Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Маркетингтік қызметті жетілдірудің стратегиялық бағыттары




Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының дамуында маңыздылығы жоғары, негізгі салаларының бірі. Ол халықты азық–түлік өнімдерімен қамтамсыз етеді. Ауыл шаруашылығының даму деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығында қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем нарығында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, халықтың жартысынан астамының әлеуметтік жағдайы ауылдық аймақтарымен тығыз байланысты.

Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлікті тиімді дамыту, нарықтық механизмді игеру, нарықтағы баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке, мемлекеттік реттеу заңдылықтарын меңгеруге байланысты бизнес нысандары нарықтың талаптары мен оның механизмін игеруге икемділігі жоғары болып табылады. Сол себептен де қазіргі жағдайда аграрлық саладағы кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі нарық механизмін толыққанды игеруге мүмкіндік жасайды. Бұл мүмкіндік кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдауға, реттеуге бағытталған қосымша шаралардың іске асырылған жағдайында пайда болады

Ұлттық экономиканың дамуы үшін бастылардың бірі болып отандық агроөнеркәсіптік кешен табылады. Тиімділігі жоғары агроөнеркәсіп кешенін құру экономикалық тұрақтылықты, тұтынушылардың қажеттілігін толыққанды қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың материалдық әл-ауқатын әрі қарай көтерудің негізгі алғышарты болып табылады.

Агроөнеркәсіп өндірісін мемлекеттік реттеу ауыл шаруашылығы өнімі, шикізат пен азық-түлік өндірісіне, қайта өңдеу және сатуға құқықтық, әкімшіліктік және экономикалық мемлекеттік әрекет ету жүйесі. Сондықтан да аграрлық саланы мемлекеттік реттеуде шешуге тиісті міндеттер болып агроөнеркәсіп өндірісін дамыту, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аймақтағы өндіріс саласын басқаруды жетілдіру, ауыл шаруашылық өнім, азық-түлік, шикізат нарығын реттеу, халықтың азық-түлікпен қамтамасыз етілуін жақсарту, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа салалары арасындағы паритетті экономикалық қолдау, ауыл шаруашылығы және басқа салалар жұмыскерлерінің табыстарын жақындату, отандық тауар өндірушілерді қорғау жатады. Осы міндеттерді шешу үшін мемлекеттің экономикадағы рөлі жоғары болуы тиіс.

Дамыған елдер тәжірибесі көрсеткендей, ауыл шаруашылығындағы қол жеткізілген жетістіктердің барлығы ғылыми-техникалық дамуы арқасында екендігі анық. Сондықтан да ғылыми-техникалық прогресті дамытып, оны ауыл шаруашылығына көптеп енгізу қажет. Ауыл шаруашылығында ғылыми-техникалық прогресті дамыту келесі бағыттарда жұмыс жасайды: шаруашылық механизмін дамыту, ауыл шаруашылық өндірісін техникалық тұрғыдан дамыту, өсімдіктер мен мал шаруашылығының өнімділігін жоғарылату, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуді дамыту болып табылады.

Ауыл шаруашлығы өнімінің өсімі мал шаруашылық фермасын жаңғырту үшін заманауи технологиялық құралдарды пайдалану, сонымен қатар, малдардың генетикалық әлеуетін жетілдіру және тиісті құрама жем базасын құруды жеделдету арқылы мал шаруашылығындағы өндіріс көлемінің өсуі есебінен қамтамасыз етілетін болады.

Елде өндірілетін күріштің 90 пайызы жыл сайын өңірде өндіріледі, бұл топырақ экологиясына оң әсер етеді және ауылдың халқын жұмыспен қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешу агромаркетингті қолданусыз мүмкін еместігі болып табылады. Агромаркетингті дамытудың обьективті түрде өзектілігі халықаралық ауыл шаруашылығы нарықтарына шығу, агромаркетингтің халықаралық жүйесін қалыптастыру, сыртқы экономикалық байланыстардың тиімді формасын таңдау, әлемдік ауыл шаруашылығы нарығын терең зерттеу қажеттілігінің туындауына байланысты артып отыр.

Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуда маркетингтік қызметті қолдануды жетілдірудің негізгі алғышарттарын табысты жүзеге асыру үшін нарық қажетілігіне сай келетін және аймақтың халық шаруашылығы кешенін индустриальды-инновациялық дамыту мақсаттарына толық жауап беретін, халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға қол жеткізуге мүмкіндік жасайтын сала құрлымын анықтау керек.

Аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету - оның аграрлық өндірісті индустрияландыру мен негізгі өнім түрлері бойынша АӨК өнімдерінің тиімділігін арттыруға негізделген тұрақты дамыту болып табылады.

Аграрлық саладағы кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымы кәсіпкерлік субъектінің дамуына тікелей әсер етеді. Бұл ауыл шаруашылығын қолдау қоры, кәсіпкерлікті дамыту қоры, лизингтік компаниялар, екінші деңгейлі банктер, сақтандыру компаниялары, кеңес беру, маркетинг, кадрларды оқыту және қайта даярлау қызметтері өте үлкен рөл атқарады.

Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуда маркетингтік қызметті қолдануды жетілдірудің негізгі алғышарттарын табысты жүзеге асыру үшін нарық қажетілігіне сай келетін және аймақтың халық шаруашылығы кешенін индустриальды-инновациялық дамыту мақсаттарына толық жауап беретін, халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға қол жеткізуге мүмкіндік жасайтын сала құрлымын анықтау керек. Бұл әсіресе Оңтүстік Қазақстан облысының салалық жетілдірілмеген және ұйымдық құрылымдарының ұсақтығы мен технологиялық жетілмеген агроөнеркәсіп кешені үшін маңызды. Осыған байланысты агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуда маркетингтік қызметті жетілдіруді қамтамасыз ету Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығының болашақтағы жағдайын зерттеудің ғылыми әдісі ретінде ұзақмерзімді және ортамерзімді болжамдар жасау негізінде жүзеге асуы тиіс. Сонымен қатар қазіргі таңда болжам тек болашақты болжау емес, сонымен бірге маңызды стратегиялық шешімдерді қабылдауды негіздеу болып табылады.

Аймақта ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуда маркетингтік қызметті қолдануды жетілдірудің ғылыми-негізделген қатынасын жасау үшін саланың құрлымдық саясатының маңызды бағыттарына негізделген, оның болашақтағы құрылымдық қайта құрылуын болжамдау жолдары:

- ауыл шаруашылығы құрылымдарын аймақтық мамандандыру және ірілендіру;

- ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге негізделген салалар мен өндірісті дамыту;

- қаржылық, сақтандыру инфрақұрылымдары және ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету жолымен АӨК субьектілерінің кәсіпкерлік белсенділігін арттыру;

Аймақтағы қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай мен тенденцияға қарай, агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытуда маркетингтік қызметті жетілдірудің стратегиялық бағыттарын негіздеуге әрекет жасалды.

Қазақстан аймақтарында агроөнеркәсіп кешенінде маркетингтік қызметті жетілдірудің төмендегі стратегиялық бағыттары:

- тұтынушылардың сұранысына және маркетинг саласындағы жаңалықтар мен нарықтағы өзгерістерге бейім келетін біртұтас икемді маркетинг кешенін құру, сондай-ақ, облыс, аудан көлемінде бірқатар бірыңғай кәсіпорындар мен бірлескен құрылымдардың маркетингтік қызметтері мен міндеттерін кеңейту арқылы агромаркетингтің ұйымдық құрылымдарын дамыту қажеттілігі;

- ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге негізделген, ғылымисыйымды және еңбек сыйымды салаларды (жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсіп) жедел дамыту және бұл салаларда маркетингтік басқаруды кеңінен қолдануды жетілдіру мүмкіншілігі;

- ауыл шаруашылығына инвестиция тартуды ынталандыру негізінде агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуын қамтамасыз етілуі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных