Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ештің қызметі мен дамуы.




Ф КГМУ 4/3-04/04

ИП № 6 от 14 июня 2007г.

Арағанды мемлекеттік медицина университеті

 

 

Гистология кафедрасы

 

 

Дәріс

 

 

Тақырыбы: «Ас қорыту түтігінің шырышты қабықшасының гистологиясы»

 

 

Пән: гистология-2

Модуль: Ас қорыту жүйесі

Мамандығы: 5В130100 – «Жалпы медицина»

Курс: 3

Уақыты (ұзақтығы): 1 сағ

 

 

Арағанды 2015


Гистология кафедрасының отырысында бекітілді

 

_____.__________ Хаттама №___

 

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к. __________________ Есимова Р.Ж.


Тақырыбы: «Ас қорыту түтігінің шырышты қабықшасының гистологиясы»

Мақсаты: студенттерді өңеш пен асқазанның гистофизиологиясымен таныстыру

Дәріс жоспары:

1. Өңеш.

1.1. Қызметі және дамуы.

1.2. Өңештің құрылысы.

2. Асқазан.

2.1. Асқазанның дамуы мен қызметі.

2.2. Асқазанның құрылысы.

Еш

ештің қызметі мен дамуы.

1. Моторлық-эвакуаторлық.

2. Секреторлық – тамақ түйірінің өтуін жеңілдететін шырыш өндіру.

3. Тосқауылдық-қорғаныштық.

Дамуы. Өңештің эпителиі – алдыңғы ішектің энтодермасында орналасқан прехордиальдық табақшадан, қалған қабаттары оны қоршаған мезенхимадан түзіледі. Бүкіл ұрықтық кезеңде көптеген өзгерістерге ұшырайтын өңеш эпителиінің дамуы туралы мәселе ерекше қызығушылық тудырады. Бастапқыда өңештің эпителиальдық жабуы бір қабатты призмалық эпителий түрінде болады. 4 апталық ұрықта ол екі қабатталады. Бұдан кейін эпителийдің қарқынды өсуі байқалып, ол өңеш саңылауының толық бітелуіне алып келеді. Жайыла өскен эпителий жасушалары әрі қарай ыдырауға ұшырап, өңештің саңылауы тағы да ашылады. Құрсақішілік дамудың 3-ші айына таман өңеш көп қатарлы жыбырлағыш эпителиймен жабылады. 4-ші айдан бастап жыбырлағыш жасушаларды бірте-бірте құрамында гликогені бар жазық жасушалар алмастырады. 6-шы айдан өңештің эпителиі көп қабатты жазық болады. Жаңа туған балаларда эпителийде жыбырлағыш жасушалардың аралшықтары кездесуі ықтимал. Ересектерде бұл жасушалар сирек жағдайларда тек шырышты бездердің өзектерінде ғана сақталады. Эпителийдің бір түрінің екіншісіне алмасуының себептері әлі анықталған жоқ.

Ештің құрылысы.

өңеш шырышты қабықшадан, шырыш асты негізден, бұлшық етті және адвентициальды қабықшадан тұрады. Шырышты қабықша мен шырыш асты негіз өңеште оның саңылауына орналасқан 7-10 бойлай қатпарларды түзейді.

Өңештің шырышты қабықшасы эпителиден, меншікті және бұлшық етті табақшадан құралған. Шырышты қабықшаның эпителиі көп қабатты жазық мүйізденбейтін, бірақ егде адамдарда оның үстіңгі жасушаларының мүйізденуге ұшырауы мүмкін. Эпителий қыртысының құрамында 20-25 жасушалық қабат бар. Адам өңешіндегі эпителийдің үстіңгі қабатының жазық жасушаларында кератогиалиннің аздаған мөлшері болады.

Шырышты қабықшаның меншікті табақшасы эпителийге еніп тұратын дәнекер ұлпалық бүртіктерді түзейді. Онда шырышты без өзектерінің айналасында лимфоциттердің үлкен шоғыры орналасып, тіпті жекелеген лимфа түйіндерін де құрайды. Меншікті табақшада өңештің кардиальды бездері орналасқан. Олар екі топ түрінде көрінеді.

Бездердің бірінші тобы – көмейдің сақиналы шеміршегі мен кеңірдектің 5-ші шеңберінің деңгейінде, екіншісі - өңештің төменгі бөлігінде, асқазанға ұласар жерінде қоныс тебеді. Құрылысы жағынан бұл бездер асқазанның кардиальдық бездерін еске салады (осылай аталуы да сол себепті). Бұлар - қарапайым тармақталған түтікшелі бездер.

Өңештің шырышты қабықшасының бұлшық етті табақшасы эластикалық талшықтардың торымен қоршалған жазық бұлшық ет жасушаларынан тұрады. Бұл табақша жекелеген шағын шоғырлар түрінде көмейдің сақиналы шеміршегінің деңгейінде басталып, одан әрі өңеш бойында бұл қабаттың қалыңдағы артады да, асқазан маңында 200-400 мкм-ге жетеді. Шырышты қабықшаның бұлшық етті табақшасы тамақтың өңеш арқылы өтуінде және оның ішкі қабатын қатты денелердің зақымдауынан сақтауда үлкен қызмет атқарады. Өңеш қабырғасының астың қатқыл түйірінен тітіркенуі бұлшық етті табақшаның тонусының төмендеуін тудырып, бұл шырышты қабықшаның сәйкес аймақтарының кеңеюіне әкеледі. Осылайшы, құрамында қатқыл түйірлері бар астың өтуі жеңілдейді. Өңештің шырыш асты негізі шырышты қабықшаның бұлшық ет қабықшасына қатысты алғандағы қозғалғыштығын қамтамасыз етеді. Шырышты қабықшамен бірге ол тамақты жұту кезінде жазылатын көптеген бойлық қатпарларды құрайды. Шырыш асты негізінде өңештің меншікті бездері орналасады.

Бұлшық етті қабықша борпылдық талшықты дәнекер ұлпаның қабатшасымен бөлінген ішкі айналмалы және сыртқы бойлай қабаттардан тұрады. Өңештің жоғарғы үштен бір бөлігінде бұл қабаттар жұтқыншақтың бұлшық етті ұлпасының жалғасы болып табылатын көлденең жолақты бұлшық етті ұлпа түрінде болады. Өңештің ортаңғы үштен бір бөлігінің бұлшық ет қабықшасында көлденең-жолақты да, жазық бұлшық етті ұлпа да болады. Төменгі үштен бірінде екі қабатты да тек қана тегіс бұлшық етті ұлпа түзейді. Бұл жағдай гистологиялық кесіндіде өңеш деңгейін анықтауға бағдар бере алады. Бұлшық ет қабаттары әрқашан дәл айналмалы немесе бөлек орналаса бермейді. Ішкі қабатта - спиральды (шиыршықталған) және қисық шоғырлар кездеседі, сыртқы қабаттағы жекелеген шоғырлардың орналасу да әрқилы болуы мүмкін. Бұлшық етті қабықшаның айналмалы ішкі қабатының сақиналы шеміршектің деңгейінде қалыңдауы өңештің үстіңгі сфинкттерін, ал бұл қабаттың өңештің асқазанға ұласар тұсында қалың тартуы - өңештің астыңғы сфинкттерін қалыптастырады. Өңештің бұлшық ет қабықшасының жиырылуы тамақтың өңеш бойымен асқазанға қарай жылжуына жәрдемдеседі.

Адвентициальдық қабықша бір жағынан бұлшық етті қабықшада орналасқан дәнекер ұлпаның қабатшаларымен, екінші жағынан - өңешті қоршап жатқан кеуде көкірекшесінің дәнекер ұлпасымен байланысқан. Адвентициальдық қабықшасында бойлай орналасқан тамырлар мен нервтер көп. Өңештің құрсақтық бөлігі – мезотелиден және оның астында орналасқан дәнекер ұлпадан құралған – сірі қабықшамен жабылған.

Асқазан.

Асқазанның қызметі.

1. Секреторлық Бұл – бездердің асқазан сөлін бөліп шығаруынан көрінеді. Оның құрамына пепсин, химозин, липаза ферменттері, сондай-ақ тұз қышқылы мен шырыш жатады.

2. Механикалық Асқазанның механикалық қызметі тамақты асқазан сөлімен араластырудан және қорытылған асты ұлтабарға жөнелтуінен көрінеді. Қызметті атқаруға асқазанның бұлшық еті қатысады.

3. Сіңіру Асқазан қабырғасы арқылы су, спирт, тұз, қант және сол секілді т.б. заттардың сіңірілуі жүзеге асады.

4. Экскреторлық Әсіресе бұл қызмет бүйрек аурулары кезінде айқын көрініп, асқазан қабырғасынан белок алмасудың бірқатар ақырғы өнімдері бөлінеді (аммиак, мочевина және басқалар).

5. Антианемиялық (Кастл) фактордың түзілуі Асқазанның қабырғасында тамақпен бірге түсетін В-12 витаминінің сіңірілуіне септесетін антианемиялық фактор түзіледі. Бұл фактор жоқ болса, адамда қатерлі қаназдылық дамиды.

6. Тосқауылдық-қорғаныш шырыш өндірумен анықталады.

7. Эндокриндік Асқазанның эндокриндік қызметі бірқатар биологиялық активті заттар – гастриннің, гистаминнің, сератониннің, мотилиннің, энтероглюкагонның түзілуінен көрініс табады. Бұл заттар асқазанның безді жасушалары мен ас қорыту жолының басқа да бөлімдерінің іске қосылуы мен секреторлық белсенділігіне септесуші немесе тежеуші әрекет жасайды.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных