ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Р-да өнеркәсіп саласындағы маркетингтің ерекшеліктеріЭкономикалық реформаларды тереңдету барысында шетелдердің инвестицияларын халық шаруашылығын өркендетуге тарту ұлттық өнімдердің көбеюімен бірге, елімізде маркетинг кешенінің әдістерін пайдалануға жол ашты. Қазір реформаның стратегиялык мақсаттары белгілі-бір дәрежеге жетіп, макроэкономикалық тұрақтануға қол жетті. Экономикада айтарлықтай оңды құрамдық өзгерістер пайда болды. Ең бастысы, реформаның бірінші кезеңі, ұзаққа созылып, аса қиындыққа түссе де, рыноктық экономикаға көшу процесі кері айналмайтын күйге жетті. Дүние жүзінде, әсіресе басқа елдерден әлдеқайда кеш басталған біздің елдегі нарықтық қатынаста маркетинг бірден басталған жоқ. Ол менеджерлердің көп жылғы бірте-бірте дамыған көзқарастары мен мақсаттарын, міндеттерінің өнеркәсіп пен сауданы өрістету әдістерінің нәтижелерінен туындаған. Маркетинг тұжырымдасының қалыптасуына қоғамның ғылыми-техникалық прогресі үлкен ықпал жасап, ал ол тауар түрлерінің көбеюін, олардың жаңартылуының жоғары қарқынды болуын жүзеге асырып, өндірісті басқарудың және маркетинг тиімділігін қамтамасыз етеді. Нарықтық қатынас жағдайында өндірісті басқаруды ұйымдастыру өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтті. Халықаралық маркетинг экспорттық қызметте басталып, келесі кезеңде жекеленген шетелдерде жалғасты; бұрынғы кәсіпорындарға өте ұқсас фирмалар, филиалдар, бөлімшелер құрыла бастады. Әрі қарай филиалдары бар корпорациялар дүние жүзіне таралып, бір елде штаб- пәтерлерін орналастырды. Ең бастысы маркетинг келешекте материалдық бағалы заттар, жұмысшы күші және капитал бүтіндей ауыстырылатынын болжайды. Ең бастысы маркетинг құруды өрістету барысында қазір интеграция, Еуразияда біріңғай ынтымақтастықтар құрылуда. Міне, осы нарық жағдайындағы басқарудың тұжырымдамасын «маркетинг» деп атайды. Қазіргі кәсіпкерлер маркетинг тұжырымдамаларын оқып үйренумен бірге оны пайдалана білуінің де маңызы зор. Маркетингті әркім әрқалай түсіндіреді, ал шын мәнінде маркет деген- рынок (өнімді, затты сататын жер). Ал оған әртүрлі анықтама берілу себебі өндіріс үрдісінде (өнімді шығару, жасау кезінде), өнім өткізуде, жарнамада, техникалық қызметте, тағы басқа жағдайларда шешілетін мәселелерге байланысты. Сондықтан мамандар маркетинг деген терминге екі мағынаны қосады. Оның бірі — басқару күші мен шеңбері, екіншісі- нарықтық қатынас жағдайындағы басқарудың мақсатты тұжырымдамасы. Мұны ғалымдар пайдалы істер философиясы дейді. Егер зер салып, маркетингтің негізгі мәнін түсінгіміз келсе, оны басқару күші мен шеңберінің ерекше екенін байқаймыз өз өніміне сатушы делдал іздейді, яғни барлық компаниялар маркетингтің міндеттерін атқарады, бірақ бұл маркетинг философиясын басшылыққа алады деген сөз емес. Пайдалы іс философиясы тұрғысынан алғанда маркетинг міндеттері компанияның демократиялық процесі ретінде қаралып, тұтынушының өзіне қажетті ақшамен «дауыс» беруін талап етеді. Бұл сұраным ерекшелігін зерттеп, оны мүмкіндігінше толық қанағаттандырудың алдына міндет етіп қойған компанияның табысын да анықтайды. өндірістік шығындар азайған кезде стандартқа сай келмейтін, өндірістік бағдарламадан шығарылып тасталған, бірақ тұтынушыларға қажетті дүниелер есебінен өнім шығарудың қалыпты көлемін қамтамасыз етуге болмайды. Бұл маркетинг талабына қайшы келеді. Маркетингтік іс тауарлардың өтімділігін қамтамасыз етумен айналысатындықтан ол нарықтық қызметтен де ауқымды болып келеді. Оның көмегімен сатып алушының талабы орындалады. Маркетинг — екі жақты процесс, бірі — сатып алушының қажеті жөнінде хабарларды түсіру болса, екіншісі — өнім өндірушінің тауарлар ұсыну қызметін көрсетудің шараларын жасайды. Маркетинг тұтынушы мен өнім шығарушының (компанияның, фирманың) байланысына негізделген. Сонымен маркетипг дегеніміз жоспарлау және бұйымдар мен қызмет жасауды, баға саясатын, алушыларға тауарларды өткеру істерін басқаратын процесс. Сондай ұйымдастырушылық іске үйрену жеке кәсіпкерлердің де, ұйымдардың да қажеттерін өтейді. Маркетингтің мынадай талаптары бар: 1. Шаруашылық істерді атқарудың шешімдерін қабылдау кезінде нарық талаптарына сәйкес қажеттілікті, жағдайларды және сұраныстарды мұқият есепке алу керек. Тұтынушылар кейбір кездері өздерінің не керек екенін білмейді, тек өз проблемаларының қайтсе жақсы нәтижеге жететінін ойлайды. 2. Нарық талабы ұзақ мерзімді, келешегіне өндірістің қалыпты ынғайласатын жағдайларын жасау. Бұл арада мынаны ескерген жөн- маркетигтің қазіргі тұжырымдамасы / кәсіпорынның не мекеменің қызметі тұтынушылар сұранымын және оның келешекте өзгеретіні білуге негізделген. Оның максаттарының бірі-сатып алушылардың қанағаттанбаған сұраныстарын анықтап, өндірісті соған қарай ыңғайлап,қалыпқа келтіру. Маркетингтің төл- міндеті шын мәнінде соған бағыттау болып табылады. Маркетинг жүйесі тауар өндіруді сұраным түрлеріне байланысты етіп, тұтыным мөлшеріне қарай жасауды талап етеді. Оның тұжырымдарын жүзеге асырғанда өндіріс орталығынан қабылданған шешімдердің орындалуы нарықтық буынға барып ұштасады. Маркетинггік қызметі тек қана нарықтық қатынастың ойластыру орталығы емес, сонымен бірге кәсіпорынның өндірістік, ғылыми-техникалық және қаржылық саясатының қайнар бұлағы болады. Маркетингтік бағдарламаларды ойластырып жасау кезінде сұранымның өсетінін, іскерлік болжамдарды мұқият талдау негізінде тауар түрлерін көбейтудің не азайтудың қажеттілігі, келешекте өндіріске пайдалылығы жөніндегі мәселелер ескеріліп шешілуі керек. 3. Маркетинг істерінің негізгі талаптарының бірі-нарыққа, сатып алушыға қолда бар барлық кұралдармен, ең алдымен жарнамалармен ықпал ету. Бұл істер біздің Қазақстанда кеңінен өрістей қойған жоқ, әйтсе де маркетингтің талаптарын түсініп, өз істерінде қолданып жүргендер көріне бастады. Олар қазір бәсекелесіп, тұтынушыларды өзіне тартуға және олардың қажетін қанағаттандыруға тырысады. Бұл — оң құбылыс. Сондықтан олар да маркетингтің тағы бір ерекшелігі болып отыр. Маркетингтік қызмет соңғы жылдары республикамызда өте қарқынды дамып, өз орнын дұрыс табуда. Бәрін де бәсеке анықтайтындықтан қазіргі уақытта «өндіріс» ұғымы «нарық» ұғымына орын босатты. Тауар сату саясатын жасаған және жүргізген кезде бір өнімнің әртүрлі тіршілік сатысында болуы мүмкін екенін ескеру қажет. Көптеген компаниялар, фирмалар түрлі өнімдер сатады, олардың да тіршілік кезеңінің әртүрлі сатысында болғаны дұрыс. Бір өнімнің саудасы нашар, зиянды болғанда, екінші өнім саудасы жақсы, табысты болып, компания, фирма істерінің оңға басуына ықпал жасайды. Уақыт кезеңінде бірінші өнімді ендіріске енгізу, екіншісі толықтыру, үшіншісі күрт қайту сатыларында болады. Сол үшінші сатыда өнімді сатудан түскен табыс екінші сатыдағы өнім жасауды қаржыландыруға, сол кезде екінші сатыдағы өнім табысы мол тауарды жасауға көмектеседі. Егер компания, фирма, кәсіпорын сатылу көлемін ұзақ мерзімде өсіруді мақсат етсе, ара-күдік үзілісті уақытпен нарыққа шығаратын жаңа енімдер жасауды, өндіріске енгізуі қажет. Әрбір жаңа өнімнің сатылуының үлкен көлемін қамтамасыз ету үшін бұрынғы өнімдерді сатудан түскен табыс есебінен ресурстарды көптеп жұмсау қажет. Мұндай жағдайда тіршілік кезеңінде сатыдағы өнімдерді теңестіріп реттеу керек, әсіресе ақырғы жағдайға әсер ететін және тіршілік кезеңінің соңғы, сатысында болса да табыс келтіретін заттарды ең алдымен ескеру керек. 15 дәріс. Агромаркетинг Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|