бәсекелестердің мүмкіншіліктерін анықтау үшін, сату және өрлеу каналдарына баға беру үшін, білім беру мекемесінің мүмкіншілігін бағалау үшін қажет;

- социология – бәсекелес тұтынушы топтарды анықтау және анализі ушін және қоғамдық ұйымдардың сұраныстарын қанағаттардыру үшін қажет;

- психология и психофизиология- білім беру нарығының және мекеменің пайдасына, жарнамалық және де басқа да іс әрекеттердің әсер етуі;

- математика- көрсетілген мақсаттың табысының үдерісінің күтуі үшін;

- басқарма қағидасы - жоспарлау және қадағалау үрдісін іске асыру, болжау, бағалау, реттеу және маркетингтік жұмыстың стимулизациясы оқу мекемесімен әрекеттес тәртіптерін, сондай-ақ нарықтағы әрекеттес субъектілермен үрдісінің жоспарын және қадағалауын іске асыру.

Маркетингте нақты әдістемелер қолданылады және жаңа идеялар генерировациясы әдістемелік топтары (маркетинг объектілерінің қатыныстары, ассортименттің жаңаруы, бағаның өздеруі және бейімделуі, тауарлапдың нарықтағы сатылуы мен өркендеуі), сараптамалық бағалау, контент- анализ (ең алдымен бұқаралық ақпараттар негізінде) және т.б арқылы жүзеге асырылады. Атап кеткен әдістердің көп бөлігі маркентингтік зерттеу кезінде қолданылатын әдістер. Бұл зерттеулер маркентингтік қызметте және оның бюджетінде үлкен орын алады. Сондықтан да, оларды дұрыс жоспарлау өте маңызды.

Білім беру қызметтерінің маркетингінің дамуы өте маңызды, себебi зияткерлiк потенциал, қоғамның ұлттық байлығын көбейтудің шешуші факторы бола бастады. Қазіргі білім беру жүйесі қызметінің арқасында әлемнiң экономикалық дамыған елдерi осы уақытта ҰЖТ-ның 40% дейін өсуін қамтамасыз ете бастады. Дегенмен, республиканың бiлiм беретiн кешенiнде маркетинг жүйесi, өкiнiшке орай, кең тарала алмай отыр. Жалпы білім беру мекемелерiнде маркетингтi қолданудың үш деңгейі айқын көрінедi:

- Жоғарғы деңгейге білім беру мекемелерiнің салыстырмалы кiшiгiрiм тобы жатады, олар - нарықтық басқарудың маркетингтік тұжырымдамасына бағдарланған және коммерциялық бастауларда ұйымдастырылған қызметі бар мекемелер.

- Екiншi деңгейге білім беру қызметіндегі нарық конъюнктурасын пайдаланатын бiлiм беретін мекемелер жатады, олар маркетингттік қызметтiң тек жеке құрама бөлiктерiн, яғни сұранысты зерделеу мен жаңа мамандықтар бойынша мамандар дайындауды ұйымдастыру, төлем деңгейiн анықтау және тағы басқа қызмет түрін атқаратындар.

- Төменгi деңгейге маркетингтiң жеке элементтерiн ғана яғни жарнама, бiлiм беру саласындағы қосымша қызметке сұранысты зерделеу қызметтерін орындайтын мекемелер жатады. Жетекші оқу орындары материалдық тауарлармен емес, педагогикалық қызметтерден қалыптасатын, сезiлмейтiн қызмет түрімен жұмыс iстеуге тура келедi. Сондықтан, білім беру саласындағы маркетинг кешенiнің құрамдас бөлiктері келесілер: сұранысты зерделеу, қызмет көрсету бағасы, қаржылық ресурстарды қалыптастырудың әдiстерi, үлестiру және ынталандыру сияқты қызметтері қалыптасады. Маркетинг қызметiнiң білім беру мекемелеріндегі ерекшеліктеріне жатқызатын түрлі көлемдегі және мазмұндағы ұйымдастыру жұмыстары жатады. Олар:

- бiлiм беру ортасын талдау;

- білім беру қызметін, конъюнктурасын, сұранысын, тұтынушының реакциясын нарықтық үрдіс негізінде стратегиялық болжамдарының жаңа ұсыныстарын әзiрлеу;

- iшкi бiлiм беретiн ортаны талдау;

- факультативтер, арнайы семинарлар, таңдау бойынша пәндер, курстар, үйiрмелер, секцияларды ашу (қысқарту, тоқтату), кеңейту туралы ұсыныс әзiрлеу;

- тапсырыс берушілермен, тұтынушылармен бiлiм беретiн мекеменiң қарым-қатынастарының даму үрдiсiн талдау, жеке алғанда, ЖОО-мен, шағын ауданның өндiрiстiк секторы, фирмалармен және тағы басқалар;

- қолданыстағы стандарт, ереже және шарттардың сапасына және ұсынылған білім беру қызметтерінің мазмұнына сараптама және ақпараттық-аналитикалық мәліметтерінің жинақталуы; - нақты білім беру мекемесі жағдайында қажеттi заттық - әдiстемелiк қамтамасыз ету қызметтерін дәлелдеу;

- тұтынушының болжамдық сұранысына негiзделген, жедел қажеттi бiлiм беру қызметтерін жоспарлау;

- қажетті қызметтердің ұсынылымдарының (экономикалық, кадрлық, зияткерлік және тағы басқалар) шарттарын дәлелдеу және есептеу;

- мекемелердің өзара iс-әрекетiнің тиiмдi жүйесi және берiлетiн бiлiм беру қызметтері мәртебесiнің құқықтық қамтамасыз ету (дер кезiнде лицензиялау, аттестация, қаржылық есеп құжаттамасын қалыптастыру және тағы басқалар);

- нарық талаптарына сәйкес мамандарды дайындау жүйесiн қалыптастыру;

- жарнамалық-ақпараттық қызмет;

- сұранысты қалыптастыру және бiлiм беру қызметтерін жылжытуды ынталандыру;

- бағаны жоспарлау;

- тұтынушыларға бiлiм беру қызметтерін жақындататын тиiмдi жүйе ойластыру;

- тұтынушылармен, ЖОО-мен, мекеме және тағы басқалармен өзара iс-әрекет туралы шарт жасау;

- білім беру мекемелерінің құқықтары және жауапкершiлiктерін анықтау үшiн бiлiм беретiн қызметтердің тұтынушыларымен еңбек келiсiмдерiн жасау;

- тұтынушымен керi байланыс жүйесiн дамыту;

- қызмет көрсету сапасын бақылау жүйесін жасау.

Бұл маркетингтік қызметтер ұсыныс бойынша қызметтiң түрлерiн және нарық қызметіндегі тауардың жылжуын ғана анықтайды. Әрине, білім беру саласындағы маркетингтік қызмет – басшы әрекетінің шынайылығымен көрінеді. Білім беру қызметін тұтынушыларды әлеуметтік қорғай отырып, сол мекеменің даму болашағын да ойластырған жөн. Ол үшін қажеттілікті қалыптастыра отырып, тұтынушы қалауын ескеру керек. Сонымен қатар, білім беру мекемелеріндегі маркетинг қызметiн жүзеге асырудың маңызды кезеңі маркетинг зерттеулерiн жүргiзу болып табылады.

Білім беру қызметтері нарығындағы маркетингтің субъектілерінің арасында студенттің, тыңдаушының, оқушылардың тұлғасы ерекше рөл атқарады. Ол тек білім беру қызметтерінің материалды тасымалдаушы, берілетін білімнің жинағы, еңбек барысындағы қолданушы ғана емес ол ең соңғы тұтынушы болып табылады.

Студент басқа білім беру қызметтері нарығының тұтынушыларына қарағанда білім потенциалын материалды жағдай жасауға, өмірлік табыс табу үшін ғана қолданбайды сонымен қатар өзінің тікелей танымдық қажеттіліктерін қанағттандыру үшінде қолданады.

Студенттер білім беру қызметтері нарығының қолданушысы, иемденушісі және соңғы тұтынушысы, сонымен қатар жинаған барлық кешенді потенциалын жүзеге асыру үшін келесідей таңдау жасайды: нақты өз болашақ мамандығын, оқу мерзімін, оқу орнын,қаражат көздерін және өзінің болашақ жұмыс орнын. Ең қызықтысы білім беру қызметтері нарығындағы маркетингтің субъектілерінің арасында бұл негізгі субъект басқа субъектілермен салыстырғанда төмен қорғанысқа ие, ақпарат көзін аз қамтыған және жаңа қатысушы болып келеді. Сондықтан, студенттің тұлғасы ортақтың көңілінде болуы, ақпаратты толық қамтылуы, барлық болатын келісім шарттың міндетті қатысушысы болуы қажет.

Осының барлығы ескерілген жағдайда қалған тұтынушылардың маңыздылығы мен рөлі анықталады. Олардың ішінде: фирмалар, ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер және басқарушы органдар.

Сонымен, келесідей қортындыға келеміз білім беру саласында маркетингті дұрыс пайдалану ол жағары табыс алып келетінін, тұнушылар санының артатынын, бәсекелестерден артықшылығымыз болатынын түсінеміз. Білім беру саласында маркетингтің орны ерекше екенін түсінеміз, қазіргі нарықтық жағдайда дұрыс жүргізілген маркетингтік саясат ол жоғарғы табыс алып келетін және ұсынып отырған тауарымыз нарықта үлкен сұранысқа ие болуына кепілдік бере алады деп айтуға болады.

Яғни тұтынушының қажеттіліктерін ескеру, нарықты зерттеу, жаңа қызмет түрін ұсыну, оны жылжыту осының барлығы маркетингі қажет етеді. Өкінішке орай қазіргі таңда Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы жетекші оқу орындарындағы маркетингтік бөлімнің болмауы олардың жоғары табыс көзіне жете алмауына себеп болып отыр.

12 дәріс. Аудиторлы-консалтингтік қызмет маркетингі






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных